1 БӨлім. «Есептеу жүйелері, желілері және коммуникациялары» ПӘНІ, оның мазмұНЫ


Outlook Express программасымен жұмыс істеу



бет49/62
Дата02.01.2022
өлшемі1.64 Mb.
#453858
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
СОӨЖ 14

Outlook Express программасымен жұмыс істеу. Электрондық почта мен телеконференция мəліметтері сəйкес пошталық серверде жəне жаңалықтар серверінде жинақталады. Бұл қызмет түрлерімен жұмыс істеу үшін Mіcrosoft Outlook Express (Пуск >Программы >Outlook Express) программасын қолданады.

Ол Іnternet Explorer броузерінен Сервис>Почта и новости командасы арқылы қосылады. Мəліметтер сервер арқылы қабылданып, жіберілетін болғандықтан программаға қолданылатын сервер жайлы ақпарат қажет. Бұл ақпарат тіркеу жазбасы түрінде сақталады. Outlook Express программасында тіркеу жазбасы Сервис >Учетные записи командасы арқылы құрады. «Учетные записи в Интернете» сұхбат терезесінде «Добавить» кнопкасын басып, ашылған менюден тіркеу жазбасы құрылатын қызмет түрін таңдау қажет. Жіберушінің аты түрінде көрсетілетін ат, электрондық пошта адресі, қолданылатын сервер аты, қажет болған жағдайда пароль мен қолданушының аты сияқты ақпараттар мастердің басқаруымен енгізіледі.




Электрондық почта мəліметін құру. Электрондық пошта мəліметін жіберу үшін алдымен оны құру қажет. Ол үшін құралдар тақтасындағы «Создать сообщение» кнопкасын бассаңыз жеткілікті. Осы əрекеттен соң жұмыс жасау аймағы екі бөлікке бөлінген «Создать сообщение» терезесі ашылады. Жоғарғы бөлігінде қызметші ақпарат енгізуге арналған жазба орындары орналасса, төменгі бөлікте – мəлімет мәтіні енгізіледі. «Тема» жазбасының тұсына мəлімет жайлы қысқаша тақырып жазылады. «Кому» жазбасының тұсына хатты алушының адресі енгізілсе, «Копия» жазбасының тұсына хат көшірмесін алушының адресі көрсетіледі. Егер басқа адресаттарға белгісіз хат көшірмесін жіберу қажет болса онда адрес «Скрытая» жазбасының тұсына енгізіледі (егер мұндай аймақ болмаса Вид >Все заголовки командасын беру керек). Мəліметті құру жəне түзету кезінде почталық сервермен байланыс орнатудың қажеті шамалы. Мұндай байланыс тек мəліметті жіберу (қабылдау) уақытысында ғана қажет. Outlook Express программасы мəліметті жіберу мен қабылдау бір уақытта орындалатындай етіп жасалынған. Сонымен мəліметтерді қабылдау мен жеткізу мəлімет құру терезесіндегі «Отправить» немесе Outlook Express программасының негізгі терезесіндегі «Доставить» кнопкасын басу арқылы жүзеге асырылады. Электрондық пошта мəліметтері Outlook Express программасының ішкі жүйелік бумаларында орналасады. Сізге келген мəліметтер «Входящие» бумасына түседі. Тақтадағы «Папки» таңбасын басып, оң жақтан өзіңізге келіп түскен мəліметтерді көруге болады. Егер мəліметтер арасынан кез-келгенін таңдап бассаңыз, тізімнің төменгі жағында орналасқан аймақтан мəлімет мазмұнын оқи аласыз. Мəліметті екі рет басу оны ашуға жəне жеке терезеде оқуға мүмкіндік береді. Мəліметтерге жауап қайыру. Ережеге сай кез-келген коммуникациялық құралды қолдануда сұхбат жүретіні белгілі. Электрондық поштамен жұмыс жағдайында əңгіме келіп түскен мəліметке жауап қайтару екені анық. Outlook Express программасында мұндай жауап қайтару жұмыстарын жеңілдететін құрылғылар бар. Алынған мəліметті жеке терезеде ашып құралдар тақтасындағы кнопкаларды қолдануға болады. Ответить отправителю кнопкасы хат иесіне жауап беруге арналған. Бұл жағдайда мəлімет құру терезесіндегі «Кому» жəне «Тема» аймақтары автоматты түрде толтырылып, мəлімет денесіне аталған текстің мазмұны əрбір сөйлем бойынша жауап қайтаруға жеңіл болу үшін қайта қойылады. «Ответить всем» кнопкасы хат иесіне сондай-ақ аталаған мəліметті алған қолданушылардың барлығына жауап беру үшін қолданылады.

Мəлімет құру терезесіндегі «Кому», «Копия» жəне «Тема» аймақтары автоматты түрде толтырылады. Аталмыш мəліметтегі текст мəлімет денесіне көшіріледі. «Переслать» кнопкасы алынған мəліметті басқа бір адамға жіберуге көмектеседі. Бұл жағдайда тек Тема аймағы ғана автоматты толтырылады, ал жаңа адресатты қосымша қайта енгізуге тура келеді.




Телеконференция мəліметтерін оқу. Телеконференция мəліметтерін оқу шамамен электрондық пошта қызметіне ұқсас. Тіркеу жазбасын құрғаннан соң, сəйкес сервердің «Папки» тақтасында жаңалықтар серверіне арналған таңба пайда болады. Сол таңбаны таңдағаннан соң «Подписка на группу новостей» сұхбат терезі автоматты түрде ашылады, ал программа болса аталған сервер қолдайтын телеконференциялар тізімін алады. Телеконференцияны таңдағаннан соң «Подписаться» кнопкасын басу керек. Тіркелген телеконференциялар «Папки» тақтасында бейнеледі жəне оларды пайдалануға мүмкіндік алу үшін Подписка на группу новостей сұхбат терезесін ашудың қажеті жоқ. Телеконференция мəліметтерімен жұмыс жасау электрондық почтамен жұмыс жасауға ұқсас. Мəліметтерді жеке терезеде көру барысында телеконференцияға пікір білдіруге («Ответить в группу») мəлімет иесіне жауап беруге («Ответить автору», мұнда мəлімет тек электрондық поштамен жіберіледі) немесе сол мəліметті электрондық пошта арқылы («Переслать») басқа адамға жіберуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет