Дербес компьютер архитектурасының ашықтылығы - АКТ таралуына себеп болатын басты фактор. IBM PC компьютерлерінде бастапқы кезден апгрейд мүмкіндігі (жеке бөліктерін әлдеқайда жетілгеніне алмастыру) және жаңа құрылғыларды қолдану ойластырылған. Тәуелсіз дайындалған бөліктерден компьютер жинау балалардың құрастыру ойынына ұқсас жүргізіледі. IBM PC компьютерімен түрлі құрылғыларды жалғау әдістері барлық қызығушылар үшін түсінікті және құпия мағлұмат ретінде сақталмаған. Осы құрастыру ойыны сияқты принцип ашық архитектура принципі болып табылады. Соның арқасында IBM PC компьютері үлкен жетістіктерге жетті, бірақ фирманы осы компьютерге деген монополиялықтан айырды.
«Құрастыру ойынына» компьютерлік сауаттылық тұрғысынан қаралық. Жүйелік (немесе аналық) тақшада ақпаратты өңдеуді жүзеге асыратын блоктар орналасқан. Компьютердің басқа құрылғыларын – монитор, принтер, т.б. басқаратын схемалар жеке тақшаларда (контроллерда) іске асырылған. Контроллерлер жүйелік тақшадағы стандартты ұяшықтарға – слоттарға салынады. Электронды схемаларға бір қоректендіру блогынан электроқорек жеткізіледі. Мұның бәрі бір корпус –жүйелік блокқа орналастырылған.
Бұл құрастырудың ашықтылығы сыртқы құрылғылардың контроллерлермен, сондай-ақ контроллер мен жүйелік тақшаның, т.с.с. өзара әрекетінің бүкіл ерекшеліктері барлық қолданушы үшін ашық болуында. Сондықтан тәуелсіз өндірушілер түрлі қосымша құрылғылар жасай алады, ал ол компьютер танымалдылығын күрт өсіреді.
Балалар құрастыру ойыны принципін қолдану бойынша ең жақсы жағдайда ДК қолданушылары болды. Дербес компьютерге салынған ашық архитектура принципінің қолданушыларға пайдасы мыналар:
жеке бөлшектер өндіретін фирмалардың бәсекелестігінен компьютер құнының төмендеуі;
қосымша құрылғыларды қосу және алу арқылы қолданушылар өз бетімен дербес компьютер жинай алады. Бұл жағдайда олар тек IBM PC фирмасының ғана емес, сонымен бірге басқа фирма өнімдерін таңдауға да болады.
Архитектура ашықтылығы IBM PC компьютерлерімен сәйкестенетін өнімге мамандандырылған көптеген фирмалардың пайда болуына әкелді. Бұл бағаның төмендеуіне, сапаның артуына және қолданушы таңдауының өсуіне себеп болды.
Жаңа ақпарттық технологиялар-деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы ақпаратты дайындау, өңдеу, жеткізу және өңдеу технологиясын айтады.
Жаңа инфрормациялық технологилардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық поятасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі.
Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға болады.
Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады.
Дербес компьютерлерге бағаның төмендеуі, олардың өнеркәсіптік өндіріс көлемінің басым өсуі халықтың көп бөлігінің ақпараттық технологияларға қол жеткізгенін, интернет желісінің дамуына шешуші әсер еткенін көрсетеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы – бұл дамуына көп көңіл бөлініп жатқан, Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды құрамы. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар экономиканы түбегейлі өзгертуде, Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруда аса зор рөл атқарады.
Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |