Электрондық қолтаңба. Тіпті біз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мəліметтің өзі сенімді шифрленгенімен бəрібір аталған мəліметтің өзгертілуі немесе ұрлануы мүмкін. Мұндай проблемаларды шешудің бір жолы қолданушының қабылдаушыға, жіберілген мəлімет жайлы қысқаша дерек беруі болып табылады. Аталған қысқаша деректі бақылау суммасы немесе мəлімет дерегі (дайжесті) деп атайды. Бақылау суммасы ұзақ мəліметтер жайлы деректер үшін қандай да бір резюме құруда қолданылады. Бақылау суммаларын есептеу алгоритмдері əрбір мəлімет үшін мүмкіндігінше əмбебап болатындай етіп жасалынған. Осылайша бір мəліметтің бақылау суммасының басқа мəліметтің бірдей бақылау суммасымен ауыстырылуына жол берілмейді. Дегенмен бақылау суммаларын қолдануда қабылдаушыға жеткізу проблемалары баршылық. Оны шешудің мүмкін жолдарының бірі бақылау суммасымен электрондық қолтаңба түсінігін енгізу болып табылады. Электрондық қолтаңба көмегімен мəлімет қабылдаушы қабылданған мəліметті басқа біреудің жібермегендігіне көз жеткізе алады. Электрондық қолтаңба бақылау суммасын шифрлеу мен мəлімет жіберушінің жеке кілтінің көмегімен берілген қосымша ақпараттардан құралады. Осылайша кім болса сол ашық кілтті қолдану арқылы қолды шифрлей алады, бірақ қолды тек жеке кілті бар қолданушы ғана құра алады. Ұрлаудан жəне қайта қолданудан қорғалуы үшін электрондық қолтаңба əмбебап сандардан – реттік номерлерден тұрады.