1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыбым: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту


Зерттеу жұмыстың қорытындысы төмендегідей



бет5/6
Дата27.05.2022
өлшемі142.05 Kb.
#458708
1   2   3   4   5   6
Зерттеу жұмыстың қорытындысы төмендегідей :
Оқушылардың еңбегі есепке алынып, бағаланды. оқушылардың сөйлеу мәдениеті қалыптаса бастады, көшбасшылық қасиеттері анықталды. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білді.Үшеуінің де бойында өздігінен білім ала білу ынтасы пайда болды: Б мен В деңгейлі оқушылар қазақ тілі мен әдебиеттен «Кіші ғылыми академияға» тартылып , «Қазақ ертегілері» тақырыбында жоба жаза бастады.
Кемшіліктер де орын алды: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында СТО тұрғысынан ойлауға үйрету қиындыққа түсті, өйткені олардың сөздік қоры аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды. Болашақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамытып, олардың бойында төрт параметрдің көрсеткішін жетілдіруім қажет: жекеден жалпыға, деференциялдыдын сенімділікке, интуициядан логикалыққа, бір перспективадан көптеген перспективаға. Оқушыларымның жауаптары тек сабақ барысында ғана тыңдалды Келешекте олардың үнін мектеп мұғалімдері оқушылары ести алатындай АКТ жинақтап келесі сабақтар үшін мәлімет көздеріне айналуын қарастырсам деймін. Сабақтың жарнамасы әріптестерімнің өзгеруіне өз септігін тигізссе зерттеу жұмысымның нәтижесі деп қабылдаған болар едім. Бұл көрсеткіштерді өсіру үшін: Сөйлеу мәдениетін дамыту
Өз бетінше тұжырым , қорытындыға келу қабілетін дамыту;
Проблеманы шеше білуге бейімдеу;
Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру;
Белсенділіктерін арттыру;
«Ойлау туралы ойлануға» үйрету;
Сондай-ақ зерттеу жұмысымда пайдалы дерек беретін дәлелдемелерді жинаудың төмендегі тәсілдерін ұсынғам болар едім:
1.Пән бойынша сыныпаралық жарыстың сандық, сапалық көрсеткіштері,
2. Оқушылардың сахналылық қойылымдарға қатысуына көмектесу.
3Сабақ барысында жазған шағын әңгімелер мен өлеңдер жинағын БАҚ беттеріне жариялау.
4.Сыныпта сабақ беретін басқа пән мұғалімдерімен сұхбат.
Іс-әрекетті зерттеу жобасынан алған тәжірибем менің болашақтағы іс-әрекетіме тікелей әсер ету керек
а) осы өзгерістерді енгізуді сабақ беретін басқа сыныптарымда жалғастырамын;
ә) өзгерістерді пән бірлестігінің әдістемелік кеңестерінде, шеберлік сыныптары үшін қолданамын.
Сонымен қатар іс-тәжірибемдегі өзгерістер сабақтан тыс іс-шараларда, пән олимпиадалары мен ғылыми жоба сайыстарында оқушы дайындауда жемісін береді деп ойлаймын.
Оқытудағы жаңа тәсілдерді үйренуге құлшыныс танытқан әріптестеріме үйретуге , сол арқылы қазақстандық білім беруге өз үлесімді қосуға тырысамын. Мен жаңа әдістерді пайдалана отырып, болашақта әр сабағымды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуына бағыттап түрлендіріп өткіуге тырысамын.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Сын тұрғысынан ойлау Мерсейтова А.К


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет