1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыбым: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту



бет4/6
Дата27.05.2022
өлшемі142.05 Kb.
#458708
1   2   3   4   5   6
Топпен жұмыс кезі


Сонымен қатар әрбір топ мүшелері өз міндеттерін белгілеп, топ басшыларына арнайы бағалау парағы таратылды. Мұндағы мақсаты оқушылар мұғалімнің көмегінсіз өзін өзі реттеп, басқаруды байқау. Осы сабақтың тақырыбымен таныстырғаннан кейін келесі қадамым. Оқушының бұрынғы білімі мен жаңа білімді ұштастыру мақсатында «Миға шабуыл» тәсілімен өткен сабақты пысықтадым. Содан кейін барып, Даниэль Дефо мен Робинзон Крузоның суретін интерактивті тақтадан шығарып, жазушы туралы не білетіндерін анықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қойдым. Сұраққа жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар ашты. А деңгейлі оқушым біраз мәліметтермен таныстырды,Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Оқушылардың жауаптарынан соң интерактивті тақтаның көмегін пайдалана сабақ барысында, Даниэль Дефоның басқа да шығармаларын айтуға тырысты соған байланысты өздері танысқан мәліметтермен бөлісті. Интернет желісінен алынған материалдарды тиімді пайдалану арқылы оқушының ойлауына, шығармашылық жұмыстарына еркіндік беру, оқушыларды тереңнен, салыстыра ойлануға жетелеу Мен бақылаушы ретінде бақылап отырдым. Қуантқан бір себептердің бірі зерттеп жүрген оқушыларым Б деңгейлі мен В деңгейлі оқушылар жұмыста белсенділік танытты. Сабақтың өн бойында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлаудан бұрын оқушы мәтінің мазмұнынмен толық танысып, аралдағы Робинзон өміріндегі сәтсіз кезеңдері жайлы мәліметтерді пайдалану арқылы оқушының ой өрісін дамыту тапсырмалары арқылы іске асырылды. Мұндағы мақсатым: шәкіртерімді сыни ойлауға жетелеу. Робинзонның күнделік дәптерінен «Аралдағы өмір» тақырыбына 1-топ сурет салу, 2- топқа көрініс қою, 3- топқа Робинзонға хат жазу тапсырмалар беріліп, постермен жұмыс жасап, қорғау кезінде 1-топтың оқушылары өз суреттерін төрт тақырыпшаларға бөліп, аралдағы қиялындағы өмірді жақсы бейнелеп көрсетті. Мен осы жұмыс барысында суретті Б деңгейлі оқушы бейнелеу өнеріне бейімделген талантты, дарындылық қабілетінің ерекше екенін ескере тапсырма берудегі басты мақсатым -олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады сондықтан тапсырманы оқушы қабілетін дамыту мен үшін маңызды екенін ескердім, «Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие олардың кейбірі, мәселен, ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілеттерін көрсете алуы мүмкін,ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық кқшбасшылықта көрінер» (мұғалімге арналған нұсқаулық 51-бет) бірақ В деңгейдегі оқушы дарынды оқушының көлеңкесінде қалғанын байқап, жеке сурет салып қорғауды талап етім, нәтижесінде салған суреті нашар болғанмен мәтін желісімен сөйлеуі сыни тұрғыда ойлау қабілетінің жоғарлағанын байқадым. 3-топ мүшелерінің автор орындығына отырған Робинзон Крузо рөліндегі оқушыға топтағылар журналист ретінде сұрақтар дайындап қояды. Мақсатым -. тапсырма арқылы оқушылардың өз бетінше ойлануы қандай дәрежеде екенін байқағым келсе, екіншіден әдебиет сабағында жоғарғы дәрежеде сұрақ қойып,сындарлы жауап алу. Тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушы ой қиялдау, талдау, салыстыру, себеп салдарлық байланысты айқындай тұжырым жасады. Пәнге деген қызығушылығы артып, Робинзонмен хат арқылы тілдеседі, өз ойын бүкпесіз айтуға дағдыланады. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. Шығармашылық адамның бақылағыштық қабілетін, қиялын, фантазиясын дамытады» – деген А. Рыбаковтың пікірі осыған дәлел. Сабақтың соңында топ басшыларыны таратқан бағалау парақтарын толтырып, бағаланды. Енді бағалау жүйесіне енгізген өзгерістің нәтижесін айтсам, әдеттегідей оқушының бағасын мұғалім емес, оқушының бағасын оқушының қоюы балаларға әсер етуі керек .Кейбірі шынайы болуға тырысты, кейбірі мүмкіндікті асыра пайдаланды десе де болады. бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдалану тиімді болды.
Бұл сабақ менің оқу процесінде өз шығармашылық қабілеттерін артыруыма өз үлесін қосты. Яғни оқушылар жаңа сабақтың мазмұнын мұғалімнің көмегінсіз өз беттерінше іздене отырып ашты. Әдетте, мұғалім өзі түсіндіретіндіктен сабақ барысындағы оның белсенділігімен қатар жауапкершілігі көп болатын. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, ал ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады. Іс-әрекетті зерттеу барсында өткізген келесі сабағым А. С. Пушкин «Балықшы мен балық» әдеби ертегісі (Ахмет Байтұрсыновтың аудармасы)
Сабақ барысында бірлесе топтық жұмыстар атқарады
Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, Оқушылардың сыни көзқарасы қалыптасып, өзіндік пікірін дәлелдей алу бағытында түрлі іскерлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында «Ойлану баспалдағы» стратегиясы бойынша
үй тапсырмасын тексеру, өткенді қорытындылау үшін қолдандым.«Автор орындығы» әдісін пайдалану арқылы оқушының өзіне деген сенімділігі қалыптасады, жоғарғы ойлауға, жетелейді. РАФТ стратегиясында оқушыларды тереңнен, салыстыра ойлануына жағдай жасау. Венн диаграммасы арқылы салыстырып, талдау жасай алуға үйретуді мақсат еттім. Әдеби ертегі – халық аңызының негізінде туған, авторы белгілі шығарма. АКТ көмегімен
«Балықшы мен балық» видеожазылым көрсетілді.

Мәтінмен танысу, мағыналық құрылымын талдау төмендегі тапсырмалар арқылы жүзеге асты.


(А.Байтұрсынов үлгісімен)
Бастамасы --------- Балықшының қарапайым тұрмыс кешуі
Ұсынбасы --------- Балықшы шалдың торға түскен алтын балықты босатуы
Мазмұндамасы --------- Парықсыз кемпірдің алтын балыққа тойымсыз қолқасының орындалуы
Қыздырмасы ------------- Су патшасы болуды аңсауы
Қорытпасы ---------------- Баяғы қалпындағы астау үйге оралуы
Күтілетін нәтиже: шығарманың композициялық құрылысымен танысу. Кейіпкер әрекеттерін талдау
"Т кестесі" бойынша жүргіздім
Бұл стратегияларды оқушы шығармашылық қабілеттерін шыңдап, дамыту үшін сабағымда пайдаландым. Бұрынғы бір сарынды дәстүрлі сабақтан ерекшелігі топпен бірлесіп жұмыс істеу арқылы оқушыларды сыни тұрғысыдан ойлауға үйрету әдістері тиімді шықты.
Жоспарланған сыныптағы шағын көлемді іс-әрекеттегі зерттеу барысында бірнеше сабақ өткіздім. Онымен сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатындағы тапсырмаларды қолдандыдым. Менің сабақ барысында пайдаланған ресурстарымның айтарлықтай ерекшелігі жоқ, әдетте де осындай ресурстарды қолданамын. Олардың қатарында: оқулық, қосымша теория туралы интернет желісінен алынған материалдар, слайд материалдары интерактивті тақта арқылы балаларға ұсынылады, видео материалдар, карта, суреттер, сұрақ - жауап т.б. Бұндағы өзгешелік оның орындалу формасында болды.
Сабақта оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді мүмкіндігінше пайдаландым. Мысалы, топтық жұмыс, оқыту үшін бағалау, (крийтериалды бағалау), АКТ-ның мүмкіндіктерін пайдалану (слайдтар, бейнероликтер), сұрақ-жауап, диалог әдістерін қолданудан көрініс табады (стикерлер, постерлер, флипчарттар т.б.). Сонымен қатар іс-әректті зерттеу барысында үш оқушыны зерттеу жұмыс істеу қабілетіне бақылау жүргіздім. Арасында әр түрлі пән мұғалімдерімен кездесіп , олардың басқа пәнге деген қарым қатынасын анықтадым. Үш оқушыны да белсенділікке, ұйымшылдыққа өзгертілген сабақтарға белсене қатысуына итермеледім.Оларға талап қоя отырып еңбекқорлық, қиындықты жеңе білу қасиеттерін дамытуға тырыстым. Жұмыс барысында көп көңіл бөліп, тапсырмаларды орындауын үнемі қадағаладым. Әр орындалған тапсырманың дұрыс бұрыстығына талдау жасап, формативті түрде бағаладым: мақтап, көңілін көтеріп отырдым. Үлгермеуші В деңейдегі оқушым үлгермеу себептері анықтағаннан соң , онымен жетілдіру тапсырмаларын орындаттым. Топтық жұмысты қорғау барысында оны сөйлетіп, пікірін айтуға мүмкіндік беріп отырдым. Жаңа сөзді жатқа айту кезінде де ол белсенділік танытты, қолын көтеріп жатқа айтып бере алатын болды. Жазбаша тапсырмаларды қатесіз орындап, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі болды. Топтық жұмыс барысында байқағаным , оқушының ынтасы артты, жиі қолын көтерді, жазба тапсырмаларын орындап ,тексеріп беріңіз деп алдыма келіп тұрды.
Зерттеу барысында анықтағаным: Б- деңгейлі оқушым жылдам болғандықтан, берілген тапсырманы ойланбай орындайды, нәтижесінде орта баға алады екен. Егер де ойланып, салыстырып, ізденіп отырса жақсы үлгерім көрсетер еді. Жаңа сөздерді меңгертудегі танымдық тапсырмаларды орындауда Б мен В деңгейдегі оқушының есте сақтау белсенділігі артты. Олардың ойлау қабілеттері артып, сыныпта бірінші болып орындап, дұрыс талдай бастады. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізгеннен кейін оқушылармен сабақ жайлы пікірлестім.Олардың сөздерінен сабаққа қызығушылықты байқадым. Солардың бір-екеуінен үзінді келтіруді жөн санадым «Апай сабақты түсіндірген жоқ, топтық жұмыс арқылы пікір алмасып, бір-бірімізді үйреттік, сабақты өзіміз оқып, түсіндік», «Әдетте сабақты апай түсіндіретін, Оны біреу тыңдаса, біреу тыңдамай сабақ қызықсыз өтетін. Ал бұл сабақтарда өзгешелік көп. Мұнда маған ұнағаны сені топ мүшесі, жаныңдағы құрбың,өзіңді-өзің бағалайсың. Маған әсіресе қиын соққаны- өзін-өзі бағалау, «Маған сабақтағы неге? , сен қалай ойлайсың?, деген сұрақтар ұнады. Себебі мен осындай сұрақтардан кейін басқаша ойлана бастадым» өз әсерін тигізе білді. Сабақ барысында осы оқушылардың белсенділігін арттыруда ұжымдық, өзіндік те жұмыс түрлерін жүргізіп көрдім. Әдебиет сабағында оқушыларым талдауға, жинақтауға, салыстыруға, анықтауға, нақтылауға үйренді. Өзімнің жұмысымның тиімді жақтарын анықтап, сабақ барысындағы оқушылардың ойлау қызметтерін , өз ойын жеткізе білу қабілеттерінің дамығанын анықтадым. Оқушылардың тапсырма орындау үстінде белсенділігінің қаншалықты артқандығыны көрінісі

Аты-жөні

Дәстүрлі сабақтағы жеке тапсырма орындағанда

Дәстүрлі сабақғы жалпы тапсырма орындағанда

7 модуль қамтылған сабақта жеке

7 модуль қамтылған сабақта жалпы

Мадина

жоғары

Жақсы

Жоғары

Жоғары

Ескендір

Орташа

Төмен

Жоғары

Жақсы

Жалғас

Орташа

төмен

жақсы

орташа




Сәл жоғарылайды

төмендейді

артады

артады

Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлерін қалыптастыра отырып, оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуда сын тұрғысынан ойлау модулі қолданылды. Әсіресе ең тиімді түрі постер құруда күнделікті өмірден өз білетінін қайта жаңғыртып еске түсіріп алған біліммен байланыстыра білді, өзінің кретивті идеяларымен бөлісіп жоғарғы ойлау қорғау барысында сөйлеу мәдениеті көркем әдеби тілі қалыптасып, өз ойын еркін жеткізу барысында оқушы өлең шығарып, эссе жазып,сурет салып, ән айтып әр оқушы өз бойындағы ұяңдық қасиеттерден арылып, сынып алдына шығып еркін сөйлеп, өз ойын шығармашылық тұрғыда дамытуға жетеледім деп ойлаймын. Енді мен өзімнің іс-тәжірибемде мынаны жақсартуым керек. Өзім тәжірибеге енгізген өзгерістерден сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің ішінен жоғары ойлауды қалыптастыратын тиімдірек тәсілдерді анықтап енгізуім керек. Жоғары ойлауды қалыптастыру мақсатындағы сын тұрғыдан ойлауы үшін нақты мәселені ойлап оны шешудің тиімді жолдарын іздеп оқушы шығармашылық қабілеттеріне бағыттау мақсатында жоғарғы дәрежедегі сұрақтар қарастыруым қажет.Өтетін сабаққа байланысты оқушыларға нақты ақпараттар танысып, қажетті мәліметтер алуға бағыттап,жазбаша тапсырмаларды қажеттігіне байланысты арттыру керек. көркем әдеби тілде шебер сөйлеуі мен дауыс ырғағына мән беру үшін сабақты бағалау дескрипторы мен критерийлерін қайтадан қарастыруым қажет деп санаймын Бұл үшін әріптестеріммен кеңесу де артық болмайтын сияқты. Шығармашылық тапсырмаларды түрлендіріп бердім, бірақ менің тапсырмаларым жеңіл әрі оқушылардың жоғарғы ойлауына толық қанағаттандыра алмады. Оқытудың жаңа әдісі: «сын тұрғысынан ойлау» модулінің әдісін қолданғаннан кейін мен мынандай тұжырымға келдім: шығармашылық тапсырмаларды жиі өзгерту керек, әрбір оқушы қалған барлық оқушылармен жұмыс жасай алатын және дарынды талантты оқушыларға жеке тапсырмалар дайындау керек. Оқушылар тек өз достармен ғана жұмыс жасамауы керек. Қызықты тапсырмалар беру арқылы оқушы шығармашылығын дамыта, сыни тұрғыдан ойлану арқылы оқушы жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
Әрбір оқушы тапсырманы орындау барысында шығармашылық өз қабілеттерін дамытуға бағыттау керек.
Оқушылар басқалардың да өз пікірін айту құқығын сыйлауы керек. Мұғалімдер оқушыларға шығармашылық тұрғыда дамуына бағыт бағдар беріп, қолдау көрсету оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.
Өз идеясын таныстыру кезінде үнемі қолдау көрсету керек.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс.
Нәтижесінде сынып шығармашылық қабілетті дамытуда көп іздену арқылы кедергілерді жеңе білді,бірлесіп жұмыс істеуге машықтанды бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге үйренді. Тапсырмаларды шапшан орындап отырды. Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау барысында балалардың ойлау қиялы дами түсті. Жауап бергенде бір - бірін тыңдай отырып, ой қорытуға тырысты.Топпен бірлесіп Синкуейн әдісі бойынша өлең құрды;
Үш оқушыда үй жұмысына тыңғылықты дайындала алады
Әдебиет сабағына қызығушылығы бар
-Жұмысты белгіленген уақытта орындай алады
-Жазба жұмысты дәптерге орындай алады
-Ол өзінің жасаған жұмысының мақсатын түсінеді
- Өз ойларынеркін жеткізе алды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет