1-бөлім. Жалпы ережелер


Жылына 2000 т-дан артық құрғақ майы алынған сүт және қаймағы алынбаған сүт ауыстырғыш өндіруде – 6-разряд



бет6/7
Дата03.07.2016
өлшемі0.97 Mb.
#174392
1   2   3   4   5   6   7

Жылына 2000 т-дан артық құрғақ майы алынған сүт және қаймағы алынбаған сүт ауыстырғыш өндіруде – 6-разряд.


112. Қаймағы алынбаған және қышқыл сүт өнімдерін өндіру

шебері
Параграф 1. Қаймағы алынбаған және қышқыл сүт өнімдерін өндіру

шебері, 5-разряд


438. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 10 мың тоннаға дейін пастерленген сүт, қышқыл сүт өнімдерін, сүзбе, ірімшік-сүзбе заттарын, қаймақ және басқа да өнімдер өндіру процесін жүргізу;

түсетін шикізаттың (сүт, кілегей, май және тағы баска) санын және сапасын есептеу:

шикізатты сапасына қарай өндіру түрлеріне бөлу.

майы алынған сүтті немесе кілегейді қосуды есептеу және сүтті қалпына келтіру.

өнімнің өңделетін түрлері және сүзбеге ұлтабар фермент ерітіндісі үшін өндірістік ұйытқы жасауды бақылау.

ұйытқы қажеттігін есептеу және оны сүтке немесе кілегейге қосу.

қажеттігіне қарай өндірістік ұйытқы дайындау.

сүзбе дайындауда сүт ұйыту процесінің температуралық режимін реттеу және сүзбенің қобын дайын болғанша өңдеу; сүзбені сығымдау процесін жүргізу. диеталық өнім өндіруде термостатты және суықстатты камераларда бақылау-өлшеу аспаптары бойынша ұйыту, салқындату процесінің температуралық режимін реттеу және зертханалық талдаулар бойынша диеталық өнімнің жетілуін айқындау.

ыдысқа салынған өнімді таңбалауға және оны артуға қатысу; қажетті құжаттарды ресімдеу.

сүт, кілегей, негізгі және қосалқы материалдардың, химикаттардың шығу нормасын есептеу.

439. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

сүт және өңделетін сүт өнімдерінің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері;

қаймағы алынбаған өнімдерді, сүзбе, сүзбе өнімдерін және қаймақ өндіру технологиясы;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен үлгілері, қолданылатын шикізат және қаймағы алынбаған сүт, қышқыл сүт өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын шикізат және материалдардың шығу номасы;

есептеу және есептілік жүргізу ережесі.

Салқындатылған сүтті одан әрі басқа ұйым өңдеуге жіберетін бастапқы өңдеу ұйымдарында–4-разряд.

Жылына 10 мың тоннадан артық қаймағы алынбаған сүт және қышқыл сүт өнімдерін өңдеуде –6-разряд.

113. Вакууммен орайтын машинаның машинисі
Параграф 1. Вакууммен орайтын машинаның машинисі, 4-разряд
440. Жұмыс сипаттамасы:

ірімшікті полимерлік пленкадан жасалған қапшықтарға түрлі үлгідегі вакууммен орайтын машиналарда орау.

полимерлік пленканы қабылдау, қапшықтарды кесу және дайындау немесе даяр қапшықтарды қабылдау.

ірімшікті жылумен өңдеу.

ірімшікті кептіру режимін бақылау, кептіретін орынжайды бактерицидті шамдармен сәулелендіру.

пленкамен орау үшін қабаты жеткілікті мөлшерде кептірілген ірімшіктерді іріктеу, беті ылғал ірімшіктердің оралуын болдырмау.

вакууммен орайтын машинаны жұмысқа дайындау.

қажетті вакуум жасау.

бақылау-өлшеу аспаптары бойынша орау режимін реттеу, сапалы орау мақсатында қажетінше ірімшікті сиректетуді қамтамасыз ету.

ірімшікті жетілдірудің қажетті режимін сақтау.

ораманың герметикалығын тексеру, қажетінше ірімшікті қайта орау.

441. Білуге тиіс:

ірімшікті пленкамен орау үшін вакууммен орайтын машиналардың құрылысы және қызмет көрсету ережесі, қатты ірімшік өндіру технологиясының негіздері, қатты ірімшікті жетілдірудің шарттары және температуралық режимі;

қатты ірімшіктердің дәміне және сыртқы түріне, орайтын пленканың түрлерінің сапасына қойылатын талаптар.


114. Ірімшік жуушы


Параграф 1. Ірімшік жуушы, 2-разряд
442. Жұмыс сипаттамасы:

ірімшікті контейнер стеллажына немесе стационарлық стеллаждарға қалау;

жетілдіру процесінде стеллаждардағы ірімшікті кезеңімен ауыстырып отыру;

ірімшікті бұлаула щеткамен жуу, кептіру, стеллаждар мен сөрелерді жуу.

жетілдіру процесінде ірімшікті ысқылау.

ірімшікті температуралық-ылғалдық режимі басқа камераларға ауыстыру. балқытылған ірімшік өндіруде – ұлтабар ірімшіктерді орауын ашу, парафин қабатын, зақым келген қабығын, жарықтарын, таңбалау сандарын, іріген жерлерін жою үшін ірімшікті өңдеу.

ірімшікті жуу және оны қыздырылған және ұйытылған іріткімен өңдеу.

оларды одан әрі өңдеуге жіберу.

443. Білуге тиіс:

ірімшіктің құрамы мен қасиеті, ірімшік өндіру технологиясының негіздері;

ұлтабар ірімшікті ұстау ережесі;

ұлтабар ірімшікке қойылатын талаптар.

Параграф 2. Ірімшік жуушы, 3-разряд
444. Жұмыс сипаттамасы:

ірімшікті түрлі үлгідегі машиналарда жуу және кептіру, су және ауа температурасын бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу.

ірі ірімшіктерді (швейцарлық, кеңестік және тағы баска) қолмен жуу.стеллаждарды арнайы машиналарда жуу.

қатты және ұлтабар ірімшіктерді камераларда жетілдіру процесінде ұстау.

ірі ірімшіктерді кезеңімен тұздап отыру, оларды щеткамен өңдеу.

жұмсақ ірімшіктерді жетілдіру кезінде қоймалжың заттың пайда болуын қадағалап отыру, оны сүрту, ылғал салфеткамен сүрткілеу.

қажет болғанда рокфор ірімшігінің ұштарын шаншу, көгерген жерлері көбейіп кеткенде тазалау, қоймалжыңын алып тастау, ірімшікті пергаментке немесе фольгаға орау.

тиеуден алдын ірімшіктерді жәшіктерге салу.

445. Білуге тиіс:

ірімшіктің құрамы және қасиеті, ірімшік өндіру технологиясының негіздері;

ірімшіктің түрлерін ұстап отыру ережесі;

ірімшікті жетілдірудегі шығу нормасы;

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және пайдалану ережесі;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және үлгілері, ірімшік орауға қойылатын талаптар.

115. Сүт өнімдерін пакеттерге және пленкаға құю автоматының операторы
Параграф 1. Сүт өнімдерін пакеттерге және пленкаға құю автоматының операторы, 4-разряд
446. Жұмыс сипаттамасы:

сүтті, кілегейді, қышқыл сүт және балалар сүт өнімдерін қағаз пакеттерге және полимер пленка пакеттерге құю процесін жүргізу.

пакет жасайтын және құятын бекітетін автоматтарды жұмысқа дайындау, автоматқа арнайы қабаты немесе полимер пленкасы бар қағаз таспа салу, таңбалайтын штампы орнату, сия деңгейін флаконда тексеріп отыру және оған жаңа сия құйып отыру.

сүт құбыржолын автоматқа қосу.

бос кәрзеңкелерді қабылдау, оларды автоматтың қалайтын үстеліне орнату, пакетке толтырылған кәрзеңкелерді автомат үстелінен транспортерге алу.

толтырылған пакеттер жасау және желімдеуді қадағалау.

сүт деңгейін, қыздырғыш температурасын, пакеттерге күннің дұрыс жазылуын бақылау.

447. Білуге тиіс:

пакет жасайтын және құятын бекітетін автоматтардың құрылысы және олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, сүт және сүт өнімдерінің қасиеті, қағаз пакеттерді және полимер пакеттерді желімдеу технологиясы және дайындауға жіберілетін материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

сүт өнімдерінің, қағаз немесе полимер пленканың шығу нормасы.

Параграф 2. Сүт өнімдерін автоматты өндіру желісінің операторы, 5-разряд
448. Жұмыс сипаттамасы:

берілген бағдарлама бойынша белгілі бір кезектілікте басқару пультынан қолданылатын шикізатты қабылдау, салқындату, тазалау, қалпына келтіру, сепараттау, жылумен өңдеу және сақтау процесін жүргізу.

басқару пультынан автоматты режимде сүт өнімдерін қоюлату, гомогендеу, компоненттерін араластыру, стерилдеу, кептіру, салқындату және басқа да технологияда көзделген жұмыстар процесін жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматика аспаптарын және басқару пультын жұмысқа дайындау.

технологиялық жабдықтарды бос және жұмыс режиміне шығару.

кілегейді сепараттау процесіне қажетті параметрлерді бақылау және реттеу;

сүт өнімдерін өндірудің автоматты желі жабдықтарын санитарлық өңдеу процесін берілген бағдарлама бойынша жүргізу.

зертханалық талдау деректері бойынша сүт өнімдерінің сапасын бағалау.

449. Білуге тиіс:

құрғақ және қоюлатылған сүт, құрғақ балалар сүт өнімдерін, стерилденген сүт өнімдерін өндіру технологиясы; технологиялық жабдықтардың қызмет ету қағидаттары;

сүт өнімдерін өндіру процесін автоматты басқару жүйесі құрылысы;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

электр жабдықтарын қоректендіру тәсімдері, қолданылатын шикізат және материалдардың шығу нормасы;

қолданылатын шикізат және сүт өнімдерінің сапсына қойылатын талаптар.

116. Ұйытқы өндіру операторы


Параграф 1. Ұйытқы өндіру операторы, 5-разряд
450. Жұмыс сипаттамасы:

басқару пультынан автоматты желі өндірістік ұйытқы жасау және жабдықтарды жуу процесін жүргізу. шикізатты пастерлеу және салқындату, зертханалық ұйытқыларды шикізатты ұйытуда пайдалану, ұйыту температурасын бақылау-өлшеу аспаптары бойынша және ұйытқының дайын болуын қадағалау.

ұйытқы сынамасын зертханаға бактериалдық талдауға жіберу және қышқылдығын анықтау.

өнімнің түрлерін өндіру үшін ұйытқыны қызметі бойынша жіберу.

берілген концентрацияда жуатын ерітіндіні құрастыру.

451. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;

қышқыл сүт өнімдердің, май және ірімшік микробиологиясы негіздері және оларды өндірудің технологиясы, өндірістік ұйытқы жасау жөніндегі технологиялық нұсқаулықтар және ұйытқыға қойылатын талаптар;

жуатын және дезинфекциялайтын ерітінділердің қызметі және дайындау ережесі;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі.

117. Қышқыл сүт және балалар сүт өнімдерін өндіру операторы
Параграф 1. Қышқыл сүт және балалар сүт өнімдерін өндіру

операторы, 5-разряд


452. Жұмыс сипаттамасы:

қышқыл сүт және балалар сүт өнімдерін басқару пультынан ағынды механизацияланған желілерде өндірудің технологиялық процесін жүргізу.

резервуарларды сүтке толтыру, сүтті пастерлеу және ұйыту температурасына дейін салқындату процесін автоматты түрде реттеу.

бактериалды ұйытқы, компоненттерді, сүт дәруменді концентраттардың санын есептеу формуласы бойынша айқындау және өнімнің түріне қарай сүтке құю; технологиялық нұсқаулық талаптарына сәйкес ұйыту және жетілдіру процесін, қышқылдығын және басқа да параметрлерін автоматты бақылау аспабы бойынша бақылау.

қоспаны резервуарға немесе өнімді салқындату үшін пластиналық салқындатқышқа жіберуді реттеу және құюға жіберу.

453. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

қаймағы алынбаған және майы алынған сүттің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеті;

қышқыл сүт және балалар сүт өнімдерін резервуарлық тәсілімен, бактериалдық ұйытқы, компоненттерді, сүт дәруменді концентраттарды өндіру технологиясы.

118. Казеинат және казецит ерітіндісін өндіру операторы


Параграф 1. Казеинат және казецит ерітіндісін өндіру операторы, 4-разряд
454. Жұмыс сипаттамасы:

казеинат және натрий казецит дайындау процесін жүргізу. шикізатты мөлшерлеу, қоспаларды компоненттердің берілген ара қатынасы бойынша жасау.

натрий гидро тотығы ерітінділерін немесе лимон қышқылы тұзы қоспаларын есептеу санына сәйкес салу, ерітінділерді араластыру.

казеинат немесе натрий казециті ерітінділерін рН-мер арқылы рН көлемін айқындау.

ерітінді сапасын бақылау.

казеинат немесе натрий казециті ерітінділерін қыздыру және араластыру бұлауына коллоидті диірмен арқылы жіберу.

казеинат немесе натрий казециті ерітінділері температурасын одан әрі өңдеуге жіберуден алдын қадағалау және реттеу.

жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру.

455. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

казеинат немесе натрий казециті ерітінділерін өндіру технологиясы, қолданылатын шикізаттың құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, қолданылатын шикізат және материалдардың шығу нормасы;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі.

119. Балмұздақ өндіру желісінің операторы
Параграф 1. Балмұздақ өндіру желісінің операторы, 3-разряд
456. Жұмыс сипаттамасы:

балмұздақ өндірудің технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу.

таяқша кіргізу автоматының жұмысына таяқшалар мен кассеталарды дайындау.

транспортер жәшіктерінен стандартты емес порцияларды іріктеп шығару.

механикалық ұстағыштардың ұстауын реттеу.

балмұздақты таспалы транспортерге қабылдауды, порциялардың таспалы транспортерге және орайтын машинаға дұрыс және дәл қалануын, біркелкі түсуін және глазурлеу қоспасының температурасын қадағалау.

қалған өндірістік қалдықтарды гильзаларға қабылдау және оларды жинақтау ыдысына қайта желі арқылы жіберу.

автоматты құрылғыларға вафли, конус, рожок, стакан, кассеталы таяқшалар және басқа да толтырғыштар салу.

457. Білуге тиіс:

балмұздақ өндіру желісі қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану қағидаты мен пайдалану ережесі;

балмұздақ өндіру технологиясының негіздері;

жартылай фабрикаттар мен балмұздақтың сапасына қойылатын талаптар;

балмұздақ өндірудің технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу ережесі.

Параграф 2. Балмұздақ өндіру желісінің операторы 4-разряд


458. Жұмыс сипаттамасы:

жетілдіру камерасында оралған балмұздақты жетілдіру, түрлі мөлшердегі және формадағы оралған балмұздақты автоматты орау, вафли рожоктар мен стакандарды ағынды механизацияланған және автоматты желілерде толтыру процестерін жүргізу.

анағұрлым жоғары білікті балмұздақ өндіру желісі операторының басшылығымен ағынды механизацияланған және автоматты желілерде балмұздақ өндірудің технологиялық процесін жүргізу.

жетілдірудің температуралық режимін дисплей көмегімен өлшеу.

мөлшерлеу автоматының өнімділігі және жетілдіру өнімділігі индикаторларының көрсеткіштеріне сәйкес конвейер жылдамдығын реттеу.

автоматты пневмобалғаның жұмысын және порциялардың поддондарынан бөлінуін қадағалау.

дүкенді кассеталанған таяқшалармен зарядтау және таяқшалы-қағу автоматының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

дұрыс орауды және оралған балмұздақ орауды бақылау.

жетілдіру камерасын және конвейер поддонын жылжымалы электр жуатын құрылғының және душ құрылғылы электрощетканың көмегімен санитарлық өңдеу.

459. Білуге тиіс:

балмұздақ өндіру технологиясы;

ағынды механизацияланған және автомат желілердің қызмет көрсететін жабдықтарының құрылысы;

желінің жұмыс істеу қағидаты мен ақаулықтарды жою тәсілдері, балмұздақ сапасына температуралық режимдердің әсері, жартылай фабрикаттар мен қолданылатын қосалқы материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

түрлі орау материалдардың қасиеті.

Параграф 3. Балмұздақ өндіру желісінің операторы, 5-разряд
460. Жұмыс сипаттамасы:

ағынды механизацияланған және автоматты желілерде балмұздақ өндірудің технологиялық процесін жүргізу.

бункерді балмұздақпен толтыруды, мөлшерлегіш автоматтардың жұмысын, қолданылатын қосалқы материалдардың сапасын және даяр балмұздақты стандартты емес бірліктерді іріктей отырып бақылау.

алмаспалы формалық ұштамаларды ауыстыру және қызмет көрсету.

желі жылдамдығын, балмұздақ қоспасын мөлшерлеуді, тез мұздататын камерадағы температураны реттеу.

автоматты құрылғыларға қызмет көрсету.

балмұздақтың формалау құрылғыларына, орайтын автоматтар мен жетілдіру камерасына біркелкі жіберілуін қамтамасыз ету.

порция массасын бақылау.

461. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін желілердің құрылысы мен кинематикалық тәсімдері, балмұздақ өндіру технологиясы мен оралатын өнімнің қасиеттері;

қызмет көрсетілетін жабдықты реттеу тәсілдері;

балмұздақтың сапасына қойылатын талаптар;

орау және жетілдіру процесінде балмұздақтың, жартылай фабрикаттардың және қолданылатын материалдардың шекті нормалары, жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.

120. Сүт және сүт өнімдерін бөтелкелерге құю желісінің операторы


Параграф 1. Сүт және сүт өнімдерін бөтелкелерге құю желісінің

операторы, 4-разряд


462. Жұмыс сипаттамасы:

сүт және сүт өнімдерін: айран, қатық, ацидофилин, сұйық балалар сүт өнімдерін шыны бөтелкелерге құю процесін жүргізу. жуатын, мөлшерлейтін, толтыратын, бекітетін тетіктердің жұмысын қамтамасыз ету.

сүт және сүт өнімдерін, қосалқы материалдар мен жуатын ерітінділердің шығу нормасын бақылау.

бөтелкелердің дұрыс толтырылуын және бекітілуін қадағалау.

сүт және сүт өнімдерінің сапасын нашарлататын, сүт және сүт өнімдерін бөтелкелерге құю желісінің өнімділігін төмендететін себептерді, тетіктердің жұмысындағы ақаулықтарды, шикізат және материалдардың шығу нормасын арттыратын себептерді уақытылы анықтау және жою.

жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру.

463. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы, бөтелке жуу процесінің технологиялық режимдері;

сүт және сүт өнімдерін бөтелкелерге құю және оларды бекіту процесін жүргізу ережесі;

сүт және сүт өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын шикізат және қосалқы материалдардың шығу нормасы,

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі;

сұйық сүт өнімдері мен балалар сүт өнімдерін өндіру негіздері.

121. Сүт қоймасы операторы
Параграф 1. Сүт қоймасы операторы, 4-разряд
464. Жұмыс сипаттамасы:

деңгей сигнализаторларының көмегімен сүт және кілегейдің қабылдағыш және аппараттық бөлімшеден сүт қоймасының ыдыстарына түсуін реттеу.

автоматты бақылау аспаптарының көмегімен сүттің температуралық режимін, танктердің толтырылу деңгейін бақылау.

сүтті есептеу формуласы бойынша майы алынған сүт немесе кілегеймен қалпына келтіру.

сүт және кілегейді араластыруды автоматты басқару.

сүтті одан әрі өңдеуге немесе құюға жіберуде автоматты жетекті қашықтық клапандарын басқару.

сүт және сүт өнімдерінің сапасы және санына қарай түсуін есептеу.

465. Білуге тиіс:

сүттің құрамы және физикалық-химиялық қасиеті, сүт және кілегейді сақтау режимі;

сүт құбыржолдарының тәсімі; аспаптар мен сүт қоймасын автоматтандыру құралдарының құрылысы және қолдану қағидаты және оларды басқару ережесі;

есептілік және есептеу жүргізу ережесі;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды жуу режимдері, жуатын ерітінділердің қызметі және жасау тәсілдері.

122. Салу-орау автоматының операторы
Параграф 1. Салу-орау автоматының операторы, 4-разряд
466. Жұмыс сипаттамасы:

балқытылған ірімшік массасын және балмұздақты салу-орау автоматында салу және орау процесін жүргізу. мөлшерлегіш құрылғының бункерін өнімге толтыру.

автоматқа вафли, Глазурь, таяқшалар, фольга, қағаз, этикеткалар, желім салу.

таразыда кезеңімен өлшеу жолымен мөлшерлеу дәлдігін, өнімнің және орау сапасын; таяқшалардың дұрыс жинақталуын; өнімнің еруі және глазурлеуін бақылау.

стандартты емес өнім порцияларының көлемі, салмағы, саны және сапасын іріктеу.

мөлшерлегіш бункеріне өнімнің түсуін және автоматтың барлық құрылғысының өзара іс-әрекетінің синхрондығын реттеу.

жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

автоматты іске қосу және тоқтату.

бункерді және мөлшерлегішті өнім қалдықтарынан тазарту.

жабдықтарды бөлшектеу және майлау.

467. Білуге тиіс:

орау-салу автоматтарының құрылысы;

оралатын өнімнің негізгі қасиеттері;

өнімді орау және орамын безендіру сапасына қойылатын талаптар;

мөлшерлегішті берілген көлемге, салмақ, санға реттеу ережесі;

орау процесінде өнімнің және орау материалдарының шығу нормалары;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы кемшіліктерді жою шаралары мен тәсілдері.

Жартылай орау-салу автоматында жұмыс істегенде– 3-разряд.

Параграф 2. Салу-орау автоматының операторы, 5-разряд
468. Жұмыс сипаттамасы:

сүт өнімдерін полимерлік ыдысқа салу-орау автоматында салу және орау процесін жүргізу.

мөлшерлегіш және бункерді орау-салу өнімі массасын жіберу үшін құбыржолдарды іске қосу.

автоматты фольгамен және полистироль таспамен зарядтау.

фотоэлемент фокусты автоматта бақылау белгісі бойынша фольгаға орнату.

қорапшаларды қалыптастыруды, оларды толтыру және таспа кесуді реттеу.

автомат тораптарын іске қосу және тоқтату, түсетін масса консистенциясына қарай мөлшерлегішті реттеу.

қорапшалардың салмағын және орау сапасын кезеңімен бақылау.

автомат жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

сүт өнімдерін өндірудің ағынды желісіндегі салу-орау автоматының синхронды жұмысын реттеу.

469. Білуге тиіс:

сүт өнімдерді өндіру технологиясының негіздері, даяр өнімді орауға қойылатын талаптар;

салу-орау автоматының құрылысы және қызмет көрсету ережесі;

автоматтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою ережесі;

орау материалдарының шығу нормалары.

123. Ірімшік сығымдаушы


Параграф 1. Ірімшік сығымдаушы, 3-разряд
470. Жұмыс сипаттамасы:

туннельді пневматикалық сығымдағыштан басқа түрлі құрылымдағы сығымдағыштарда ұсақ ірімшіктерді сығымдау процесін жүргізу.

формаланған ірімшіктерді формалағыш аппараттардан, іріткі бөлгіштерден немесе ірімшік бұлаулардан жіберу немесе тасымалдау. Қалыпты формаларда сығымдауда ірімшіктерді салфеткаларға немесе серпянкаларға таңбалау, орау.

сығымдауға түсетін ірімшік массасын қышқылдығына, ылғалдығына және температурасына қарай қажетті режимін айқындау.

перфорирленген металл немесе пластмасса қосындылармен формаларды құрастыру.

бақылау-өлшеу аспаптары бойынша сығымдау процесіндегі қысымды бақылау, реттеу.

ірімшікті тығыздау сипатын қадағалау.

ірімшік түрлеріне қарай технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес ұсақ ірімшіктерді қайта сығымдау.

сығымдағыштарды жұмысқа дайындау және баптау.

ірімшіктерді өлшеу, оларды тұздау бөлімшесіне жеткізу.

471. Білуге тиіс:

ұсақ ірімшіктердің құрамы мен түрлерінің қасиеті, ұсақ ірімшік өндіру технологиясы, ұсақ ірімшікті сығымдау процесіне және сапасына қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін сығымдағыштардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы;

сығымдау сапасына байланысты ұсақ ірімшікте болатын кемшіліктер.

Параграф 2. Ірімшік сығымдаушы, 4-разряд
472. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі құрылымдағы сығымдағыштарда ірі ірімшіктерді, сондай-ақ ұсақ ірімшіктерді туннельді пневматикалық сығымдағышта сығымдау процесін жүргізу.

сығымдағыштарды жұмысқа дайындау.

сығымдауға түсетін ірімшік массасын қышқылдығына, ылғалдығына, температурасына қарай сығымдау режимін айқындау.

қалған іріткі қалдықтарын алып тастау үшін ірі ірімшіктерді тесу.

технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес ірімшікті қайта сығымдау, оларды сығымнан алу және сығымдау сапасын тексеру.

сығымдағыштарды баптау.

473. Білуге тиіс:

ірі және ұсақ ірімшіктердің құрамы мен түрлерінің қасиеті;

ірі және ұсақ ірімшік өндіру технологиясы, ірімшікті сығымдау және сапасына қойылатын талаптар, сығымдау сапасына байланысты ірімшікте болатын кемшіліктер;

қызмет көрсетілетін сығымдағыштардың құрылысы және кинематикалық тәсімі;

оларды баптау тәсілдері мен ережесі.

124. Сүт өнімдерін қабылдаушы
Параграф 1. Сүт өнімдерін қабылдаушы, 3-разряд
474. Жұмыс сипаттамасы:

сүт өнімдерін қайталама шикізатты түрлі ыдыстарға қабылдау, цистерналарға, бөшкелерге және өлшенген ыдысқа құю.

тиеу құжаттарын ресімдеу.

475. Білуге тиіс:

қайталама шикізаттың негізгі физикалық-химиялық қасиеті, қабылдау және құю ережесі, сүт өнімдерінің қайталама шикізатының мемлекеттік стандарттары.

Параграф 2. Сүт өнімдерін қабылдаушы, 4-разряд


476. Жұмыс сипаттамасы:

сүт өнімдерін салмағына немесе есебіне қарай қабылдау;

сүт өнімдері жартылай фабрикаттарын немесе өнімдерді қабылдауға қойманы дайындау;

қабылдау цехындағы жабдықтардың жарамдылығын және тазалығын тексеру. өнімдерді немесе жартылай фабрикаттарды жеткізушілері, қышқылдығы, кондициясы бойынша бөлу, таразыға жіберу, құю;

цистерналарда жеткізілетін сүтті айдауға арналған жабдыққа шлангі жалғау;

өңдеуге арналған өндірістік цехтарға сүт және кілегейді жіберу. өнімді сақтау. өнімді камера бойынша орналастырылуын, оны жүктің санаты және өндіру күніне қарай топтастырылуын қадағалау;

қоймадағы температураны және ауаның ылғалдығын реттеу.

ыдыс салмағын және сүзбе, қаймақ, ірімшік, май және басқа да өнімдерді тазарту актілерін ресімдеу. өнімді экспедицияға немесе тікелей тұтынушыға жіберу;

орау және таңбалау жағдайын қадағалау;

салмағының жетпеуіне және шикізатты кондициясына жетпеуіне акті, есептілік жүргізу және актілер жасау.

477. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

сүт, кілегей, сүзбе, қаймақ және басқа да сүт өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар, орау және таңбалаудың мемлекеттік стандарттары;

сүт өнімдерін сақтау ережесі және өнім және орау түрлері бойынша қоймалау нормалары.

125. Ірімшік жасаушы
Параграф 1. Ірімшік жасаушы, 2-разряд
478. Жұмыс сипаттамасы.

сүті бар флягаларды таразыға жіберу.

сүтті қабылдау бұлауларына құю.

іріткіні қолмен алып тастай отырып ірімшік бұлауларынан іріткінің бөлігін төгу.

ірімшік бұлауларында пластының пайда болуы және кесу кезінде ірімшік массасын формаларға қалау.

ірімшік іріткісін сепараттау.

ірімшік салынған формаларды сығымдағыштарға тасымалдау, ал сығымдалған ірімшікті тұздау бөлімшесіне жіберу.

ірімшікті ұстау операцияларын жүзеге асыруда ірімшіктерді арбамен тасымалдау.

ірімшіктерді тиеуге дайындау.

жәшіктерді таңбалау.

ірімшіктерді қағазбен орау, оларды жәшіктерге салу.

479. Білуге тиіс:

сүт және ірімшіктің негізгі қасиеттері;

ірімшік өндіру технологиясының негіздері;

түрлі ірімшікті ұстаудың негізгі ережесі;

жуатын және дезинфекциялайтын құралдардың қызметі және құрамы; орау ережесі.

Параграф 2. Ірімшік жасаушы, 3-разряд
480. Жұмыс сипаттамасы:

майсыз ірімшік өндіру процессін жүргізу. бұлауларды белгіленген пропорцияда сүтпен және пахтамен толтыру.

ұйытқы, ұйытатын фермент және химикат салу.

ұйыту процесін қадағалау.

қоюлануын айқындау.

іріткіні төгу.

ірімшікті дәнде технологиялық нұсқаулыққа сәйкес тұздау.

ірімшікті формалау.

өздігінен сығымдалуды жүргізу, ірімшікті технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес сығымдау.

ірімшікті бөшкелерге формалауда – дәнді тығыздап салу, сығымдау.

ірімшікті тұздау бөлімшесіне орналастыру, ірімшікті тұздықта тұздау.

жетілдіру, орау немесе ірімшікті пленкаға орау кезінде майсыз ірімшікті ұстау.

ірімшікті аудару, ысқылау, жуу.

ірімшікті таңбалау және парафиндеу.

бөшкелерге формаланған ірімшіктің бетіне парафин қоспасын құю. өлшеу, орау, тиеуге дайындау.

481. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

майы алынған сүт, пахта және ірімшіктің құрамы мен қасиеті;

майсыз ірімшік өндіру технологиясы;

қолданылатын шикізат және ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын шикізат және материалдардың шығу нормасы.

Параграф 3. Ірімшік жасаушы, 4-разряд


482. Жұмыс сипаттамасы:

бұлауларда, ірімшік жасағыштарда майлы ірімшік өндіру процесін жүргізу. жабдықтарды жұмысқа дайындау.

бұлауларды немесе ірімшік жасағыштарды сүтке толтыру.

ұйытудан алдын қоспаның майлылығын реттеу.

ұйытқы, ұйытатын фермент ерітінділері мен химикаттарды салу, қоспаны ұйытудың қажетті температурасына жеткізу.

ұйыту процесін қадағалау.

дайын болуын айқындау. Іріткіні алып тастау, қышқыл сүт процесін реттеу, ірімшік массасын дәнде ішінара тұздау, ірімшік дәнін араластыру.

формалаудың құю тәсілімен іріткісі бар дайын дәнді формалауға жіберу.

бұлауларда ірімшікті формалауда пластының пайда болуы және сығымдау, пластыны кесуге қатысу және ірімшік массасын формаларға қолмен қалау.

ірімшіктің өздігінен сығымдалу және сығымдау процесін, оны тұздау бөлімшесіне жіберуді бақылау.

483. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, сүт және ірімшіктің құрамы және негізгі қасиеттері, шикізат өндіру технологиясы, ірімшікте болатын кемшіліктер мен олардың алдын алу әдістері;

қолданылатын бақылау-өлшеу және реттейтін аспаптардың қызметі және пайдалану ережесі;

қолданылатын шикізат және ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар.


126. Ірімшік жасаушы шебер


Параграф 1. Ірімшік жасаушы шебер, 5-разряд
484. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 300 т-ға дейін ірімшік өндіретін ірімшік өндіру процесін бұлауларда, ірімшік дайындағыштарда жүргізуді басқару.

түсетін шикізатты есептеу.

сүтті сапасына қарай сұрыптау және зертханалық талдаулар негізінде және органолептикалық тәсілмен ірімшіктің жарамдылығын айқындау.

сүтті май және ақуыз құрамына қарай қалпына келтіру және бактериалдық ұйытқы, химикат, ұйытатын ферменттің қажетті мөлшерін айқындау.

қажет болғанда бактериалдық ұйытқы дайындау.

бұлауларда, ірімшік дайындағыштарда ірімшік әнін өңдеу процесін бақылау.

формалаудан алдын ірімшік дәнінің дайындығын айқындау.

ірімшікті формалау және сығымдау процесін бақылау.

ірімшіктің белсенді қышқылдығын индикаторлық әдіспен кезеңімен тексеру.

ірімшікті өлшеу және тұздау бөлімшесіне жіберу.

жабдықтарды, формаларды, керек-жарақтарды жуу сапасын бақылау.

есептеу және есептілік жүргізу. ірімшіктің сапасын бағалауға қатысу.

485. Білуге тиіс:

сүт пен ірімшіктің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері, ірімшік өндіру технологиясы;

ірімшікте болатын кемшіліктер мен олардың алдын алу әдістері;

қолданылатын шикізат және ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар;

қолданылатын шикізат және материалдардың шығу нормалары, есептеу және есептілікті жүргізу ережесі.

Жылына 300 т-дан артық ірімшік өңдеуде – 6-разряд.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

127. Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы
Параграф 1. Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы, 4-разряд
486. Жұмыс сипаттамасы:

ірімшікті жетілдіру процесін жүргізу. сығымдаудан кейін ірімшікті қабылдау, сығымдау сапасын тексеру.

ірімшікті тұздау процесін бақылау, тұздаудың қажетті технологиялық режимді қолдау.

ірімшікті қалау, жуу, ысқылау, айналдыру, парафиндеу жөніндегі жұмыстарды, оларды пленкаға орауды басқару.

түрлі температуралық және ылғалды режимді камераларда жетілдіруді бақылау.

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес ірімшікті жетілдіру режимін реттеу.

ірімшіктің сапасын бағалауға қатысу.

ірімшіктерді тиеуден алдын жәшіктерге орауды басқару.

487. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

ірімшіктің құрамы мен негізгі қасиеттері;

өндірілетін ірімшік өндіру технологиясы, жетілдіру процесінде туындайтын ірімшікте болатын кемшіліктер;

жетілдіруде ірімшіктің шығу нормасы, ірімшіктің сапсына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Ірімшікті жетілдіру жөніндегі ірімшік жасаушы шебер, 5-разряд


488. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 300 т-ға дейін ірімшік өндіруде ірімшікті жетілдіру процесін жүргізу. ірімшікті тұздау және сақтау процесін басқару.

сығымдаудан кейін тұздау бөлімшесіне түсетін ірімшік сапасын бақылау.

ірімшік сапасын бағалау.

ірімшік партияларын тиеуге дайындау, қажетті құжаттарды ресімдеу.

қолданыстағы нормалар бойынша ірімшікті жетілдіруде шығынын айқындау.

есептеу және есептілік жүргізу.

489. Білуге тиіс:

сүт және ірімшіктің құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері, түрлі ірімшік өндіру мен жетілдіру технологиясы;

ірімшікте болатын кемшіліктер мен өндіру және жетілдіру кезінде олардың алдын алу және жою әдістері;

ірімшіктің сапасына қойылатын талаптар;

жетілдіру кезінде ірімшіктің шығу нормасы.

Жылына 300 т-дан артық ірімшік өндіруде – 6- разряд.

490. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

128. Ірімшік тұздаушы
Параграф 1. Ірімшік тұздаушы, 3-разряд
491. Жұмыс сипаттамасы:

ұсақ ұлтабар ірімшік тұздау процесін жүргізу. сығымдаудан кейін ірімшікті қабылдап алу, ірімшіктің сапасын тексеру.

тұздықты бассейндерге, контейнерлерге немесе контейнерсіз ірімшікті орналастыру.

тұздаудың технологиялық режимін сақтау.

тұздық әзірлеу, пастерлеу, салқындату, ағарту, талап етілетін температураны ұстап отыру, тұздықты концентрациялау және қышқылдау; оны циркуляциялау немесе араластыруды жүзеге асыру; тұздықты сүзгілеу.

контейнерсіз тұздауда – ірімшікті бір, екі, үш қатарға орналастыру, ірімшіктің тұздықтан шығып тұрған жерлерін серпянка, тұздық жағу.

492. Білуге тиіс:

ұсақ ірімшік өндіру және тұздау технологиясы;

ірімшіктің құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, тұздаудың сапасына байланысты болатын кемшіліктер;

олардың алдын алу және жою әдістері, тұздық әзірлеу ережесі;

ірімшікті тұздауда кететін шығын нормасы;

есептеу негіздері.

Параграф 2. Ірімшік тұздаушы, 4-разряд
492. Жұмыс сипаттамасы:

ұсақ ұлтабар ірімшік тұздау процесін жүргізу. ірімшіктің жоғарғы жағын жабық серпянкамен тұздау, ірімшіктің басын кезеңімен араластырып отыру.

тұзды ерітіндімен ірі ірімшіктердің жекелеген түрлерін жуу, араластыру, бассейндерде ірімшікті тұздағаннан кейін таза дөңгелектерге қалау және оларды кептіру.

жетілдіру процесінде ірімшіктерді тұздау, тұздау үшін щеткамен өңдеу.

тұздықтың талап етілетін параметрлерін қолдау, оны жаңарту.

493. Білуге тиіс:

ірі ірімшік өндіру және тұздау технологиясы, ірімшіктің құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері;

тұздаудың сапасына және одан әрі жетілдіруге байланысты болатын кемшіліктер;

олардың алдын алу және жою әдістері, тұздықтың технологиялық параметрлеріне қойылатын талаптар;

ірімшікті тұздауда және жетілдіруде кететін шығын нормалары;

есептеу және есептілік жүргізу ережесі.

129. Ірімшік формалаушы


Параграф 1. Ірімшік формалаушы, 2-разряд
494. Жұмыс сипаттамасы:

шұжық ірімшігін оларға тиісті форма беру және тығыз салу үшін батондарды байлау.

батондарды таяқшаларға және рамаларға ілу.

батондарды ыстауға жіберу.

шұжық ірімшігін және шпагат қабығын жұмыс орнына тасымалдау.

495. Білуге тиіс:

шұжық ірімшігін батондардың белгіленген формасына және мөлшеріне сәйкес байлау тәсілі;

шпагаттың шығын нормасы.

Параграф 2. Ірімшік формалаушы, 3-разряд
496. Жұмыс сипаттамасы:

пластылы ірімшікті формалау немесе үйінділеу процесін жүргізу.

формаларды дайындау, оларды арба үстелге орнату немесе формалайтын жерге транспортермен жіберу.

формалау аппаратын жұмысқа дайындау.

ірімшік дәнін қабылдау, біркелкі биіктіктегі пласты пайда болуы үшін оны біртегіс етіп жаю.

іріткіні алып тастау, пластыны сығымдау.

манометр бойынша қысымды бақылау және оны реттеу.

пышақ рамасымен ірімшік пластысын кесу, есікті жібергенде көлденең бағытта кесу.

пластиналарды шаю, аппаратты құрастыру.

ірімшік брусоктарын аппарат пластинасынан алу, формаларға қалау.ірімшікті үйінділеп формалауда діріл балғасын, іріткіні ажыратқышты немесе формалау жартылай автоматын дайындау.

іріткіні тартатын сорғыны іске қосу.

формаларды жекелеп немесе топтау тәсілімен таратып құю құрылғысы арқылы толтыру, жартылай автоматқа қызмет көрсетуде формаларды жіберу және түсіру.

қабыққа масса толтырудың қажетті тығыздығын сақтай отырып түрлі құрылымдағы шприцтермен ірімшік массасын формалау процесін жүргізу. балқытылған ірімшік массасын қабылдау және шприцті зарядтау. Жабдықтарды жұмысқа дайындау.

күпшектерді орнату және ауыстыру. бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қысымды және вакуум шприцтердегі зарядтың аяқталуын реттеу.

шұжық ірімшігінің батондарын байлауға жіберу.

497. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

ірімшіктің құрамы және негізгі қасиеттері, түрлі ірімшікті формалау процесінің технологиясы, формалаудың сапасына байланысты болатын ірімшіктің кемшіліктері, ірімшік массасын қабыққа толтыру сапасына және тығыздығына қойылатын талаптар;

қабық және ірімшік массасының шығу нормасы.

130. Фризерлеуші


Параграф 1. Фризерлеуші, 4-разряд
498. Жұмыс сипаттамасы:

үздіксіз істейтін фризерлерде балмұздақ қоспасын фризерлеу (ауа толтыру) процесін жүргізу. сүт құбыржолдарына сүзгі орнату.

фризерді іске қосу және оған балмұздақ қоспасын салу.

қоспаны араластыруды, фризердің және тез мұздататын аппараттардың температуралық режимін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша реттеу, балмұздақтың дайын болуын органолептикалық тәсілмен тексеру.

балмұздақтың ораудан алу аппаратына және тез мұздататын аппаратқа біркелкі жіберілуін, сондай-ақ ағын желісі автоматтарының синхронды жұмысын қамтамасыз ету.

араластырылған қоспаны гильзаларға және құлақшаларға жіберу.

балмұздақты ұсақ орау құлақшаларына, генераторлық формаларға немесе жетілдіру камераларына жіберу.

қажеттігіне қарай оралмаған балмұздақты орауға қатысу.

порциялардың салмағын бақылау.

жабдықтың жұмысындағы кемшіліктерді жою.

қызмет көрсетілетін жабдықты бөлшектеу.

есептеу және есептілік жүргізу.

499. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы;

оның жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері, балмұздақ өндіру технологиясы, балмұздақтың сапасына қойылатын талаптар;

есептеу және есептілік жүргізу ережесі.

Кезеңімен істейтін фризерлерде жұмыс істегенде 3-разряд.

Параграф 2. Фризерлеуші, 5-разряд


500. Жұмыс сипаттамасы:

басқару пульті бар алмаспалы ұштамалы (экструдер) жартылай автоматтармен және автоматты фризерлермен жарақталған ағынды механизацияланған және автоматты желілерде балмұздақ қоспасы параметрлерін автоматты түрде реттеп және ұстай отырып, фризерлеу процесін жүргізу.

өндірістік бағдарламаға сәйкес балмұздақ қоспасын реттегіштер және араластырғышы бар аралық ыдыстарды толтыру. Эталон бойынша балмұздақтың араласуын айқындау.

фуаның жіберілуін реттеу.

балмұздақты формалау құрылғыларына, орау автоматтары мен жетілдіру (тез мұздататын) камераларына біркелкі етін жіберілуін қамтамасыз ету.

электромеханикалық және электронды синхронизаторлардың көмегімен ағынды-механизацияланған және автоматты желілердің жабдықтарын синхронды жұмысын қамтамасыз ету.

фризерлерді еріту.

501. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін желілердің құрылысы және кинематикалық тәсімдері, балмұздақ өндірудің технологиялық процесі;

балмұздақ өндіру жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамасының негізгі ережесі;

электромеханикалық және электронды синхронизаторлардың, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматиканың құрылымы;

балмұздақтың араласуын айқындау ережесі.


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктік аныктамалығының

(49-шығарылым) қосымшасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет