1-бөлім. Жалпы ережелер


-бөлім. Полиграфиялық бояу өндірісі



бет2/5
Дата15.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#136381
1   2   3   4   5

3-бөлім. Полиграфиялық бояу өндірісі

9. Жаныштама пісіру аппаратшысы


Параграф 1. Жаныштама пісіру аппаратшысы 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Жаныштама массасын қазанда пісіру процессін жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау. Компоненттерді белгіленген арақатынаста бірінен соң бірін салу. Аппаратураны іске қосу және тоқтату. Өнімді вакуумдеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен температура мен қысымды реттеу. Сынама алу және оны лабораторияға тапсыру. Дайын өнімді ағызу. Оны орау және таңбалау. Білікше жасау. Шикізаттың жұмсалуын есептеу және дайын өнімді шығару. Күрделі емес есеп жасау. Жабдықты ұсақ жөндеу жұмыстарын орындау.

  1. Білуге тиіс:

жаныштама массасын жасаудың технологиялық процессі, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, шикізат пен дайын өнімнің қасиеттері, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарты және техникалық шарттары.

10. Пісіру аппаратшысы


Параграф 1. Пісіру аппаратшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Түрлі-түсті пигмент дайындау технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. Шикізат дайындау. Шикізатты реакциялық аппараттарға сорғының, қысылған ауа, вакуумның көмегімен, өздігінен ағызып немесе қолмен құю. Көтергіштерге, чанға, жинағыштарға, өлшеуіштерге, тасымалдауыштар мен басқа да технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету. Аппараттарды тазалау және майлау, механизмдерді майлау. Дайын суспензияларды сүзгіден өткізуге айдау. Жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуге тиіс:

түрлі-түсті пигмент дайындаудың технологиялық схемасы, қызмет көрсетілетін негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысы, жұмыс қағидаты және қызмет көрсету ережесі, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникация мен арматура схемасы, шикізаттар мен түрлі-түсті пигменттердің физикалық-химиялық қасиеттері.

Параграф 2. Пісіру аппаратшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Түрлі-түсті пигмент дайындау технологиялық процессін жүргізу. Суда еритін тұздарды алып тастау үшін өнімді синтездеу, қышқылдандыру, қалпына келтіру, жуу процестерін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша регламентке сәйкес белгіленген ортаның температурасын, вакуумын реттеу. Сынама алу. Күрделі емес талдауларды жүргізу;

Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері негізінде қоспаларды есептеу (химиялық формулаларды пайдалана отырып). Әр түрлі компоненттерді аппаратқа мөлшерлеп салу. Технологиялық картаға жазба жазу. Жабдықтың ақаулықтарын жою. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.



  1. Білуге тиіс:

түрлі-түсті пигмент дайындау технологиялық процессі, қолданылатын шикізаттардың физикалық-химиялық қасиеттері мен шикізат пен дайын өнімнің техникалық талаптары, сынамаларды іріктеу ережесі және талдау жүргізу әдістемесі, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен оларды пайдалану ережесі, химиялық формулаларды пайдалана отырып, есептеу әдістері, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу ережесі.

11. Индулин пісіру аппаратшысы


Параграф 1. Индулин пісіру аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Регламентке сәйкес индулин балқымасын алу процессін жүргізу. Реакторды іске қосуға дайындау. Шикізатты технологиялық картаға сәйкес дайындау, өлшеу және реакторға салу. Реактор кассасын қажетті температураға дейін қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен температураны реттеу және пісіру процессін бақылау. Сынамаларды талдау үшін іріктеу. Дайын өнімді реактордан түсіру. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық схемасы, технологиялық режим және процесті реттеу ережесі, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, шикізат, жартылай дайын өнім және дайын өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, шикізатқа қойылатын талаптар, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары.

12. Бояуды ұнтақтау аппаратшысы


Параграф 2. Бояуды ұнтақтау аппаратшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Бояу массасының бүгілу дәрежесі 10 микроннан астам пигменттер мен бояуларды ұнтақтау процессін жүргізу. Біліктердің қысылу дәрежесін реттеу, машинаны іске қосу және баптау. Пастаны білікке қолмен қалақшаның көмегімен жағу, сорғының, тельфермен, гидрокөтергішпен көмегімен тарту. Пастаны ұнтақтауды, пастаның біліктің шетінен қайталап ұнтақтауға қайта келуін бақылау. Біліктердің бетінің температуралық режимін сақтау. Сумен салқындату жүйесін бақылау. Машинаның жылдамдығын жылдам ұнтақтауға ауыстыру. Машинаның кейбір жерлерін бөлшектей отырып, жуу және тазалау. Өнімнің шығуын есептеу және техникалық шарттарға сәйкес орау.

  1. Білуге тиіс:

бояуды машинаның ұнтақтау технологиясы, әр түрлі жүйе машиналарының құрылысы, өз жұмыс орнындағы арматура мен коммуникация, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың мақсаты, бояу компоненттерінің қасиеттері, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.

Параграф 2. Бояуды ұнтақтау аппаратшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Бояу массасының бүгілу дәрежесі 10 микронға дейінгі пигменттер мен түрлі-түсті және қара бояуларды ұнтақтау процессін жүргізу. Температуралық режимді, біліктердің айналу жылдамдығын, біліктердің қысылу біркелкілігін және қырылатын баяу пастасының тұтқырлығына байланысты бояу пастасының білікте біркелкі таралуын реттеу. «Ұнтақтау дәрежесі» көрсеткіштерін аспап бойынша айқындау. Алмалы-салмалы ракельдің жай-күйін бақылау. Технологиялық картаға жазба жазу. Жабдықты жөндеуге дайындау.

  1. Білуге тиіс:

әр түрлі мақсаттағы түрлі-түсті және қара бояуларды ұнтақтау технологиясы, ұнтақтау процессін реттеу ережесі, баспа бояуларын өндіруге арналған машиналар мен аппараттардың, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың құрылысы мен жұмыс қағидаты, баспа бояуларының қасиеттері, тауарлық нөмірлеріне сәйкес олардың мақсаты.

13. Лак пісіру аппаратшысы


Параграф 1. Лак пісіру аппаратшысы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Лак алу, шайыр мен лак негізін синтездеу технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. Сұйық шикізатты қабылдау және оны реакторға салу. Қатты шикізатты жеткізу, дайындау, ұсақтау, балқыту және арту. Реакторлар мен айырғышты қыздыру және салқындату. Араластырғыштың айналу жылдамдығын реттеу. Коммуникация мен ұстау жүйесіне су мен будың берілуі. Жабдықтың, сорғы жүйесінің жұмысын тексеру;

Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен реакциялық массаның жай-күйін, негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау. Талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу. Реакторларды, айырғыштарды түс іруге дайындау. Лак негізін араластырғышқа айдау, сығып шығару. Үлгі етіп еріту, араластыру және шығару. Лакты әр түрлі құрылымды сүзгілерде сүзу. әр түрлі құрылымды аппараттарда пастаны майдалау. Шайырды формаларға, таблеткалайтын машинаға құю. Шайырды әр түрлі ыдыстарға салу және орау, қоймаға жеткізу. Шайырды формаға ұсақтау және ыдыстарға салу. Лакты құю және әр түрлі құрылымды ыдыстарға салу. Жабдықты тазалау және жуу, оның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою, жөндеуге дайындау.



  1. Білуге тиіс:

лак алу технологиялық процессінің мәні, қолданылатын шикізат пен жартылай дайын өнімнің негізгі қасиеттері, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар, сынамаларды іріктеу ережесі, бақылау-өлшеу аспаптары мен аргонолитикалық аспаптар бойынша процесті бақылау ережесі, жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі, технологиялық процесс пен тығын арматурасының схемасы.

Параграф 2. Лак пісіру аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Лак алу, шайыр мен лак негізін синтездеу технологиялық процессінің жекелеген стадияларын жүргізу. Компоненттерді реакторға, араластырғышқа салу үшін уақыты, салмағы, температурасы бойынша қатаң регламенттелген, жүйелі есептеу, мөлшерлеу. Араластырғыштың айналу жылдамдығын реттеу, реакторда, араластырғышта қысым мен вакуум қалыптастыру. Азеотропты әдіспен конденсаттау, полимерлеу, этерификаттау, переэтерификаттау, модификациялау, бейтараптандыру, жуу, еріту, кептіру, вакуумдеу-кептіру, терең айдау, термоөңдеу, сүзу, үлгі ету, ректификациялау процестерін жүргізу. Соңғы талдауды жүргізу. Процесті бақылау-өлшеу аспаптары мен талдау нәтижесі бойынша басқару тақтасынан және тікелей аппараттарда жүргізу және реттеу. Ортаның реакциясын, реакциялық массаның жай-күйін, шикізаттың сапасын талдау паспорттары бойынша және органолептикалық бақылау. Технологиялық картамен және жоспарлы температуралық кестемен танысу. Негізгі және қосымша жабдықтарға қызмет көрсету. Технологиялық картаға жазба жазу. Жабдық жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою, оны жөндеуге дайындау.

  1. Білуге тиіс:

учаскедегі өндірістің технологиялық схемасы, технологиялық режим және процесті реттеу ережесі, шикізаттың, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары, талдау жүргізу және рецептура есептеу әдістері, негізгі және қосымша жабдықтардың, тығын арматурасының құрылысы мен жұмысы және қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникация схемасы, автоматты басқару және реттеу құралдарын пайдалану ережесі.

Параграф 3. Лак пісіру аппаратшысы, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы. Лак алу, шайыр мен лак негізін синтездеу технологиялық процессін жүргізу. Қызмет көрсетілетін учаскедегі жұмысты бақылау және үйлестіру. Талдау деректері бойынша технологиялық процестің тиімді режимдерін таңдау. Жұмыс барысында регламенттелетін өлшемдерді бақылау және реттеу. Тіркеу аспаптарындағы диаграммаларды ауыстыру және өңдеу. Шикізат пен дайын өнімнің жұмсалуын есептеу. Жабдықтарды жөндеуден қабылдау. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшыларды басқару.

  2. Білуге тиіс: лак алудың технологиялық процессі және қызмет көрсетілетін учаскедегі ілеспе процестер, технологиялық режим өлшемдері мен процесті реттеу ережесі, негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және реттеу аспаптарының құрылысы мен пайдалану ережесі, арматура мен коммуникация схемасы, органикалық химия негіздері.

14. Металмен тозаңдандыру аппаратшысы


Параграф 1. Металмен тозаңдандыру аппаратшысы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Орама пленкаға алюминийді тозаңдандыру процессін жүргізу. Қашықтықтан басқарылатын вакуумдық тозаңдандыру құрылғысын іске қосу. Вакуумды қажетті деңгейге жеткізу. Пленканы орама торапқа толтыру. Алюминий сымын жіберіп тұрған механизм жылдамдығын өзгерту арқылы алюминий қабатын реттеу. Тозаңдандыру барысында отбақыр жұмысын бақылау және олар істен шыққан жағдайда ауыстыру. Негізгі және қосымша жабдықтарына, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою. Вакуум камерасын күйе мен алюминий қабатынан тазалау.

  1. Білуге тиіс:

технологиялық процесс және оның режимін реттеу ережесі, құрылғының құрылысы мен электр схемасы, құрылғының барлық тораптарының жұмыс қағидаттары, жоғары вакуум құрылғысында жұмыс істеу ережесі, сұйық азотпен жұмыс жүргізу ережесі, қыздыру құрылғыларымен жұмыс істеу ережесі, алюминий сымға, отбақыр мен пленкаға қойылатын техникалық талаптар.

15. Қоспалауыштар аппаратшысы


Параграф 1. Қоспалауыштар аппаратшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен илеу машинасында пигмент илемесін дайындау процессін жүргізу. Шикізатты машинаға рецептураға сәйкес жеткізу, өлшеу және салу. Жабдықтың жұмысын бақылау. Дайын илемдерді бояу үгітетін машиналарға жеткізу. Жабдықтарды тазалау және жөндеуге тапсыруға дайындау.

  1. Білуге тиіс:

илем дайындаудың технологиялық процессінің мәні, қолданылатын жабдықтардың құрылысы, шикізаттың негізгі қасиеттері, шикізатқа қойылатын талаптар.

Параграф 2. Қоспалауыштар аппаратшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Пигменттерге арналған илемді илеу машинасында пигмент илемесін дайындау немесе бояу алу үшін қарапайым қоспалауыш-аппараттарда пигменттік пасталарды араластыру процессін жүргізу. Шикізатты дәлме-дәл мөлшерлеу және жіберу, салу және араластыру процестерін реттеу. Компоненттердің арақатынасты бойынша қоспаның саны мен сапасын бақылау және реттеу. Талдау жүргізу үшін сынама алу. Илем машиналарына, қоспалауыштарға, мөлшерлеуіштерге, коммуникацияға, бақылау-өлшеу аспаптарына және басқа да негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету.

  1. Білуге тиіс:

илем, бояу дайындаудың технологиялық процессі, шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері, бақылау-өлшеу аспаптарының, негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысы, арматура мен коммуникация схемасы, шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттары, технологиялық режимнің өлшемдері мен процесті реттеу ережесі, сынамаларды іріктеу ережесі.

Параграф 3. Қоспалауыштар аппаратшысы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Бояуларды вакуум қоспалауыштар мен үздіксіз жұмыс істейтін бисер диірмендерде пигменттерді майдалау технологиялық процессін жүргізу (сулау және бұрын тартылған пигменттермен біркелкі араластыру). Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша илем дайындау процессін реттеу. Шикізатты жұмсау және дайын өнім шығарудың күрделі есептерін жүргізу және процесс өлшемдерін түзету. Сынама алу және пастаның майдалық дәрежесін айқындау. Диірменнің қапшығына судың берілу жылдамдығын өзгерту арқылы шығатын бояу пастасының температурасын реттеу. Пастаны қоспалауышқа айдау. Бояу алу үшін пигменттерді жылдам жүретін қоспалауыш аппараттарда араластыру процессін жүргізу. Жабдықты ұдайы бөлшектеу, тазалау, жуу, бисерді себу және салу. Жазбаны технологиялық картаға және ауысым журналына жазу. Жабдық жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық процесс ақаулықтарын пневмоэлектр сигналдық құрылғылары бойынша анықтау және жою.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың технологиялық схемасы, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика жүйесі мен құралдарының құрылысы мен конструкциясы, шикізатты есептеу және өнім шығару әдістемесі, майдалылықты және әр түрлі аспаптардағы тор қалдықтарын айқындау әдістері, процесті басқарудың компьютерлік жүйесінің тәртібі мен пайдалану ережесі, автоматика мен процесті блоктауды бақылау жүйесі, технологиялық режим және процесті реттеу ережесі.

16. Фирнис пісіру аппаратшысы


Параграф 1. Фирнис пісіру аппаратшысы, 4-разряд
69. Жұмыс сипаттамасы:

Фирнисті регламентке сәйкес синтездеу процесін жүргізу. Реакторды жүктеуге дайындау. Технологиялық картаға сәйкес шикізат реакторын дайындау, өлшеу және тиеу. Реакторларды қыздыру және салқындату. Реактордағы температураны реттеу және бақылау-өлшеу аспаптары бойынша пісіру процесіне бақылауды жүзеге асыру. Жабдықтың жұмысын, сору жүйесін тексеру. Талдау жүргізу үшін сынамаларды алу. өнімнің дайындығын анықтау және оны ағызу. Технологиялық картаға жазба жүргізу. Жабдықтың ақаулықтарын жою және оны қарапайым жөндеу. Жабдықтарды тазалау және жуу.

70. Білуге тиіс:

фирнистерді жасаудың технологиялық процесі, қолданылатын шикізат пен жартылай дайын өнімдердің негізгі қасиеттері, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану қағидалары, жабдықтардың құрылысы.

17. Шарлы диірмен аппаратшысы
Параграф 1. Шарлы диірмен аппаратшысы, 4-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:

Мерзімді әрекет ететін шарлы диірменде пигменттерді қайта ұсақтау процесін жүргізу. Технологиялық картаға сәйкес құрамдас бөліктерді өлшеу. Диірменге сұйық құрамдас бөліктерді құю. Тельфер, кранбалканың көмегімен немесе қолмен диірменнің тиеу люгіне құрғақ пигменттерді салу және оларды тиеу. Диірменнің жұмысын бақылау. Талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу. Ауа өткізгіш арқылы жиналған газды мезгіл-мезгіл шығару. Диірменді ағызуға дайындау. Ағызу люгін орнату. Дайын өнімді қоспалауышқа ағызу. Шарлы диірменді тазалау және жуу, оған шар толтыру. Технологиялық картаға жазба жүргізу.

72. Білуге тиіс:

шарлы диірменде пигменттерді қайта ұсақтаудың технологиялық процесі, қолданылатын құрамдас бөліктердің негізгі қасиеттері, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, сынамаларды іріктеу қағидалары, тиеу және түсіру коммуникацияларын пайдалану қағидалары, жабдықтардың, таразы және бақылау-өлшеу аспаптардың құрылысы.

Параграф 2. Шарлы диірмен аппаратшысы, 5-разряд
73. Жұмыс сипаттамасы:

Мерзімді әрекет ететін шарлы диірменде пигменттерді қайта ұсақтау процесін жүргізу. Технологиялық процесс өлшемдерін бақылау және реттеу. Сорғы-дозатордың көмегімен жылдам айналатын қоспалауыштан бояу пастасының шарлы диірменге дәлме-дәл мөлшерлемемен үздіксіз берілуі.шарлы диірменнен шығатын бояу пастасының температурасын реттеу. Талдау жүргізу үшін сынамаларды іріктеу және бояу пастасының қайта ұсақталу дәрежесін талдау. Дайын пастаны типке жеткізу үшін қоспалауышқа қайта айдау. Жабдықтың жұмысындағы шағын ақаулықтарды түзету. Қабырғалары мен ұсақтаушы элементтерді бөлшектеу, тазалау, тозу дәрежесін тексеру. Сүзгілерді бөлшектеу және жинақтау. Технологиялық картаға жазба жүргізу.

74. Білуге тиіс:

пигменттерді шарлы диірменде диспергтеудің технологиялық процесі, қолданылатын шикізаттар мен жартылай дайын өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттері, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, сынамаларды іріктеу қағидалары, қайта ұсақтау дәрежесін айқындау әдістемесі, жабдықтардың, таразы және бақылау-өлшеу аспаптардың құрылысы және оларды пайдалану қағидалары.

Параграф 3. Шарлы диірмен аппаратшысы, 6-разряд
75. Жұмыс сипаттамасы:

Компьютерлік жүйелермен жабдықталған, қашықтықтан басқару пульті бар технологиялық желілерде бояу өндірудің технологиялық процессін жүргізу. Механикалық тиеу жүйелерінің көмегімен сүрлем мен ыдыстарға пигменттер мен басқа да құрамдас бөліктерді тиеу. Компьютерлік жүйеге бағдарламаларды енгізу арқылы басқару пультінде технологиялық процестің тәртібі мен өлшемдерін таңдау. Пигменттер мен басқа да құрамдас бөліктерді тиеу және мөлшерлеу жүйелерінің көмегімен өлшеу және мөлшерлеу. Жергілікті (қолмен) басқару режимінде аппараттың жұмыс режимін таңдау және орнату. Барлық учаскеде технолгиялық жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау. Технологиялық желіде орнатылған диспергтеу процесін жүргізу. Негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету. Жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және пневмоэлектрлік сигналдық құрылғы арқылы технологиялық процестің бұзылуын анықтау және жою.

76. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін өндірістің технологиялық схемасы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен құрылымы, автоматика және жабдық жүйесі, шикізатты есептеу әдістемесі және өнімді шығару, процесті басқарудың компьютерлік жүйелерін пайдалану тәртібі мен қағидалары, автоматика және процесті бұғаттауды бақылау схемасы, технолгиялық режим және процесті реттеу қағидалары.

18. Бондарь-жабушы
Параграф 1. Бондарь-жабушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Химикаттары мен бояғыштары бар бөшкені ашу, дайын өнім салынған бөшкені жабу. Бөшкелерді жіберу, олардың жарамдылығын бақылау. Бұзылған бөшкелерді қоймадан жұмыс орнына жеткізу және оларды жөндеу. Технологиялық жабдықтарды – сыйымдылығы әр түрлі ағаш реакторлар мен чандарды жөндеу. Бондарьлау құралдарын жөндеу және қайрау.

  1. Білуге тиіс:

бөшкелерді ашу және жабу тәсілдері, ыдыстарға салынған өнімнің қасиеттері, бөшкелерді жөндеу ережесі, ағаш технологиялық жабдықтарды бөлшектеу, құрастыру және жөндеу тәсілдері, бондарьлау құралдарын қайрау ережесі.

19. Бағалы металдар мен люстр препараттарын жасаушы


Параграф 1. Бағалы металдар мен люстр

препараттарын жасаушы, 2-разряд





  1. Жұмыс сипаттамасы:

Бағалы металдар, люстрлер мен қаптау ерітіндісін жасау технологиялық процестерінің жекелеген операцияларын орындау. Ұнтақ алтын мен шөлмектегі родийді қолмен ысқылау. Препараттарды салуға арналған ыдыстарды сумен жуу. Ыдыстарды кептіргішке салу және оны кептіргіштен шығару. Таза ыдыстарды жұмыс орындарына жеткізу.

  1. Білуге тиіс:

бағалы металдар, люстрлер мен қаптау ерітіндісін жасау технологиялық процестерінің негіздері, шикізаттың физикалық - химиялық қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен құрылғылардың мақсаты.

Параграф 2. Бағалы металдар мен люстр

препараттарын жасаушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Спирт пен концентрацияланған алтын қалдығын алу үшін құрамында алтыны бар спирт қалдықтарын айдау технологиялық процестерін жүргізу. Шикізатты айдау аппаратына салу. Технологиялық процесті бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен көзбен шолып қарау арқылы бақылау және реттеу. Айдау аппаратын айдау қалдықтарын тазалау үшін тазарту және этил спиртімен жуу. Сұйық алтын құйылған, люстр мен қаптау ерітіндісі болған ыдыстарды хлороформа ерітіндісімен немесе содамен жуу.

  1. Білуге тиіс:

құрамында алтыны бар спирт қалдықтарын айдау технологиялық процессі, қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, айдау процессін реттеу ережесі, шикізат пен материалдардың технологиялық қасиеттері.

Параграф 3. Бағалы металдар мен люстр

препараттарын жасаушы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Құрамында бағалы металдары жоқ, алайда бағалы металдар мен люстрлер препараттарын жасау үшін қолданылатын препараттарды, жартылай өнімдер мен люстрлерді жасаудың технологиялық процестерін жүргізу. Металл резинатын жасау. Технологиялық процесс режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылау және реттеу. Алтын мен шөлмектегі родийді турбуленттік қоспалауыштардың көмегімен араластыру және шайқау. Бояғыш ерітінділерді дайындау, еріткіштерді сүзу. Темір купоросын дайындау технологиялық процессін жүргізу. Алтын ұнтағын қолмен дайындау. Вакуум құрылғысының көмегімен және электронды таразыны пайдалана отырып, сұйық алтын мен люстр препараттарын орап салу. Технолгиялық журналға жазба жазу.

  1. Білуге тиіс:

бағалы металдар мен люстрлер препараттарын жасау технологиялық процессі, жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жасалатын препараттар мен люстрлердің рецептурасы, сынамаларды іріктеу ережесі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.

Параграф 4. Бағалы металдар мен люстр

препараттарын жасаушы, 5-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Сұйық алтын, резинат, родий жасау, қалпына келтірілген алтын, металл немесе азотты қышқыл күмістен ұнтақ күміс алу технологиялық процестерін жүргізу. Құрамында алтыны бар және аралас люстр дайындау. Сынамаларды іріктеу және соңғы талдау жүргізу. Құрамында алтыны бар көп компонентті люстрлер мен бояғыш ерітінді дайындау. Қосылатын компоненттердің санын есептеу. Шикізаттың жұмсалуы мен дайын өнімді есептеу. Шарлы диірменнің көмегімен ұнтақ алтын дайындау. Біліктілігі анағұрлым төмен жасаушыларды басқару.

  1. Білуге тиіс:

сұйық алтын, люстр, родий, ұнтақ алтын мен күміс жасаудың технологиялық процессі, сұйық алтын мен күміске қойылатын техникалық шарттар, сынамаларды іріктеу ережесі және соңғы талдау жүргізу әдістемесі, сұйық алтын мен люстр препараттарының компоненттерін есептеу әдістемесі, улы химикаттармен жұмыс істеу ережесі, қыздыру аспаптарын пайдалану ережесі, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарты, бейорганикалық химия негіздері.

20. Қабылдаушы-бақылаушы


Параграф 1. Қабылдаушы-бақылаушы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Төртбұрышты таразының көмегімен түрлі-түсті суспензия, қола және алюминий қабат және пленкаға алғашқы жағылатын бояуды жағу қалыңдығын тексеру. Алтындау прессімен өрнек салу арқылы фольганың сапасын тұрақты түрде тексеру. Температуралық режимді таңдау және сақтау, алтындау прессін тазалау және майлау. Фольганы орау және сұрыптау жұмыстарын бақылау. Әрбір рулонның алғашқы 5-7 метрін тексеру арқылы сапасын тексеру. Дайын өнім салынған жәшіктерге этикетка жаздыру, фольганы күніне тапсыруға ведомость жасап, ресімдеу. Өндіру журналына келіп түскен және қоймаға тапсырылған фольганың санын жазу. Учаскедегі фольга қалдықтарын тексеру.

  1. Білуге тиіс:

фольганың барлық түрлерінің кінәраттары мен ақаулықтары және олардың пайда болу себептері, төртбұрышты таразының көмегімен және жуу арқылы фольга қабатының қалыңдығын, кез келген қаптау материалында өрнек салу арқылы фольганың сапасын, фольгамен өрнек салуға арналған температуралық режимді айқындау ережесі, жабдықтар мен аспаптардың құрылысы және оларға қызмет көрсету ережесі, фольганы сұрыптау және орау жұмыстарын жүргізу тәсілдері, ауысым жұмысшыларының өнім өндіруінің есебін жүргізу.

21. Қола жағушы машинист


Параграф 1. Қола жағушы машинист, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Калькаға қола қабатын машинамен жағу процессін жүргізу. Машинаны жұмысқа дайындау, оны баптау және реттеу, калька сапасын тексеру, кальканы машинаға салу және біліктердің кернеуінің дұрыстығын тексеру. Бу жылыту жүйесін қосу және температураны реттеу. Қола ұнтағы мен қорғаныш қабат суспензиясын салу. Қола ұнтағының қалыңдығын және машинаның жылдамдығын реттеу. Өнім сапасын бақылау. Технологиялық журналға жазба жазу. Машинаны тазалау және майлау.

  1. Білуге тиіс:

калькаға қола қабатын жағудың технологиялық процессі, шикізаттың, суспензияның, балауыз май балқымасының негізгі қасиеттері, дайын өнімнің техникалық шарттар, негіз кальканың, қола ұнтағы мен бояу суспензиясының сапасын айқындау әдістері, машина құрылысы мен оған қызмет көрсету ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

Параграф 2. Қола жағушы машинист, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Балауызданған пленка негізге қола ұнтағын жағу процессін жүргізу. Пневматикалық құрылғы мен вибратордың көмегімен қола ұнтағының автоматты түрде берілуін және негіз жаймасының бойымен біркелкі тарауын реттеу және бақылау. Электронды аспаптың көмегімен: машинаның барлық тораптарында пленка негізінің керілуін, температуралық режимді, пленка негіздің қозғалу жылдамдығын, қысу біліктерінің қысым көлемін бақылау және реттеу. Қола жағылған жартылай дайын өнімдердің сапасын бақылау. Технологиялық журналға және операциялық параққа жазба жазу. Өңделген қола ұнтағын қалпына келтіру торабында қалпына келтіру процессін жүргізу және тазартылған қола ұнтағының сапасын бақылау.

  1. Білуге тиіс:

фольга өндірісінің технологиясы, технологиялық процесті жүргізудің негізгі өлшемдері, жартылай дайын өнімнің сапасын айқындау әдістері, шикізаттың негізгі қасиеттері, машина мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және оларға қызмет көрсету ережесі, ақаулықтардың себептері және оларды жою әдістері, шикізат пен дайын өнімнің мемлекеттік стандарттары.

22. Лактау машинасының машинисі


Параграф 1. Лактау машинасының машинисі, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Ерітіндінің жеке қабатын қағаз негізге жағу технологиялық процессін жүргізу. Машинаны жұмысқа дайындау, оны баптау және реттеу. Негіз жаймасын толтыру. Ракель құрылғысын орнату. Қабат қалыңдығын, негіз жаймасының керілуін, оралуын бақылау және реттеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кептіру камераларындағы температуралық режимді реттеу. Ораманы желімдеу және жарылған жерлерін алып тастау. Дайын өнімді есепке алу. Технологиялық журналға және операциялық параққа жазба жазу. Машинаның барлық тораптарын тазалау және майлау.

  1. Білуге тиіс:

қағаз негізге әртүрлі қабаттарды жағудың технологиялық процессі, машинаның құрылысы мен оны пайдалану ережесі, процесті реттеу ережесі, дайын өнімге (немесе жартылай дайын өнімге) қойылатын талаптар, технологиялық журналға және операциялық парақ жүргізу ережесі.

Параграф 2. Лактау машинасының машинисі, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Пленка негізге ерітіндінің жеке қабатын жағу технологиялық процессін жүргізу. Құрылғының орау және жазу және пневмокөтергіш пен электротельфердің көмегімен ірі көлемді орамалардың тораптарына қызмет көрсету. Негіз жаймасын керу және кинематикалық схема мен белгіленген өлшемдер бойынша керілуін реттеу. Электронды басқару пультінің көмегімен процесс жүргізудің белгіленген режимін сақтау үшін май жылу тасымалдауышының беру жүйесіне, сорғы жүйесіне және вискозиметрге қызмет көрсету. Бақылау және талдау жүргізу үшін сынама алу. Ракель пышақтарды іріктеу және олардың дұрыс орнатылуын бақылау.

  1. Білуге тиіс:

пленка негізге әр түрі қабаттарды жағу технологиялық процессі, технологиялық процесті жүргізудің әдіс-тәсілдері, жартылай дайын өнімнің сапасын айқындау әдістері, шикізаттың негізгі қасиеттері, машинаның барлық тораптарының құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, тельфеp мен пневмокөтергішті пайдалану ережесі, ақаулықтардың себептері және оларды жою шаралары.

Параграф 3. Лактау машинасының машинисі, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Пленка негізге ерітіндінің бірнеше қабатын бір уақытта жағу технологиялық процессін жүргізу. Электронды бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты реттеуші құрылғылардың көмегімен қашықтықтан басқару пультінен технологиялық процестің жүргізілуін бақылау. Пленканың салынуын бақылау және жайманың жиегін, суспензияның автоматты мөлшерлемесін және реттеуші аспаптар мен автоматты құрылғылардың көмегімен жүзеге асырылатын машинаның барлық тораптарындағы технологиялық процесс өлшемдерін реттеу. Технологиялық процестің белгіленген режимнен ауытқуы себептерін анықтау және жою. Сорғы және қысқыш біліктерінің жұмысын және дұрыс пайдаланылуын бақылау. Технологиялық журналға және операциялық параққа жазба жазу. Біліктілігі анағұрлым төмен жасаушыларды басқару.

  1. Білуге тиіс:

ыстық өрнектеу фольгасын жасау технологиясы, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдерді операция сайын бақылау әдістері, белгіленген өлшемдерді реттеу, оларды бақылау және пайда болған бұзылушылықтарды жою әдістері, шикізаттар мен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері, автомат құрылғыларға қызмет көрсету ережесі, процесс автоматикасы мен блоктауды бақылау схемасы.

23. Қыш пигменттерді күйдіруші


Параграф 1. Қыш пигменттерді күйдіруші, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен қыш пигменттерді күйдірудің жекелеген операцияларын орындау. Пештерді пайдалануға дайындау, жанарғыны, газ аппаратурасының жұмысқа даярлығын, пеш мойнының тартпасын, жанарғының желдеткішін, капсельмен қамтамасыз етілуін тексеру. Шамот ерітіндісін дайындау және парапет пен кладка арасындағы кедір-бұдырлықты анықтау. Пешке салу және одан алу.

  1. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін пештердің мақсаты мен жұмыс қағидаты, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, шамот ерітіндісін дайындау процессі.

Параграф 2. Қыш пигменттерді күйдіруші, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес қыш пигменттерді пеште күйдіру. Пешке салу және пештен дайын өнімдерді шығаруға басшылық жасау. термиялық өңдеу режимін пайдалану және реттеу. Газ бен ауаның қажеттілігін есептеу. Пеште қажетті газ ортасы мен температураны қамтамасыз ету. Пигменттерді күйдірудің газ режимін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша және көзбен шолып реттеу. Технологиялық журналға және операциялық параққа жазба жазу. Біліктілігі анағұрлым төмен жасаушыларды басқару.

  1. Білуге тиіс:

күйдіру пештерінің құрылысы, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, қыш пигменттерді күйдіру процессі, пигменттерді күйдіру қасиеттері, пигмент шикіқұрамдарының қасиеттері, газ бен ауаны пайдалануды есептеу әдістемесі, температураны реттеу тәсілдері.

24. Сұрыптап ораушы


Параграф 1. Сұрыптап ораушы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Қағаз негізді қола фольганы станокта орау және сұрыптау. Фольганы станокқа салу, қайта орау, өтпелі, шағылысқан жарықта тексеру, бүлінген жерлерін кесу, үзілген жерлеріне белгі қою, фольганы сапалық белгілері бойынша сұрыптау, есептеуіш бойынша таспаның ұзындығын ұзына бойын метрмен өлшеп айқындау және ормадағы фольганың шаршы метрін өлшеу. Ақаулықтары анықтаған кезде ораманы қайта орау, фольганы белгіленген өлшемді беттерге тілу және оларды сапалық белгілері бойынша сұрыптау. Қола жағушы машинистеріне фольганың ақаулығы туралы ескерту. Өңдеу есебін жүргізу. Станокты тазалау және майлау.

  1. Білуге тиіс:

фольганы станокта орау және сұрыптау тәсілдері, фольганың мемлекеттік стандарттары, ақаулықтарды анықтау әдістемесі, метраж есептемесін пайдалану ережесі, ұзына бойынша және шаршы метрін есептеу әдістері, орау станогының құрылысы.

Параграф 2. Сұрыптап ораушы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

Пленка негізді қола және пигменттелген фольганы станокта орау және сұрыптау. Тельфердің көмегімен ораманы машинаға орнату. Электронды басқару пульті мен өлшеу аспаптарына қызмет көрсету. Жайманы керудің трансмиттермен жабдықталған автоматты реттеуішінің, бақылаушы құрылғының, фольганы біркелкі орау пневматикалық құрылғысының көмегімен фольганы орау мен сұрыптауды бақылау. Фольга жаймасын өтпелі жарықпен екіжақты бақылау. Ұзындығын дәлме-дәл өлшеу, жылдамдықты реттеу, фольганы жиырмай желімдеуге арналған арнайы құрал құрылғысын басқару. Фольганың қатаң белгіленген өлшемді сұрыпталған орамасын кесу машинасына тасымалдау. Сұрыпталған орамаларды партия етіп жинақтау. Технологиялық журналға және операциялық параққа жазба жазу.

  1. Білуге тиіс:

электронды басқару пультін, өлшеу аспаптары мен басқа да құрылғыларды пайдалану ережесі, тельферді пайдалану ережесі, машинаның құрылысы, фольганың физикалық-химиялық қасиеттері.

25. Препараторшы


Параграф 1. Препараторшы, 4-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Алғашқы сырлау және бояу суспензиясын, балауыз май балқымасын, флюоресцентті бояу мен грунтты дайындау процессін жүргізу, шарлы диірмендерді, вибрациялық сүзгілер мен жинағыштарды жұмысқа дайындау. Қоймадағы шикізат пен материалдарды қабылдау және жарамдылығын тексеру, өлшемдердің дұрыстығын тексеру. Шикізатты шарлы диірменге салу. Салынған компоненттерді ысқылау процессін реттеу. Суспензия дайындау кезінде диірмендерге қызмет көрсету және диірменді ұдайы шармен толықтыру. Сынамаларды іріктеу. Ысқылау процессін бақылау. Белгілі бір температура мен су салқындатқышын сақтау. Операциялық параққа жазба жазу. Өнімді шарлы диірменнен жинағыштарға жіберу. Суспензияны сүзу және спиртпен араластыру. Суспензияның тұтқырлығын вискозиметрдің көмегімен тексеру. Пигменттерді кептіргіштерде кептіру процессін жүргізу. Қола ұнтақты бояу, оны бояғаннан кейін кептіру және себу. Жабдықты тазалау және майлау.

  1. Білуге тиіс:

алғашқы сырлау және бояу суспензиясын, балауыз май балқымасын, флюоресцентті бояу мен грунтты дайындау технологиялық процессі, қолданылатын шикізаттың негізгі қасиеттері, жартылай дайын өнім мен дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар, сынамаларды іріктеу ережесі, шарлы диірменнің, пісіру қазандықтарының және басқа да қолданылатын жабдықтардың құрылысы, суспензияның тұтқырлығын айқындау әдістері.

26. Химиялық шикізатты өлшеуші


Параграф 1. Химиялық шикізатты өлшеуші, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

Қоймадан химикаттар мен бояғыштарды қабылдау. Оларды технологиялық процеске сәйкес белгіленген порциялар бойынша өлшеу. Ыдысқа салу, таңбалау. Қоймалар мен сақтау орындарындағы сұйықтықты өлшеу. Химикаттар мен бояғыштарды сорттары мен партиясы бойынша сұрыптау. Шикізатты физикалық салмаққа қайта есептеу. Химиялық шикізаттың дұрыс сақталуын бақылау, талаптарды ресімдеу. Алынатын және шығарылатын шикізатты есепке алу. Электр тиегіштің көмегімен шикізатты тасымалдау. Электр тиегішке қызмет көрсету.

  1. Білуге тиіс:

өлшеу тәсілдері, таразының құрылысы мен оған қызмет көрсету ережесі, химиялық шикізатты есепке алу нұсқаулығы және оны сақтау ережесі, өндірісте қолданылатын химикаттардың негізгі қасиеттері және олармен жұмыс істеу ережесі, электр тиегішке қызмет көрсету нұсқаулығы, шикізатты физикалық салмаққа қайта есептеу әдістемесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет