1-бөлім. Жалпы ережелер



бет2/16
Дата25.02.2016
өлшемі1.16 Mb.
#21752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

  • қозғалтқыштар, жоғары қысымды бұйымдар мен агрегаттардың пневмо- және гидрожүйелері - ақауын анықтау;

  • детандерлер, турбомуфтілер, дб-70, дв-40типті дискілі литрометрлер, тахометрлер, термометрлер, манометрлер, спидометрлер - ақауын анықтау;

  • 37 АЗП типті бұйымдар, 85 мм зенит зеңбірек, КС-19, КС-30, С-60 – құрастырылған күйінде ақауын анықтау;

  • 2П16, 2П26, 8У218, 2В30, 8Г315, 8Г113, 8Г140, ГВ32, СМ-63-П типті бұйымдар - құрастырылған күйінде ақауын анықтау;

  • ЭСП-57 типті бұйымдар - ақауын анықтау;

  • жоғарғы және төменгі картерлер, цилиндр блоктары, иінді білік, цилиндр сүргілер - ақауын анықтау;

  • танкілер мен САУ корпустары, мұнараны бұру механизмдері, гитаралар, бекіткіштер, компрессорлар - ақауын анықтау;

    9) көздеу механизмі, ПУО - ақауын анықтау;

    10) бронекорпустардың артқы мосты – ось сәйкестігін тексеру;

    11) борттық және негізгі берілістер, берілісті ауыстыру қораптары, борттық редукторлар, танкілер мен САУ пневмотежегіштерінің және олардың негізінде құрылған машиналардың компрессорлары - ақауын анықтау;

    12) көлденең берілістер мен агрегаттың берілістері - ақауын анықтау;

    13) КС-19 типті зенит құрылғысының шолып бақылаушы жетегі (қашықтықтан, гидравликалық) - ақауын анықтау;

    14) қысым реттегіштері, рөлді машиналар, ТНА жану камералары, редукторлар, жоғары қысымды баллондар мен ыдыстар - ақауын анықтау;

    15) әскери және арнайы машиналардың гидравликалық жүйесі-ақауын анықтау;

    16) деңгейді бақылаудың сигнализация жүйесі-күрделі тораптардың ақауын анықтау;

    17) бақылаушы электрогидравликалық жүйелер- құрастырылған күйінде ақауын анықтау;

    18) басқару механизмдері бар планетарлық трансмиссиялар, қару-жарақтың жылжытпайтын құрылғысы - ақауын анықтау;

    19) қозғалтқыштың астындағы іргетас және берілісті ауыстыру қорабының тіреуіші - ақауын анықтау.

    11. Бөлшектер мен бұйымдардың ақауын анықтаушы, 6-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    арнайы құралдарды, аспаптар мен стенділерді пайдалана отырып, арнайы мақсаттағы зымыран қару-жарақтарының аса күрделі және негізгі тораптарының, аспаптары мен агрегаттарының техникалық жай-күйін анықтау. Қолдану алдында бақылау құралдарын, аспаптар мен стенділерді баптау және реттеу.

    1. Білуге тиіс:

    зымыран қару-жарақтарының мақсаты мен құрылысы, қару-жарақтың ақаулығына қойылатын техникалық шарттары және стенділердегі тексерілетін бұйымдардың өлшемдері, қару-жарақтар мен аспаптардың анағұрлым үлгі ақаулықтары, олардың пайда болу себептері мен оларды анықтау әдістері, ақаулығын анықтау кезінде қолданылатын құралдардың, аспаптар мен стенділердің құрылысы.

    1. Жұмыс үлгілері:

    тұрақтандырғышты күшейту және интеграторлардың блоктары, статистикалық түрлендіргіштер-арнайы стенділерде шығу параметрлерін өлшей отырып ақауын анықтау.

    Радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың ақауын анықтаушы


    12. Радиоэлектрондық аппаратура мен

    аспаптардың ақауын анықтаушы, 2-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күрделі емес бөлшектердің, тораптардың, блок аралық кабельдер мен радиоблоктардың жгуттарының, тығыздаудың жоғары жиілікті аппаратурасының, телефон және телеграф коммутаторларының және концентраторлардың, телефондардың, абоненттік аппаратураның, сихронды және стартстоп телеграф аппаратының техникалық жай-күйін сырттай бақылау және күрделі емесе бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптары мен шаблондарын пайдалана отырып анықтау. Сымды, жгутты, бөлшектерді балқыту. Ақаулығы анықталатын бөлшектер мен тораптардың құжаттамасын ресімдеу.

    1. Білуге тиіс:

    орындалатын жұмыс көлемінде электротехника және радиотехника туралы мәліметтер, байланыс аппаратурасында қолданылатын бөлшектердің атауы, мақсаты мен құрылысы, олардың схемадағы көрінісі, ақаулығы анықталатын бөлшектер, тораптар мен бұйымдардың техникалық шарттары, аппаратурадағы бөлшектерді, сымдар мен кабельді таңбалау, күрделі емес монтаждау схемасы мен сызбасы, ақаулығын анықтаудан кейін бөлшектер мен тораптарды салу және сақтау тәртібі, ақауын анықтаудың құжаттамасын ресімдеу.

    1. Жұмыс үлгілері:

        1. телефон гарнитурлары - ақауын анықтау;

        2. сымдарының саны 30 дейінгі жгуттар - ақауын анықтау;

        3. телефон аппараттарының индукторы - ақауын анықтау;

        4. сымдарының саны 6 дейінгі кабельдер - ақауын анықтау;

        5. телеграф аппараттарының клавиатурасы - ақауын анықтау;

        6. лампалық панельдер, ауыспалы қалыптар, сақтандырғыштар-ақауын анықтау;

        7. микрофондар - ақауын анықтау;

        8. номер басқыштар - ақауын анықтау;

        9. галет ауыстырып қосқыштар, радио станцияларын ауыстырып қосқыштар және ТПУ – дәлме-дәл бекітілуін тексеру;

        10. коммутаторлық баулар - ақауын анықтау;

        11. ауыспалы кедергілер - ақауын анықтау;

        12. сүзгілер, алдыңғы панельдер - ақауын анықтау;

        13. синхрондық және стартстоптық аппараттардың қоректендіргіш тізбектері -соғу;

        14. әр түрлі жәшіктер - ақауын анықтау.

    13. Радиоэлектрондық аппаратура мен

    аспаптардың ақауын анықтаушы, 3-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күрделігі орташа радиоаппаратураның бөлшектері мен тораптарының техникалық жай-күйін анықтау. Күрделігі орташа тораптардың, тығыздатудың күрделі емес блоктардың және жоғары жиілікті аппаратураның панелінің, телефон және телеграф коммутаторлары мен концентраторлардың, сондай-ақ жалпы телефон абоненттік аппаратурасының техникалық жай-күйін күрделігі орташа электр өлшеу аспаптарын пайдалана отырып және стенділерде тексеру арқылы анықтау. Тізбектердің кедергісін және олардың оқшаулануын тексеру. Фототелеграф аппараттардың бөлшектерінің және синхронды және стартостоп аппараттардың тораптарының ақауын анықтау. Арнайы аппаратуралардағы және арнайы стенділердегі кабельді тексеру.

    1. Білуге тиіс:

    ақаулығы анықталатын бөлшектер мен бұйымдардың құрылысы, жұмыс қағидаты және мақсаты, ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары, орындалатын жұмыс көлемінде электротехника және радиотехника негіздері, блоктар мен панельді бөлшектеу технологиясы, электрорадиоөлшемдер туралы жалпы мәліметтер, күрделігі орташа аппаратуралардың монтаждау және қағидаттық схемасы, электр өлшеу және радио өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

    1. Жұмыс үлгілері:

        1. сыйымдылығы 30 - 40 нөмір коммутаторлардың бау блоктары - ақауын анықтау;

        2. блоки питания радиостанциялардың қоректендіргіш блоктары, умформерлер, антенналық құрылғылар - ақауын анықтау;

        3. сымдарының саны 30 астам жгуттар - ақауын анықтау;

        4. сымдарының саны 6 астам кабельдер - ақауын анықтау;

        5. айнымалы ыдыс конденсаторлары - тексеру;

        6. стартстоп аппараттарының жинау және іріктеу бас біліктерінің механизмдері - ақауын анықтау;

        7. бөлгіш сақтандырғыштардың платалары - ақауын анықтау;

        8. реттеуіштері жоқ радиоблоктар - электрлік қосу арқылы тексеру, сипаттамасын алу;

        9. радиолампалар, антенналар - ақауын анықтау;

        10. штепсель ажырамалары, электр қораптар - ақауын анықтау;

        11. полярланған және электромагниттік релелер - ақауын анықтау;

        12. кнопкалы станциялар және штепсель ажырамалар- ақауын анықтау;

        13. ток айналдырғыштар - ақауын анықтау.

    14. Радиоэлектрондық аппаратура мен

    аспаптардың ақауын анықтаушы, 4-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күрделі тораптардың, блоктар мен нығыздаудың жоғары жиілікті аппаратурасының күрделігі орташа панельдерінің техникалық жай-күйін анықтау. Бір арналы және көп арналы (6 арнаға дейін) радиостанциялардың, тығыздату аппаратураның, телефон және телеграф коммутаторлары мен жалпы концентраторлардың техникалық жай-күйін ақаулығын анықтау кезінде күрделі электр және радио өлшеу аспаптарын пайдалана отырып анықтау. Күрделігі орташа фототелеграф аппараттардың тораптарының, жалпы синхронды және стартостоп аппараттардың тораптарының техникалық жай-күйін анықтау. Арнайы аппаратуралардағы және арнайы стенділерде немесе құрастыру-бөлшектеу схемасын қолдана отырып, электр және радио өлшеу аспаптарын тексеру және реттеу. аппаратураның техникалық жағдайының актісін және оны жөндеу жұмыстарының көлемі ведомосін жасау.

    1. Білуге тиіс:

    күрделілігі орташа қашықтықтағы байланыс, телефондық-телеграф және радиостанция аппаратурасының схемасы, құрылысы мен жұмыс қағидаты, аппаратураны және радиостанцияның ақаулығын анықтаудың техникалық шарттары, техникалық жағдайының актісін жасау ережесі, орындалатын жұмыс көлемінде импульстік техника негіздері, күрделі тораптардың, блоктар мен панельдердің сызбалары мен схемасы.

    1. Жұмыс үлгілері:

        1. стартстоп аппараттар – бұзылу себептерін тексеру;

        2. ТПУ аппараты - ақауын анықтау;

        3. демодуляторлар - ақауын анықтау;

        4. жоғары жиілікті кабельдер - ақауын анықтау;

        5. коммутаторы и концентраторы – нормадан артық енгізілетін сөну себептерін анықтау;

        6. өлшеу платалары - ақауын анықтау;

    7) радио өлшеу аспаптары (ЗГ-1, ЗГ-10, ЗГ-12 генератор типті дыбыстық, ВТК-10 шағын дәлдікті толқын өлшеуіштер, УМ-2 әмбебап мосттар, ВВС-1, ВУС-1, ВСА-5 барлық типті түзеткіштер) - электрлік іске қосу, сипаттамасын алу арқылы ақауын анықтау;

    8) синхрондық аппараттардың қабылдағыштары - ақауын анықтау;

    9) реттелетін радиоблоктар-электрлік іске қосу, сипаттамасын алу арқылы ақауын анықтау;

    10) дифференциалдық жүйе - ақауын анықтау;

    11) синхрондық аппараттар автоматикасының трансмиттерлері - ақауын анықтау;

    12) фототелеграф аппараттарының синхронизациялау тораптары - ақауын анықтау;

    13) өткізу және қабылдаудың төмен жиілігін күшейткіш- ақауын анықтау;

    14) сөйлесі-шақыру құрылғысы - ақауын анықтау.

    15. Радиоэлектрондық аппаратура мен

    аспаптардың ақауын анықтаушы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күрделі және аса күрделі радиоблоктардың, радиоөлшеу аспаптарының, нығыздаудың жоғары жиілікті аппаратураның блоктары мен панельдерінің техникалық жай-күйін күрделі радио өлшеу аппаратурасын және арнайы өлшеу аспаптары мен құрастыру-бөлшектеу схемасын пайдалану арқылы анықтау. Көп арналы (6 арнадан астам) нығыздау аппаратурасының және жалпы фототелеграфтық аппаратураның техникалық жай-күйін анықтау. Өткізгіш байланыс торабы кешенінің ақауын анықтау. Ақаулығы анықталатын аппаратураның тозу және ақаулықтардың пайда болу себептерін айқындау.

    1. Білуге тиіс:

    радиолокация негіздері, радиолокациялық станциялардың жекелеген жүйелерінің, сұрату аппаратурасы мен кедергілерден қорғау аппаратурасының құрылысы мен жұмысы, күрделі телефон-телеграф аппаратурасының және қашықтықтағы байланыс аппаратурасының схемасы, құрылысы мен құрылымдық ерекшеліктері, төмен жиілікті және жоғары жиілікті сүзгілерді баптау және кесте бойынша есептеу, тығыздаудың көп арналы аппаратурасының техникалық шарттары жалпы өткізгіш сымның тораптары, аппаратуралардың күрделі кешенінің сызбалары мен схемалары.

    1. Жұмыс үлгілері:

        1. фототелеграф аппараты - ақауын анықтау;

        2. жетекші жиіліктің генераторы - ақауын анықтау;

        3. 100 нөмірге дейінгі коммутаторлар - ақауын анықтау;

        4. нығыздау аппаратурасының модуляторы - ақауын анықтау;

        5. бақылау жиілігінің платасы - ақауын анықтау;

        6. радиоөлшеу аспаптары (25И, 26И, 28И, ИО-4), орта дәлдікті толқын өлшеуіш (ВСТ-10), жиілік өлшеуіш (ИЧ-5), радиолампаларды сынаушы (ИЛ-12, ИЛ-13, ИЛ-14), үлкен қуатты өлшеуіштер (ИБМ), импульстық қуатты өлшеуіштер (ИИМ-1), лампалық вольтметрлер (ЛВ-9, ВКС-7Б, ВЛУ-2, ВИН-1), стандарт сигналдарының генераторы (ГСС-6, ГСС-7, ГСС-17), жиілік калибраторлары (КЧ-1, КЧ-2), екінші және бірінші жиілік эталоны (ПЧИУ) – электрді қосу және сипаттамасы налу арқылы ақауын анықтау;

        7. тон тудыру қабылдауыштары - ақауын анықтау;

        8. деңгейді автоматты реттеу жүйесі - ақауын анықтау;

        9. сүзгілер - ақауын анықтау.

    Оқ-дәрі сынаушы


    16. Оқ-дәрі сынаушы, 2-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    стенділік жабдықты құрастыру, бөлшектеу және стендке орнату жөніндегі бригададағы жұмыс. Стенділік агрегаттардың бөлшектерін бейтараптандыру, оларды сынаудан кейін тазалау. Біліктілігі анағұрлым жоғары сынаушының басшылығымен күрделі емес тораптарды құрастыру және сынау.

    1. Білуге тиіс:

    стенділік агрегаттар мен құрылғыларды бөлшектеудің негізгі ережесі, стенділік жабдықты жуу, тазалау ережесі, жабдықты тазалау кезінде қолданылатын материалдар мен заттар және оларды пайдалану ережесі.

    17. Оқ-дәрі сынаушы, 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    бұйымдарды құрастыру, бөлшектеу, тасымалдау және стендке орнату, біліктілігі анағұрлым жоғары сынаушының басшылығымен күрделі тораптарды құрастыру және сынау. Стендтен алу, бөлшектеу, бұйымды толық бейтараптандыру. Орнында өлшеп алып стандарт емес жабдықты жасау. қызмет көрсетілетін жайдағы температура мен ылғалды бақылау. Сөндіру камерасына су жіберу. Кабельдің электр ажырамаларын тұрақты түрде жуу. Датчиктерге, преске, датчиктерді баламалауға арналған манометрге май құю.

    1. Білуге тиіс:

    стенділік жабдықты құрастыру, бөлшектеу және стендке орнатудың негізгі ережесі, жанармайдың негізгі қасиеттері, стенділік жабдықтың құрылысы және оны пайдалану ережесі, еріту жабдығының тораптары мен механизмдерін бөлшектеудің, жөндеу мен құрастырудың технологиялық процессі, сынақ жүргізу жөніндегі нұсқаулық, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен пайдалану ережесі.

    18. Оқ-дәрі сынаушы, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    сынау аппаратурасын, жабдықты, стенділерді, пульттер мен құралдарды сынақ жүргізуге дайындау. Аспаптарды белгіленген бағдарлама бойынша тексеру. Іске қосу құрылғыларындағы айлабұйымдарды жөндеу, монтаждау және демонтаждау. Бұйымдарды тасымалдау және стендке орнату. Сынақ жүргізу үшін сөндіру камерасын орнату. Баллистикалық маятник дайындау. Көлденең айналмалы стендке қызмет көрсету. Ауа, газ, гидравликалық жүйелер мен ыдыстарды дайындау және оларға қызмет көрсету. Электр тізбектердің кедергісін және толық және бос бұйымдардың берік оқшаулануын өлшеу аппаратурасы мен аспаптардың көмегімен тексеру және өлшеу жұмыстарын жүргізу. Датчиктерді орнату және ыдыстарға салу. Сынақ жазбаларын журналға жазу.

    1. Білуге тиіс:

    жарылғыш заттар мен жанар майдың физикалық-химиялық қасиеттері, іске қосу және қозғалтқыш құрылғылардың тораптары мен механизмдерінің құрылыс және оларды пайдалану ережесі, іске қосу құрылғысының тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық процессі, бұйымдарды сынау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, пульттердің, стенділердің құрылысы, мақсаты мен пайдалану ережесі, техникалық шарттардың электрозапалдар мен жарақтандырылған бұйымдарға қоятын талаптары, пиропатрондар мен электрозапалдар тұтандырғыштарының құрылысы мен мақсаты, әскери қозғалтқыштар мен сыналатын бұйымдардың жалпы құрылысы, қоректендіру көздерінің құрылысы мен оларды пайдалану ережесі, датчиктерді бөлшектеу және құрастыру ережесі, жоғары қысымды ыдыстарды пайдалану ережесі.

    19. Оқ-дәрі сынаушы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    әр түрлі жүйелі қозғалтқыштарды стенділік сынауға дайындау және сынау. Аспаптарды лабораторлық тексеру. Стенділік және әмбебап кран жабдығын және арнайы іске қосу құрылғыларын сынақ жүргізуге дайындау. Іске қосу және арнайы құрылғыларда сынау айлабұйымдары мен аспаптарын монтаждау және орнату, баллистикалық маятниктерді жөндеу. Сынау кезінде аспаптарды таңдау және бақылауға арналған схеманы құрастыру. Аппаратура жұмысындағы ауытқушылықтарды анықтау және жою. Қажетті есептерді шығару. Қозғалтқыштарды қиыстырып келтіру және стенд жабдығына орнату. Стендтегі қозғалтқышты түпкілікті құрастыру. Шығыс сотанын баламалау. Сынақ жүргізу үшін сөндіру камерасын тексеру. Айналдыру торабын құрастыруды бақылау және оны негізге орнату. жоғары қысымды жүйелер мен ыдысты дайындау және қызмет көрсету. Айналмалы стендтегі жүйелерді баптай және реттей отырып сынау. Бұйымдардың электр оқшаулануын тексеру.

    1. Білуге тиіс:

    зарядтардың стенділік сынақтарын жүргізу, сынақ жүргізу ережесі, электрорадиотехника және газ динамикасының негіздері, күрделі электрондық аспаптар мен өлшеу аппаратурасының схемасы, құрылысы мен жұмыс қағидаты, штаттық іске қосу құрылғыларының құрылысы мен пайдалану ережесі, жарылғыш құрылғылардың мақсаты, құрылысы мен жұмыс қағидаты, электродетонатор, электрозапал, капсюль-детонаторларда қолданылатын жарылғыш заттардың негізгі қасиеттері, қозғалтқыштардың құрылысы мен олардың бөлшектері, қозғалтқыштардың негізгі өлшемдері және оларды өлшеу әдістері, арнайы дайындалған жарғыштарды орнатудың негізгі тәсілдері, жарғыш заттармен және басқа да электр тоғы көздерімен жару, жарғыштар туралы және жарғыш машиналардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер, жоғары вольтті құрылғылардың құрылысы, жұмыс қағидаты және оларды пайдалану ережесі, электр оқшаулағышты тексеру процессін жүргізу және оның барысында берілетін кернеу көлемі, тексеру қорытындысын ресімдеу тәртібі, жоғары қысым жүйесінің жекелеген тораптарын, сондай-ақ вакуум жүйелерді жөндеу.

    20. Оқ-дәрі сынаушы, 6-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    арнайы техниканың жаңа үлгілерін және бұйымдардың негізгі тораптарын, блоктарын, агрегаттары мен аппаратурасын сынауға дайындау және сынау. Күрделі сынау жүйелерін монтаждау. Жаңа бұйымдарды сынау және техникалық шарттарын пысықтау. Сынау хаттамаларын ресімдеу. Сынау кезінде анықталған ақаулықтарды зерттеуге және осы ақаулықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

    1. Білуге тиіс:

    сынау және монтаждау жұмыстарының технологиясы, технологиялық шарттар мен монтаждау схемасы, аспаптарды, агрегаттарды, аппаратураны, зымырандарды қозғалтқыштардың жабдықтарын сынау, сынау кезінде анықталған ақаулықтарды анықтау тәсілдері, сынау үшін қолданылатын құралдардың, аспаптар мен аппаратураның, стенділер мен басқа да жабдықтардың түрлері, оларды баптау, реттеу және тексеру.

    Қару-жарақ сынаушы


    21. Қару-жарақ сынаушы, 3-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    85 миллиметрге дейінгі калибрлі артиллериялық қару мен минометтен атуды сынауға дайындау және сынақ атыстарының барлық түрлерін орындау. Атыс позициясының жабдығы және оған артиллериялық жүйе мен минометтерді бекіте отырып және тексеру арқылы орнату. Атқыш қарудан (мылтықтан, карабин, пистолет-зеңбірек, қол және танкілік зеңбіректерден) сынақ атыстарының барлық (көздеп атудан басқа) түрлерін орындау. Сынақтың түріне байланысты қару-жарақты атуға дайындау. Артиллериялық қару мен минометтерді оқтау және оғын алу. Артиллериялық қару мен минометтердің, атқыш қарулардың оқпанын атуға дейін және одан кейін тазалау және майлау. Сынау процессі кезінде анықталған ақаулықтарды жою. Сынақ қорытындысы бойынша құжаттама ресімдеу. Автомат қарудың оқпанын калибрлері бойынша қиыстырып келтіре отырып ауыстыру.

    1. Білуге тиіс:

    сыналатын артиллериялық қару мен минометтердің, атқыш қарулардың құрылысы және олардың механизмдері мен бөлшектерінің өзара іс-қимылы, сыналатын қару-жарақтың негізгі сипаттамасы, сынақ ұйымдастыру және жүргізу және қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде нұсқаулық, қару-жарақты сынаудың әр түрлі түрлері және сыналатын қару-жараққа қойылатын техникалық талаптар, қару-жарақты сынауға дайындау тәртібі, атыс позициясының құрылысы және оларға артиллериялық жабдықтар мен минометтерді орнату тәртібі, сынау кезінде қолданылатын аспаптар мен құралдар, қару-жарақпен жұмыс жүргізу және оларды атысқа дайындау ережесі, қару-жарақты оқтау және оғын алу тәртібі, сынақ жүргізудің құжаттамасын ресімдеу ережесі.

    22. Қару-жарақ сынаушы, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    85 миллиметрден астам калибрлі артиллериялық қаруды, автомат және жартылай автомат зенит қару-жарақтарын сынауға дайындау және сынақ атыстарының барлық түрлерін орындау. Сыналатын атқыш қаруларды, әскери машиналарға орнатылған станокты және ірі калибрлі зеңбіректерді сынауға дайындау және сынақ атыстарының барлық түрлерін орындау (көздеп ату және велосимметриялық қарудан басқа). Оқпандарды олардың калибрлері бойынша қиыстыра отырып ауыстыру. Сынау кезінде анықталған барлық ақаулықтарды жою кезінде атқыш қару-жарақты бөлшектеу және құрастыру. Көздеудің тығыны, жартылай автоматикасы мен механизмдерінің жұмысындағы ақаулықтарды жою. Әскери қол гранаталарын, запалды, жарғыштар мен пиротехникалық құралдарды сынау.

    1. Білуге тиіс:

    сыналатын артиллериялық жүйелер мен атқыш қару-жарақтың құрылысы олардың бөлшектері мен механизмдерінің өзара іс-қимылы, қару-жарақты сынауға қойылатын техникалық талаптар, қару-жарақты сынаудың түрлері, сынақ ұйымдастыру және жүргізудің нұсқаулығы, сынау кезінде қару-жарақтың ақаулықтарын жою тәртібі мен ережесі, атмосфералық жағдайдың сынақ нәтижесіне тигізетін әсері, сыртқы баллистика элементтері (траектория қисықтығы, таралу элементтері).

    23. Қару-жарақ сынаушы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    артиллериялық қару мен реактивті құрылғыларды, өздігінен жүретін танкі қаруларының аса қуатты үлгілерін сынауға дайындау және сынақ жүргізу. Атқыш қарудан көздеп ату және велосимметриялық атыс сынағын жүргізуге дайындау және жүргізу. Атқыш қарудың сынақ үлгілерінің негізгі сипатын айқындау. Қарудың баллистикалық сипаттамасын айқындау жөніндегі ату сынақтарын жүргізу. Сынама гранаталарын, жарғыштар мен пиротехникалық құралдарды сынау. Қару-жарақты сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою.

    1. Білуге тиіс:

    сыналатын қару-жарақтың құрылысы мен мақсаты, қару-жарақты сынау түрлері, өздігінен жүретін танк қаруларын және реактивті құрылғыларды сынау түрлері, қару-жарақты сынауға қойылатын техникалық шарттардың талаптары.

    24. Қару-жарақ сынаушы, 6-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    кеме артиллериясының аса қуатты үлгілері мен тұрақтандырғыш танк қару-жарағын сынауға дайындау және атыс сынағын жүргізу. Аса күрделі зымыран құрылғыларынан іске қосқыш өндіру. Қару-жарақты сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою.

    1. Білуге тиіс:

    аса қуатты кеме артиллериясының құрылысы мен мақсаты, кеме артиллериясы мен тұрақтандырғыш танк қару-жарағын сынау ерекшеліктері, зымырандарды іске қосу өндірісінің тәртібі, қару-жарақтың негізгі ақаулықтары және олардың пайда болу себептері.

    Радиожарғыш аспаптарды сынап-жаттықтырушы


    25. Радиожарғыш аспаптарды сынап-жаттықтырушы, 3-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күрделілігі орташа радиоаппаратураның тораптары мен аспаптарын электрлік және механикалық жаттықтыру және сынау. Тораптар мен аспаптарды белгіленген уақыт ішінде жаттықтыру. Стенділерді белгіленген режимге келтіру. Хаттамасын жасай отырып, электр өлшемдерін өлшеу.

    1. Білуге тиіс:

    жаттықтыру стенділерінің құрылысы мен электр қоректендіру схемасы, тораптар мен аспаптарды, реттеуші бақылау-өлшеу аппаратурасын сынау тәсілдері, жаттықтыру режимі, электротехника және радиотехника туралы жалпы мәліметтер.

    26. Радиожарғыш аспаптарды сынап-жаттықтырушы, 4-разряд



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет