электр өлшеу бағдарлық аспаптар - эталондық аспаптың көмегімен кемшіліктерді тексеру.
50. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
электр және радио өлшеу аспаптарын кешенді тексеру. Аз және орта қуатты радиостанциялардың, KB және УКВ диапазонында және ІІІ сыныпты радиоқабылдағыш құрылғылардың пеленгаторлық радиостанцияларының техникалық шарттарға сәйкестігін сынау. Радио өлшеу аспаптарының техникалық шарттарға сәйкестігін сынау үшін өлшеу жүйесін құрастыру. Аз және орташа радиостанциялардағы және ІІ сыныпты радио қабылдағыш құрылғылардағы жекелеген өлшемдердің техникалық шарттар нормасына сәйкессіздігін туындататын себептерді талдау. Сынақ жүргізуге арналған белгіленген құжаттаманы ресімдеу.
-
Білуге тиіс:
радиоаппаратураны сынау және тексерудің техникалық шарттары, электротехника мен радиотехниканың негізгі заңдары, өлшемдер мен өлшеу аспаптарын тексерудің ережесі, аз қуатты аспаптардың радиостанцияларының қағидаттық және монтаждау схемаларын оқу ережесі, аз және орта қуатты радиостанциялар мен пеленгаторлық радиостанцияларды сынау кезінде қолданылатын радиоөлшеу аспаптары, жалпы қолданыстағы бөлшектердің МЕСТ, аз және орта қуатты радиостанцияларда қолданылатын электровакуумдық және жартылай өткізгіштік аспаптар, аз және орта қуатты радиостанцияларды жинақтау, тұрақты және айнымалы тоқ генераторы, аз және орта қуатты радиостанцияларға арналған қуатты агрегаттар мен түзеткіш құралдар.
-
Жұмыс үлгілері:
-
толқын өлшеуіштер-жиілікті үлгі генератордың жиілігімен салыстыру әдісімен тексеру;
-
түзеткіш құралдар- жұмысқа жарамдылығының ТШ мен мемлекттік стандартқа сәйкестігін тексеру;
-
стандарт сигналдардың генераторы-барлық диапазон бойынша шығыс кернеуін өлшеу;
-
магнитофондар – жұмысқа жарамдылығын тексеру;
-
ІІ сыныпты радиоқабылдағыштар-айна арнасы арқылы сезімталдығы мен әлсіреуін өлшеу;
-
аз қуатты радиостанциялар – жиілік девиациясын өлшеу.
51. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
жиіліктің екінші эталонын кешенді тексеру. Қуаты 0,5 бастап 1 квт дейінгі радиостанциялардың ТШ сәйкестігін сынау. Есептік-шешу құрылғысының ТШ сәйкестігін сынау. Көп арналы әріп теруші құрылғысын кешенді тексеру. Күрделі радио өлшеу аспаптарының ТШ сәйкестігін сынау. Сыналатын аппаратураны сынау бойынша есеп жасау.
-
Білуге тиіс:
радиоаппаратураны сынау және тексерудің техникалық шарттары, электр өлшеу аппаратурасының мемлекеттік кепілдік құқығын алу үшін қажетті көлемде электротехника, қуаты 0,5 бастап 1 квт дейінгі қағидаттық және монтаждық схемаларды оқу ережесі, есептік-шешу құрылғысы тораптарының өзара әрекеттесуі, пеленгаторлық және қабылдап-бақылау радиоаппаратурасының антенналық жүйесі, радиоаппаратурада қолданылатын материалдар мен бөлшектердің технологиялық және электрлік қасиеттері, радио өлшеу аппаратурасы мен радиостанцияларды сынауға арналған жұмыс орындарының стенділері мен жабдықтары, жұмыста қолданылатын жұмыс және өлшеу құралы.
-
Жұмыс үлгілері:
-
кедергілерді өлшеуші – сәйкестігін тексеру;
-
осциллографтар - «Х» және «У» осьтерінің күшейту бойынша, жиілік кедергілерін тексеру;
-
І сыныпты радиоқабылдағыштар – ТГШ сәйкестігін тексеру.
52. Радиоаппаратураны сынау жөніндегі лаборант, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
прецизиондық радио өлшеу аспаптарының, ДЦВ генераторларының, индуктивтілік эталоны мен сыйымдылығының, 0,2 және одан жоғары сыныпты лабораториялық аспаптардың ТШ сәйкестігін сынау. Қуаты 1 квт астам радиостанциялардың ТШ сәйкестігін сынау. Кварц аспаптарының номиналға сәйкестігін сынау. Күрделі радиоаппаратураны тексеруге арналған жұмыс орындары мен стенділерінің қағидаттық және монтаждау схемаларын әзірлеу.
-
Білуге тиіс:
тексерілетін радиоаппаратураны сынаудың техникалық шарттары, электр өлшеу аппаратурасының мемлекеттік кепілдік құқығын алу үшін қажетті көлемде радиотехника, қуаты 1 квт жоғары қағидаттық және монтаждық схемаларды, прецизиондық радио өлшеу аспаптарын оқу ережесі, дециметрлік және сантиметрлік толқындар диапазон радиоаппаратурасының антенналық жүйесі, дециметрлік және сантиметрлік толқындар диапазонының радиоөлшеу аппаратурасының құрылысы және пайдалану тәртібі, күрделі өлшеу жүйесін құрастыру, радиоөлшеу аппаратурасын бақылаудың мемлекттік стандарттары, электрондық-есептеу құрылғысын пайдалану ережесі.
-
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
-
Жұмыс үлгілері:
-
дискреттік спектрді қоздырғыштар – жиілікті тексеру;
-
желілік емес кемшіліктерді өлшеуіштер – ТШ сәйкестігін тексеру;
-
қуаты 1 квт астам таратқыштар - каскадтың шығыс теңгерімін тексеру;
-
жиілік эталоны – техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру.
Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу
құрылғыларын сынау жөніндегі лаборант
53. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын
сынау жөніндегі лаборант, 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
сынақ аппаратурасын, жабдықты, стенділерді, пульттер мен құралдарды тексеруге дайындау. Аспаптарды белгіленген бағдарлама бойынша тексеру. Іске қосу құрылғылары мен бастапқы жабдықтарды жөндеу және сынауға дайындау. Іске қосу құрылғыларындағы айлабұйымдарды монтаждау және бөлшектеу. Біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен іске қосу бұйымдары мен арнайы құрылғылардан ату өндірісі. Бұйым тізбегіндегі тоқты анықтау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалану. Зымырандарды белгіленген бағдарлама бойынша тексеруге дайындау. Пневматикалық желінің шлангылары желісін зымыранға және пневматикалық жабдықтарға қосу және одан алу. Зымыранның герметикалығын немесе қозғалтқыш құрылғының жекелеген магистральдарын тексеру. Ауаның жүйеден шығатын орнын анықтау және ақаулықты түзету. Тексеру кезінде қолданылатын қысымды ауа сапасын бақылау.
-
Білуге тиіс:
зымыран мен жинақтаушы элементтердің құрылысы мен әрекет ету қағидаттары, іске қосу құрылғыларының тораптары мен механизмдерінің құрылысы мен оларды пайдалану ережесі, орнату қозғалтқыштарының кешенді және оның орнатылуы бойынша құрылысы, зымырандар мен оқ-дәріні пайдалану ережесі, зымыранның қарапайым аспаптарының схемасы мен құрылысы, аспаптарды тексерудің техникалық шарттары, тексеруге қойылатын талаптар және тексеру бағдарламасы, тексеру мен бақылаудың технологиялық процессі, іске қосу құрылғысының тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастырудың технологиялық процессі, аспаптарды тексеру кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, пульттер мен стенділердің құрылысы мен мақсаты, қоректендіру көзінің құрылысы мен пайдалану ережесі, іске қосу бойынша нұсқаулықтар, күрделі емес сызбалар, монтаждау және қағидаттық электр схемалар.
54. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын
сынау жөніндегі лаборант, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
зымыранның күрделі электр схемасын тексеру және баптау. Іске қосу бұйымының өндірісі. Сынау кезінде аспаптарды таңдау және бұйымды бақылау схемасын құрастыру. Зымыран аппаратурасының жұмысында анықталған ақаулықты жою. Қажетті есептердің өндірісі. Электромеханикалық жару құрылғыларын тексеру үшін схемаларды монтаждау. Пневматикалық жабдықтарды пайдалану. Тексеру жүргізу құжаттама ресімдеу.
-
Білуге тиіс:
басқару жүйесінің қағидаттық схемасы және зымыранның техникалық құжаттамасы, көлденең тексеру кезінде қолданылатын аппаратура мен бақылау-өлшеу аспаптары, көлденең тексеру жүргізу бағдарламасы, электрорадиотехника және газ динамикасының негіздері, зымыранның күрделі аспаптарының схемасы мен құрылысы, штаттық және сынақ іске қосу және арнайы құрылғыларының құрылысы, іске қосу жабдығының пульттері мен аспаптарының құрылысы мен жұмыс қағидаты, аспаптарды тексерудің техникалық шарттары, іске қосу құрылғыларын жөндеу және құрастырудың техникалық шарттары, күрделі бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы мен мақсаты, жарылғыш заттардың мақсаты, құрылысы мен жұмыс қағидаты, электродетонаторларда, электрозапалда, капсюль-детонаторларда қолданылатын жарылғыш заттардың негізгі қасиеттері, жекелеген магистральдердің герметикалығын тексерудің техникалық шарттары, герметикалығын тексеру кезінде қолданылатын пневможабдықтардың, манометрлер мен басқа да аспаптардың құрылысы, тексеру нәтижесін ресімдеу тәртібі, сызбалар, күрделігі орташа монтаждау және қағидаттық схемалар.
-
Жұмыс үлгілері:
-
автопилот, борттық радиоаппаратура – жұмысын тексеру;
-
КИПС бақылау және тіркеу аппаратурасының блоктары мен тораптары – баптау және жөндеу;
-
ЗЭ27 типті бұйымдар – сынау үшін стендіге орнату, қорғаныш құрылғыларын монтаждау, ПИМ имитаторын іске қосу;
-
бақылау-сынау аппаратурасы және әлеуетті жабдықтар-регламенттік жұмыстар өндірісі;
-
ПУ-К бақылау пульті, TT-1 немесе ЛВО-5 тестері – баптау және тексеру;
-
ПИМ - бақылай отырып жекелеп бөлшектеу;
-
Зымыран- күрделі жүйелерді жеке тексеру;
-
зымыран-кешенді тексеру жүргізгеннен кейін қорытынды операцияларды орындау;
-
ПИМ тізбегі – кедергілерді, кернеу мен тоқты ПУ-К пульті мен тестердің көмегімен өлшеу.
55. Зымырандарды, аспаптар мен іске қосу құрылғыларын
сынау жөніндегі лаборант, 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
күрделі радио схемаларды құрастыру және баптау. Тексеруге дайындау және радиоаппаратураны тексеру. Радиоөлшемдерді өткізу. Іске қосу құрылғыларын сынау әдістемесінің жекелеген элементтерін өңдеу. Стенділер мен пульттердің сынақ аппаратурасын реттеу. Зымыран элементтерін аспапқа қосу. ДУ элементтерін алу және орнату, қозғалтқыш құрылғының өлшемдерін қатты жағармайда бақылау. РВ және ПИМ-ді жеке және кешенді толық тексерулерді жүргізу. Сынаудан кейін ПИМ-ді ішінара бөлшектеу, және инженердің басшылығымен толық бөлшектеу. Бұйымдарды іске қосу үшін бастапқы деректерді дайындау. Телеметриялық аппаратураның датчиктерін дайындау және оларды бұйымдарға орнату. Аппаратураның шифрін алу және оны бұйымдарға орнату. Телеметриялық деректердің шифрін алу. Есептеу жұмыстарына қажетті деректерді сынау қорытындылары бойынша дайындау.
-
Білуге тиіс:
бұйымдарды лабораторлық сынақтар мен толық тексеру ережесі және оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулық, зымыранның аса күрделі аспаптарының схемасы мен құрылысы, радио өлшеу жүргізу ережесі мен әдістері, жеке және кешенді тексерулердің қорытындысы бойынша нәтижені бағалау тәсілдері, қабылдау-тарату құрылғыларының және импульсті радиотехниканың негізі, іске қосу құрылғыларын, сынау үшін бастапқы жабдықтарды іске қосу тәртібі, арнайы құрылғылардан бұйымдар мен атыстар жасау ережесі, күрделі сызбалар, монтаждау және қағидаттық электр схемалар.
-
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
-
Жұмыс үлгілері:
-
борттық тораптар мен бұйым элементтері – кешенді тексеру;
-
ЗЭ27 және ПИМ типті бұйымдар – жеке және кешенді тексерулерге арналған толық дайындау;
-
бұйымдар-бақылау пультінің негізгі өлшемдерін эталон аспаптарының көмегімен тексеру;
-
бұйымдар-кешенді сынақтарды тексеру, аса күрделі жүйелерді жеке тексеру;
-
бақылау-өлшеу құрылғылары – тексеру және баптау;
-
ПИМ-артқы бөлігін толық бөлшектеу және арнайы жару құрылғыларын толық емес құрастыру;
-
реле- жұмысты тексеру және реттеу;
-
бастапқы жабдықтар – сынауға дайындау.
Өлшемдерді өңдеуші лаборант
56. Өлшемдерді өңдеуші лаборант, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
дешифрлеу және есептеу аппаратурасын жұмысқа дайындау. Кинотаспалар мен фотопластинкаларды алдын ала өңдеу. Сынау хаттамаларын және бастапқы құжаттаманы өңдеу. Дешифрлеу (есептеу) бланкісін жұмысқа дайындау. Кинотаспалар мен фотопластинкалардан өлшемдерінің мәнін алу, кинотаспаларды біліктілігі анағұрлым жоғары лаборанттың басшылығымен дешифрлеу. Фототаспаларды, диаграммалар мен осциллограммаларды есепке алу және сақтау.
-
Білуге тиіс:
өлшемдердің мәні мен бастапқы деректердің мазмұны, өлшеу бағдарламасы, өлшемдерді бір базадан (пункттен) өңдеу әдістемесі, дешифрлеу аппаратурасы мен есептеу машинасы жұмысының қағидаттары мен оларды жұмысқа дайындау тәртібі, дешифрлеу нәтижесін жазу және ресімдеу тәртібі, фототаспаны, негативтер мен осциллограммаларлы сақтау және есепке алу ережесі.
57. Өлшемдерді өңдеуші лаборант 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
үздіксіз жазу кинотаспасын белгілеу, кинотаспалар мен фотопластинкаларды аппаратта дешифрлеу. Есептеу бланкілерінің әр түрлі жүйелерінде есептеу машиналарын өңдеу. Жобалау қателіктеріне түзету енгізе отырып, кинотаспаларды компарациялық өңдеу. СЕВ уақыты бойынша байлауды жүргізу. Есептеу бланкісінің негізгі формулалары бойынша іздеу өлшемдерінің есептері. Өңдеу нәтижелерінен қателерді анықтау және жою. Паспорттар мен сынақ бастапқы деректері бойынша баламалау және калибрлеу қисықтарының есептеу өлшемдерінің кестесін жасау. Оциллограммадан теректерді алу және оларды есептеу бланкісіне салу. Уақытты есептеу, жол мен жылдамдықтың көлем коэффициентін есептеу. Уақыт пен жылдамдықтан жолды анықтау. Жобалау қателіктерін түзетуді және оларды өлшеу ақпаратына енгізуді айқындау.
-
Білуге тиіс:
орындалатын жұмыс көлемінде математика, әр түрлі өлшеу жүйелерінің қағидаттары (оптикалық, радиотехникалық, телеметриялық), өлшемдерді бірнеше базадан (пункттен) өңдеу әдістемесі, өлшемдерді өңдеу жұмыстарының кезектілігі мен мазмұны, негізгі есептеу формулалары, жол, жылдамдық және уақыт көлемі, өңдеу және есептеу машиналарының құрылысы, бастапқы материалдар мен өлшеу бағдарламаларының мақсаты, велосимметриялық қисықтарды өңдеу ережесі, өлшеу нәтижелерін жазу және ресімдеу тәртібі, өлшеу құралдарын, аспаптар мен есептеу құрылғыларын, машиналарын пайдалану ережесі, өңдеу аспаптарының құрылысы, оларды пайдалану ережесі.
58. Өлшемдерді өңдеуші лаборант 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
жұмысқа арналған өлшеу және дешифрлеу аспаптарын дайындау, орнату және түзету. Бұйымдардың бағыттаушы іске қосу құрылғыларынан түсу жылдамдығының мөлшерін және динамикалық сипатын анықтау. Кинотаспаны компарациялық өңдеу және дешифрлеу. Уақыт таспалары мен осциллограммаларды толық өңдеу. Координаттарды әр түрлі жүйелерде есептеу және бір жүйеден екіншісіне ауыстыру. Есептеу машиналарын блоктан алу. Импульс ауқымы мен артық қысымды бірінші өлшемдер бойынша анықтау. Баламалау кестесі бойынша өлшемнің абсолютті ауқымын анықтау. Кестенің құрылысы бойынша көлемді таңдау. Пайыздарды көлемнің абсолют ауқымына аудару үшін кестелер мен сызбалар жасау үшін баламалау сызғыштарын есептеу және белгілеу. Графикалық саралау әдісін пайдалана отырып, осциллограммада алынған нәтижелерді математикалық өңдеу. Ең үлкен көлемдердің кестесін жасау. Уақытша сипаттамаларды жасау. Қысым қисығының ауқымын планиметрмен өлшеу. Айналмалы жүйелердің айналым санын, датчиктер мен басқа да аспаптардың жұмыс уақытын есептеу.
-
Білуге тиіс:
арнайы кестелер мен номограммалар, дешифрлеу мен есептеу жұмыстарының әдістері мен тәсілдері, тегістеудің графикалық әдістері, әр түрлі жұмыс жағдайларында және қолданылатын өлшеу және қайталау құралдарының саны әр түрлі болған жағдайда өлшемдерді өңдеу және дешифрлеудің ерекшеліктері мен айырмашылықтары, баллистикалық сынақ жүргізу және динамикалық сипатын айқындау әдістемесі.
59. Өлшемдерді өңдеуші лаборант 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
өлшемдерді толық компарациялық және математикалық өлшеу. Есептеудің екі жүйесін пайдалана отырып фотограммаларды дешифрлеу. Дешифрлеудің дәлдігін және өлшеу нәтижесін өңдеуді бақылау. Есепті кестелердің тиімді көлемін таңдау. Өлшеуді өңдеу нәтижелерін тегістеу. Таңдалған тиімді көлемдер бойынша есепті кестелерді жинақтау және орындау. Электронды есептеу машиналары үшін дайындалған бақылаулы есептік ақпараттар. Сынақ нәтижелерін барлық түзетулерді енгізе отырып, қалыпты жағдайға келтіру. Гараждық кестелер мен таблицаларды жасау. Динамикалық өлшемдердің барлық түрлерін уақыт бойынша осциллограммада байлау.
-
Білуге тиіс:
өлшеудің (оптикалық, радиотехникалық, тензометриялық және тағы басқалар) әр түрлі түрлерінің қағидаттары, баламалау сипаты және датчиктердің бастапқы жағдайын есептеу, өлшеу барысында анықталған жүйелік кемшіліктер, өңдеу кезінде оларды есепке алу, орталықтан тыс болуын түзетудің физикалық мәні және фильмдегі бейнелерді ауыстыру, уақытша түзетулерді енгізуге арналған эксперименттің физикалық мәні, өлшемдерді жинақтау қағидаттары мен тегістеу әдістері, есептеудің екі жүйесі және өңдеуде өлшеу кезінде пайдалану, өлшеу ақпаратын екінші қайталап өңдеу әдістемесі, өңдеуден кейін алынған өлшемдердің дәлдігін бағалау.
60. Өлшемдерді өңдеуші лаборант 6-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
өлшемдерді компарациялық және математикалық өңдей отырып, жекелеген өлшемдерін бақылаулы тексеру. Өлшемдердің (оптикалық, радиотехникалық және тағы басқалар) әр түрлі түрлерін бірлесіп өңдеу үшін бастапқы ақпаратты жинақтау. Түзету номограммасы мен кестелерінің тәуелділігін анықтау және оларды жұмыста пайдалану. Әр түрлі түзетулердің ақпараттарын енгізу. Фильмнің микроталдауын жүргізу. Өлшеу нәтижелері бойынша үлгі есебін жасау. өлшеу нәтижесінің статистикалық есебін жүргізу және оларды толық талдай отырып өңдеу.
-
Білуге тиіс:
бұйымның қағидаттық құрылысы, басқарудың арнайы жүйелері бойынша есептер, өлшемдерді бірлесіп өңдеу әдістемесі, өлшемнің әр түрлі түрлерін бірлесіп өңдеу үшін бастапқы ақпаратты таңдау қағидаттары, өлшемнің барлық түрлерінің қателіктері мен дәлдігін есептеу, түзетудің номограммасы мен кестелерінің құрылысы, әмбебап баламалау кеселері мен шкалалары құрылысының қағидаттары, микроталдау қағидаттары, электронды есептеу машиналарында өлшеу нәтижелерін және оларға қажетті ақпаратты өңдеудің негізгі нұсқаулықтары, әр түрлі типтегі датчиктер жұмысының ерекшелігі және шифрін ашу, өлшемдерді өңдеу нәтижелері бойынша үлгі есеп.
-
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант
61. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант, 2-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
блоктау құрылғыларын және рама-нысанды сынауға дайындау. Мишураны рамаға клеммалар немесе ашаларға орау. Жеткізу сымдарының электр өткізгіштігін тексеру. Блоктаушы құрылғыны орнату, оларды кабельдік желілерге қосу. Рама-нысанның жеткізгіш электр желісін бөлшектеу. Блоктау құрылғыларын орнату үшін орын тазалау. Қағаз нысан жасау. Рама астындағы және жалғастырушы желіні жөндеу. Баллистикалық сынақтың бастапқы деректерін журналға жазу.
-
Білуге тиіс: электротехника бойынша қарапайым деректер, блоктау құрылғыларының типтері мен оларды орнату ережесі, рама-нысандардың құрылысы мен олардың мақсаты, рамаларды сынауға дайындау және мишураны рамаға орау ережесі, тізбектегі электр тоғын тексеру тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы мен қолданылуы, сынақ журналын жүргізу тәртібі.
62. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант, 3-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
соленоиді бар электрондық хронографты және рама-нысаны бар электромагниттік хронографты блоктау схемасын монтаждау. Бір электронды хронометр мен блоктау құрылғысын пайдалана отырып сынауға қызмет көрсету. Монограммалық блоктау кезінде баллистикалық тұғырларды олардың параллельдігі мен арасындағы қашықтықты тексере отырып орнату. Магниттеу аспаптарын бұйымға қосу, бұйымның магниттелу дәрежесін тексеру және полярлығын анықтау. Соленоидті баллистикалы қатыс жүргізуге дайындау. Бұйымның кинематикалық сипаттамасын алу. Бұйым бөлшектерінің қозғалу жылдамдығын велосимметрдің көмегімен өлшеу және потенциометрлік датчиктердің көмегімен жолын өлшеу. Тензометриялық станцияларды жұмысқа дайындау, тензодатчиктерді сынақ нысанына орнату. Динамикалық сипаттаманы жазу үшін желіні салу және дайындау. Фотограммадағы, кинотаспадағы, пластинкалардағы, уақыт парақтарындағы және осциллограммадағы жазбаларды оқу. Сынушы шыны датчиктердің дайындау. Желі мен блоктау құрылғысының жұмысқа жарамдылығын тексеру.
-
Білуге тиіс:
электротехника мен электромагнетизм негіздері, баллистикалық кабель желісі мен тарату құрылғысының схемасы, өлшеу (оптикалық, радиотехникалық, телеметриялық) құралдарының жұмысы, блоктау құрылғысына және жалғастырушы желілерге қойылатын талаптар, хронографтардың құрылысы мен қызмет ету қағидаты және орнатылуын тексеру ережесі, монограмды бақылау кезінде баллистикалық тұғыр орнату тәсілдері, соленоидтің құрылысы, оларды орнату және баллистикалық тұғырға бекіту ережесі, баллистикалық желіні тексеру тәртібі, хронографтармен байланыс желісі, уақытты, белгілеушінің кешігуін белгілеу әдістемесі, қарапайым датчиктердің құрылысы мен жұмы с қағидаттары, жарылушы шыны датчиктерді дайындау тәртібі, датчиктердің бірігуі схемасы, фототаспаны өңдеуге арналған ерітіндіні дайындау тәртібі, компастың, магниттеу аспабының құрылысы және олардың мақсаты, электр өлшеу аспаптарының құрылысы және оларды пайдалану ережесі.
63. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант 4-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
екі электрондық хронографтың, осциллографтар немесе өлшемдерді тіркеу станцияларының көмегімен сынауға қызмет көрсету. Өлшемдерді жүргізу үшін бастапқы құрылғыны дайындау. Нысанды тензоөлшеулерге дайындау, тензодатчиктер мен қысым датчиктерін орнату, тензометрлеу схемаларын құрастыру. Тензостанция арналарын теңгерімдеу, датчиктерді баламалау, жұмыс процессін жазу. Монтаждық схемалардың қоспасын дәнекерлеу. Қысымның жоғары жиілікті өлшемдерін дайындау, мембрананы баламалау.
3-шлейфті осциллографты жұмысқа дайындау. Осциллографтық өлшемдер өндірісі мен осциллограммаларды фотометриялық өңдеу. Электр өлшеу аспаптарын монтаждау схемасын бапталуын және жұмысқа жарамдылығын тексеру. Штепсель ажырамалары мен магниттеу аспаптарын жөндеу.
-
Білуге тиіс:
радиотехника негіздері, ішкі және сыртқы баллистика туралы негізгі мәліметтер, өлшеу пункттерінің жалғастыру желілері коммутациясының схемасы, хронометрді уақыт датчигімен тексеру ережесі және тексеру нәтижесін өңдеу тәртібі, сынақ жүргізу әдістемесі, қолданылатын аспаптардың көрсеткіштерінің дәлдігіне әсер ететін өлшеу кезінде қолданылатын сезімталдығы жоғары элементтерінің (датчиктердің) құрылысы мен жұмыс қағидаты, баллистикалық желіні тексеру және баптау тәсілдері, фотография негізі, фотопленка мен осциллографтық қағазды өңдеу технологиясы, қоректендіру көздері және оның сипаттамасы.
64. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант, 5-разряд
-
Жұмыс сипаттамасы:
нысанды күрделі тензоөлшеуге дайындау. Хронометрлерді, қысымды тіркеу станцияларын, тензостанциялар мен осциллографтарды тексеру және баптау. Электрорадиосхемаларды монтаждау. Тензостанцияларды ағымдағы жөндеу. Баллистикалық кабельдерді және хронометрдің су құрылғыларының техникалық шарттарға сәйкестігін мегомметрдің, дыбыстық генератор мен осциллографтың көмегімен тексеру. Датчиктерді жөндеу. Осциллограммаларды өңдеуге тапсыру үшін оларды ресімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |