1-бөлім Жүк вагондары мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем


Жүктерді тасымалдау шарттарын бұзып



бет2/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#206114
1   2   3

2. Жүктерді тасымалдау шарттарын бұзып,

тасымалдауға бергені үшін айыппұл
15. Теміржол көлігі жүк құжатында жүктің атауын, оның ерекше қасиеттерін немесе сақтандырудың қажет шараларын қате көрсеткені, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған жүкті жөнелткені үшін жүк жөнелтушіден тасымалдаушының пайдасына осы жағдайлармен келтірілген шығындардың орнын толтыра отырып тасымалдау құнының бес есе мөлшерінде айыппұл өндіріп алынады.
3. Жүкті түсіргеннен кейін вагондарды және контейнерлерді

тазартпағаны үшін айыппұл
16. Тасымалдаушы тазартылмаған вагонды және контейнерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Вагонның, контейнердің тазартуда тұрған уақыты үшін жүк алушы тасымалдаушыға вагонды және контейнерді пайдаланғаны үшін ақы төлейді.

17-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 31.05.2011 жылдағы №119-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).
17. Вагонды, контейнерді тазартудан бас тартқаны үшін жүк алушыдан тасымалдаушының пайдасына тазарту жөніндегі жұмыстар құнының екі еселенген мөлшерінде айыппұл және вагонды, контейнерді тазарту орнына тасымалдау бойынша тасымалдаушының шеккен шығыны өндіріп алынады.
4. Вагондар мен контейнерлерге жүкті артық тиегені үшін айыппұл
18. Вагонға, контейнерге жүк көтерімділігінен (сыйымдылығынан) артық тиегені үшін жүк жөнелтушіден тасымалдаушының пайдасына аталған айыппұлмен жабылмаған бөлігінде келтірілген шығындарды өтей отырып, тасымалдау төлемінің 50%-ы мөлшерінде айыппұл өндіріп алынады.
5. Вагондар мен контейнерлерді өздігінен басып алғаны,

бұзғаны, немесе жоғалтқаны үшін айыппұл
19. Тасымалдаушы, жүк жөнелтуші, жүк алушы, сондай-ақ өзге адамдар өздеріне тиесілі емес вагондарды, контейнерлерді иелерінің рұқсатынсыз, егер бұл тиісті шарттармен қөзделмеген болса, меншікті тасымалдар, жүктерді сақтау үшін, сондай-ақ оларды тиеуге пайдалануға құқығы жоқ.

20. Осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) 19-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін кінәлі тарап вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемнен басқа, меншік иесінің алдында вагондарды және контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем мөлшеріндегі айыппұл түрінде мүліктік жауапкершілікте болады.

21. Осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) 20-тармағымен көзделген айыппұлды төлеу кінәлі тарапты меншік иесінің алдындағы мүліктік жауапкершіліктен босатпайды.
6. Жүкті жеткізу мерзімдерін бұзғаны үшін айыппұл
22-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 31.05.2011 жылдағы №119-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

22. Жүкті жеткізу мерзімінің өтіп кеткен әр тәулігі үшін, соның ішінде тікелей аралас қатынаста тасымалдаған кезде, егер тасымалдаушы жүк алушыға мерзімнің өтіп кеткені өзінің кінәсінен болмағандығын дәлелдей алмаса, жүк алушыға жолдың темір жол бөлігі үшін, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдағаны үшін төлемнің 5%-ы мөлшерінде, бірақ төлемнің 50%-ынан артық болмайтын мөлшерде айыппұл төлейді.

Сондай мөлшерде бос меншікті (жалға алынған) вагондарды жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін де тасымалдаушыдан айыппұл өндіріп алынады.

23. Жүк жөнелтуші, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын тауарлар экспортына, импортына, транзитіне арналған құжаттарды ресімдеу бөлігінде бұзғаны, оның салдары кеден, шекара органдарының немесе бақылаудың басқа түрлерінің вагондар мен контейнерлерді кідіртіп қоюына әкеліп соққаны үшін тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлерді пайдалану ақысы мөлшерінде айыппұл өндіріп алынады.


7. Жылжымалы құрамды, контейнерлерді, алынбалы тасымалдау құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшін жауапкершілік
24. Жылжымалы құрамды, контейнерлерді, алынбалы тасымалдау құралдарын және пакеттеу құралдарын бұзғаны немесе жоғалтқаны үшін кінәлі тараптан меншік иесінің (иеленүшінің) пайдасына жоғалған мүліктің немесе қажетті жөндеудің құны, сондай-ақ жоғалған мүлік немесе қажетті жөндеу құнының 50%-ы мөлшерінде айыппұл өндіріп алынады.
3-бөлім

Тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін алымдар
1. Жүктерді сақтау үшін алымдар
25-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

25. Жүкті сақтағаны үшін алым есептеледі:

жүк тасымалдаушының құралдарымен түсірілген сәттен бастап немесе жүк тиеу және түсiру орнына жүк алушының құралдарымен түсіруге вагондарды, контейнерлерді берген сәттен бастап;

станциялық жолдарда бос тұрып қалған және жүк алушының құралдарымен түсіруге жататын, тағайындалу станциясына жүктің келуі туралы жүк алушыны хабардар еткен соң 24 сағат өткеннен кейін барар жерін өзгертуді күтіп тұрған вагондарда, контейнерлерде;

жүк тиеу және түсiру орнына жүк жөнелтуші бұрын белгіленген тиеу мерзімінен бұрын әкелген кезде, жүкті нақты әкелген күннен бастап және жүк тиелуі тиіс күнмен немесе жүк жөнелтуші тиеуден бас тартқан жағдайда жүкті тасып шығарған күнмен аяқталады.

Жүкті сақтағаны үшін алым келесі мөлшерлерде алынады:

1) жүкті сақтағаны үшін (қауіптіден басқа):

1 тонна үшін 1 сағатқа 3 теңге - жабық коймаларда;

1 тонна вагондап жөнелтілімдер үшін 6ip сағатқа 2 теңге - ашық алаңшаларда;

1 тонна үшін 6ip сағатқа 3 теңге - станциялық жолдарда бос тұрған жалпы парктің вагондарында немесе меншікті (жалға алған) вагондарда;

2) қayіпті жүктерді сақтағаны үшін:

1 тонна үшін 1 сағатқа 4 теңге - жабық коймаларда;

1 тонна үшін 1 сағатқа 3 теңге - ашық алаңшаларда;

1 тонна үшін 6ip сағатқа 4 теңге - станциялық жолдарда бос тұрған жалпы парктің вагондарында немесе меншікті (жалға алған) вагондарда.



Жүкті өз осьтерінде сақтағаны үшін (бірліктен), сондай-ақ жануарларды сақтағаны үшін (6ip жануар үшін) 6ip сағатқа 30 теңге мөлшерінде алым алынады.

Жүк тиеу және түсiру орындарында тұрған жүкті сақтағаны үшін, жүкті кім күзеткеніне қарамастан, алым алынады.

Жүктерді тасымалдау ережелерімен көзделген жағдайларда жүкті басқа ұйымдарға тапсыру кезінде сақтағаны үшін алым станцияларда жүктерді сақтау үшін белгіленген уақыт үшін алынады.

26. Сақтау үшін алым жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуды жүзеге асырған кезде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуды тауарлық кассалар арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан ГУ-57 нысандағы әр түрлі алымның квитанциясы бойынша не болмаса ПЦ көлік картасы бойынша алынады.



27-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 14.09.2012 жылдағы №156-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

27. Тасымалдаушыда жүктерді уақытында түсірмеумен, оларды тиеу және түсіру орындарынан тасып шығарумен, жүк алушылардың жүктердің барар жерін өзгертуімен байланысты туындаған технологиялық қиындықтар пайда болған жағдайда «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы - жол бөлімшесінің директоры жүктерді сақтағаны үшін алымды: 24 сағаттан 36 сағатқа дейін, қоса алғанда - 2 есе, 36 сағаттан 48 сағатқа дейін, қоса алғанда - 5 есе, 48 сағаттан артық - 10 есе ұлғайтады.

Жүкті сақтағаны үшін алымның ұлғайтылған мөлшері станцияда алымның ұлғайтылғаны туралы хабарландыру ілінгеннен кейін ғана енгізіледі.

28-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

28. Егер тасымалдаушының станциядағы өкілі жүк алушыға жүктің келгені туралы хабарламаса, онда жүк алушы жүктің келгені туралы хабарламаны жіберген уақытқа дейін оны сақтағаны үшін алым төлеуден босатылады.


2. Жүкті өлшегені үшін алым
29-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

29. Тасымалдаушының таразысында жүктер мен ыдысты өлшеген әр операция үшін алым мынадай мөлшерде өндіріп алынады:

жүккөтергіштігі қандай болмасын вагон үшін 735 теңге – вагон таразыларында өлшеген кезде;

1 т үшін 76 теңге – тауарлық таразыларда өлшеген кезде;

автомобиль үшін 123 теңге және автотіркеме үшін 76 теңге – автомобильдік таразыларда өлшеген кезде.

Көрсетілген алым жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуды жүзеге асырған кезде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуды тауарлық кассалар арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан ГУ 57 нысандағы әр түрлі алымның квитанциясы бойынша не болмаса ПЦ көлік картасы бойынша алынады.


3. Жүктің салмағын тексергені үшін алым
30-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц, 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

30. Тасымалдаушының станциядағы өкілінің жүк иесінің таразыларында жүктердің және ыдыстың массасын тексергені үшін алым әр операция үшін келесі мөлшерде өндіріп алынады:

Жүккөтергіштігі қандай болмасын вагон үшін 123 теңге – вагондық және элеваторлық таразыларда өлшеген кезде;

1 т үшін 47 теңге - тауарлық таразыларда өлшеген кезде;

автомобиль үшін 62 теңге және автотіркеме үшін 47 теңге – автомобильдік таразыларда өлшеген кезде.

Көрсетілген алым жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуды жүзеге асырған кезде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуды тауарлық кассалар арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан ГУ-57 нысандағы әр түрлі алым квитанциясы бойынша не болмаса ПЦ көлік картасы бойынша алынады.

31. Осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) 30-тармағында белгіленген алым:

тексеру кезінде табиғи шығынның нормасынан артық салмақ кем болып шықса, темір жол көлігінің салмағы үшін келген жөнелтілімдер бойынша;

жүк ақаулы вагонда немесе жөнелту пломбалары ақаулы вагондарда келген жағдайда;

жүк пломбалары жоқ жабық вагонда немесе ашық жылжымалы құрамда айқын кемшілік іздерімен келген болса;

тез бүлінетін жүктердің жеткізу мерзімдерін немесе белгіленген изотермиялық жылжымалы құрамға қызмет көрсету тәртібін бұзып келуі жағдайында;

«үй заттары» атауымен жөнелтудің барлық түрлерімен тасымалдауға ресімделетін жүктерді өлшеген жағдайда;

жүк жөнелтуші көрсеткен жүкті өлшеуді бақылаулық тексерген жағдайда өндіріп алынбайды.

32. Ауыстырып тиеу пункттеріндегі теміржол көлігінің вагон таразыларында ақтарма жүктер мен төкпелі жүктерді қайта өлшеген жағдайда қайта өлшеу үшін төлем осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) 29-тармағында көрсетілген мөлшерде есептеледі.


4. Қоймалық зиянкестер улаған вагондарды және астық қалқандарын тазарту, жуу, зарарсыздандыру, сондай-ақ

бұқырлау үшін алым
33-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

33. Меншікті (жалға алынған) вагондар мен қалқандарды жүктерді тиеу алдында және түсіргеннен кейін бұқырлау жүк жөнелтушінің және жүк алушының құралдарымен жүргізіледі. Вагондар мен қалқандарды бұқырлауды жүк жөнелтушінің және жүк алушының құралдарымен жалпы пайдалану жолдарында жүргізу кезінде, вагондарды жалпы парк локомотивімен әкелу және әкету үшін толық емес жарты сағатты толық деп санап, локомотив жұмысының әр жарты сағаты үшін 3058 теңге мөлшерінде алым өндіріп алынады.

34. Астықты және азық-түлік жүктерін тасымалдау кезінде вагондарды тазартуды, жууды, зарарсыздандыруды, сондай-ақ вагондар мен қалқандарды бұқырлауды тасымалдаушы жүргізген жағдайда, вагондарды және астық қалқандарын тазартуды, жуу, зарарсыздандыру және бұқырлау үшін алымдар ставкалары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы – жол бөлімшесінің директоры белгілеген мөлшерде есептеледі.

35. Жүк түсіру станцияларында зарарсыздандыру, бұқырлау, жуу пункттері болмаған және вагондарды зарарсыздандыру, бұқырлау және жуу үшін ең жақын станцияға жіберу қажет болған жағдайда, жүк алушыдан қосымша, вагондардың тиесілігіне тәуелсіз, №13 тарифтік схема бойынша ось-километрге байланысты олардың жүрісі үшін төлем өндіріп алынады.

36. Егер тасымалдау шарттары бойынша вагондар мен қалқандарды бұқырлау астық пен азық-түлік жүктерін тиегенге дейін жүргізілсе, жоғарыда көрсетілген алымдар жүк жөнелтушіден өндіріп алынады.

37. Осы тарауда көрсетілген алымдар жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуды жүзеге асырған кезде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуды тауарлық кассалар арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан ГУ 57 нысандағы түрлі алымның квитанциясы бойынша не болмаса ПЦ көлік картасы бойынша алынады.



5. Вагондарды әкелгені және әкеткені үшін алым
38. Тиелген және бос вагондарды кірме жолдарға жалпы парк локомотивімен әкелгені және әкеткені үшін алым әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік саны мен вагондарды екі арағаәкелген және әкеткен арақашықтыққа байланысты белгіленеді.

Аталған алым:

жалпы пайдалану кірме жолдарында және клиенттің кірме жолдарында вагондарды әкелгені және әкеткені үшін – осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) №1 кестесіндегі ставкалар бойынша;

станциялық, магистральдық жолдарда вагондарды әкелгені және әкеткені үшін – осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) №2 кестесіндегі ставкалар бойынша өндіріп алынады.

Вагондарды әкелгені және әкеткені үшін жалпы пайдалану кірме жолдарында уәкілетті органдар бекіткен кірме жолдардың реттелетін қызметтері үшін тарифтер қосымша өндіріп алынады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 20.12.2012 жылдағы №217-Ц бұйрығына сәйкес 38-1-тармақ қосымша енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

38-1. Вагондарды әкелу және әкету жалпы парктің екі локомотивімен ұйымдастырылған жағдайда жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарға және клиенттің кірме жолдарына вагондарды әкелу және әкету үшін алымдар, сондай-ақ вагондарды станциялық, магистральдық жолдарға әкелу және әкету үшін алымдар №1 кестенің және №2 кестенің ставкалары бойынша 2 есе ұлғайтылып есептеледі.

39. Вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы, әкелінетін және әкетілетін вагондардың орташа тәуліктік саны кірме жолды пайдалану шартында және вагондарды әкелу және әкету шартында көрсетіледі.

40. Вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы жолаушылар ғимаратының (вокзалының) осінен кірме жолдың схемасы немесе паспортындағы деректер, станцияның техникалық-басқару актісі (ТБА) бойынша, станцияның схемасы бойынша немесе нақты өлшеумен белгіленеді.

Кірме жолда, әр түрлі кірме жолдарда орналасқан, вагондарды әкелу және әкету пункттерінің бірнешеуі болған жағдайда, вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы әр пункт бойынша вагондардың арақашықтығы мен санына байланысты орташа өлшенген болып белгіленеді.

Жолаушылар ғимараты (вокзал) болмаған жағдайда вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы станция бойынша кезекші жайының осінен бастап белгіленеді.





1 кесте










Жалпы пайдалану кірме жолдарында және клиенттің кірме жолдарында тасымалдаушының (оператордың) локомотивімен вагондарды әкелгені және әкеткені үшін алым ставкалары (әкелгені және әкеткені үшін теңгемен)















































Кірме жолдар тобы

Әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік саны

Вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы, км екі араға




0,5-ке дейін

0,5-тен артық

1-ге дейін

1-ден артық 2-ге дейін

2-ден артық 3-ке дейін

3-тен артық 4-ке дейін

4-тен артық 5-ке дейін

5-тен артық 6-ға дейін

6-дан артық 7-ге дейін

7-ден артық 8-ге дейін

8-ден артық 9-ға дейін

9-дан артық 10-ға дейін

5-ке 10-нан артық




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14




I

0,5 вагонға дейін қоса алғанда

794

979

1 346

1 711

2 079

2 417

2 782

3 149

3 517

3 884

4 219

1 835




II

0,5-тен артық

1,5-ке дейін



1 682

2 079

2 629

3 211

3 761

4 311

4 863

5 442

5 992

6 545

7 124

3 793




III

1,5-тен артық 2,5-ке дейін

2 629

3211

4 098

4 954

5 810

6 698

7 553

8 409

9 297

10 153

11 008

5 872




IV

2,5-тен артық 5-ке дейін

3 914

4 801

6 086

7 368

8 653

9 938

11 252

12 537

13 822

15 107

16 389

8 744




V

5,0-ден артық 10-ға дейін

5 627

6 880

8 715

10 579

12 414

14 281

16 115

17 950

19 814

21 649

23 516

12 537




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14




VI

10-нан артық 25-ке дейін

7 492

9 174

11 649

14 096

16 574

19 020

21 496

23 942

26 421

28 867

31 343

16 727




VII

25-тен артық 50-ге дейін

10 000

12 261


15 565

18 835

22 140

25 410

28 714

32 016

35 288

38 590

41 863

22 352




VIII

50-ден артық 100-ге дейін

11 896

14 586

18 470

22 384

26 297

30 211

34 125

38 008

41 922

45 838

49 752

26 574




IX

100-ден артық 200-ге дейін

14 495

17 888

24 401

30 946

37 459

44 003

50 516

57 058

63 573

70 116

76 628

32 566




X

200-ден артық 300-ге дейін

18 377

22 446

30 670

38 864

47 061

55 285

63 480

71 677

79 871

88 095

96 292

40 913




XI

300-ден артық 500-ге дейін

38 070

46 876

63 909

80 909

97 942

114 975

132 007

149 040

166 041

183 073

200 106

85 437




XII

500-ден артық

53 574

65 958

89900

113843

137 817

161760

185 734

209 652

233 619

257 593

281 536

120 203





Ескертулер:




























1. Егер вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы 10 км-ден артық болса, - 10 км үшін төлемге әр 5 км үшін «5-ке 10-нан артық» баған бойынша төлем қосылады (толық емес 5 км толық болып есептеле отырып).




2. Кейіннен меншікті (жалға алынған) локомотивпен тиеу және түсіру шептері бойынша вагондарды орналастыра отырып, кәсіпорындардың шығарып тұрақтату жолдарына вагондарды тасымалдаушының (оператордың) локомотивімен әкелген және әкеткен жағдайда, әкелу арақашықтығына қарамастан, осы кестеде көрсетілген алымның жалпы сомасынан кірме жолдардың топтары үшін келесі мөлшерде жеңілдік беріледі I – 244 теңге, II - 488 теңге, III - 794 теңге, IV - 1 161 теңге, V - 1 652 теңге, VI - 2 202 теңге, VII – 2843 теңге, VIII - 3 240 теңге, IX - 4 037 теңге, X - 4 893 теңге, XI - 5810теңге, XII – 7033 теңге.



2-кесте



Станциялық, магистральдық жолдарда вагондарды тасымалдаушының (оператордың) локомотивімен әкелгені және әкеткені үшін алым ставкалары (әкелгені және әкеткені үшін теңгемен)








































Кірме жолдар тобы

Әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік саны

Вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы, км екі араға

0,5-ке дейін

0,5-тен артық

1-ге дейін

1-ден артық 2-ге дейін

2-ден артық 3-ке дейін

3-тен артық 4-ке дейін

4-тен артық 5-ке дейін

5-тен артық 6-ға дейін

6-дан артық 7-ге дейін

7-ден артық 8-ге дейін

8-ден артық 9-ға дейін

9-дан артық 10-ға дейін

5-ке 10-нан артық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

I

0,5 вагонға дейін қоса алғанда

1 132

1 376

1 896

2 385

2 905

3 393

3 914

4 404

4 922

5 413

5 933

2 538

II

0,5-тен артық

1,5-ке дейін



2 385

2 905

3 699

4 463

5 260

6 054

6 818

7 615

8 409

9 174

9 968

5 322

III

1,5-тен артық 2,5-ке дейін

3 699

4 525

5 719

6 942

8 165

9 356

10 579

11 773

12 996

14 219

15 413

8 227

IV

2,5-тен артық 5-ке дейін

5 475

6 727

8 532

10 335

12 140

13 943

15 748

17 553

19 356

21 129

22 934

12 261

V

5,0-ден артық 10-ға дейін

7 859

9 632

12 231

14 801

17 400

19 967

22 566

25 136

27 735

30 302

32 901

17 553

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

VI

10-нан артық 25-ке дейін

10 488

12 843

16 298

19 753

23 178

26 633

30 090

33 513

36 970

40 425

43 850

23 422

VII

25-тен артық 50-ге дейін

14 004

17 153

21 772

26 389

30 975

35 594

40 211

44 797

49 414

54 000

58 619

31 313

VIII

50-ден артық 100-ге дейін

16 665

20 396

25 868

31 343

36 817

42 289

47 764

53 236

58 711

64 185

69 657

37 182

IX

100-ден артық 200-ге дейін

20 305

25 045

34 157

43 298

52 442

61 586

70 727

79 871

89 013

98 157

107 301

45 591

X

200-ден артық 300-ге дейін

25 715

31 434

42 933

54 400

65 896

77 393

88 860

100 359

111 855

123 322

134 821

57 305

XI

300-ден артық 500-ге дейін

53 298

65 620

89 471

113 293

137 144

160 966

184 817

208 636

232 487

250 193

280 160

119 623

XII

500-ден артық

74 979

92 317

125 860

159 405

192 950

226 463

260 008

293 553

327 098

360 611

394 156

168 305

Ескертулер:




























1. Егер вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы 10 км-ден артық болса, - 10 км үшін төлемге әр 5 км үшін «5-ке 10-нан артық» баған бойынша төлем қосылады (толық емес 5 км толық болып есептеле отырып).

2. Кейіннен меншікті (жалға алынған) локомотивпен тиеу және түсіру шептері бойынша вагондарды орналастыра отырып, шығарып тұрақтату жолдарына вагондарды тасымалдаушының (оператордың) локомотивімен әкелген және әкеткен жағдайда, әкелу арақашықтығына қарамастан, осы кестеде көрсетілген алымның жалпы сомасынан кірме жолдардың топтары үшін келесі мөлшерде жеңілдік беріледі: I – 244 теңге, II - 488 теңге, III - 794 теңге, IV - 1 161 теңге, V - 1 652 теңге, VI - 2 202 теңге, VII – 2843 теңге, VIII - 3 240 теңге, IX - 4 037 теңге, X - 4 893 теңге, XI - 5810теңге, XII – 7033 теңге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет