1-бөлім Жүк вагондары мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлем



бет3/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.57 Mb.
#206114
1   2   3

Мысалы, егер жолаушылар ғимаратының (вокзалының) осінен А пунктіне дейінгі екі араға арақашықтық 10 км-ге тең, Б-пунктіне дейін – 5 км, В-пунктіне дейін – 13 км, осы пункттерге әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік саны тиісінше 10, 15, 25 вагонға тең болса, онда вагондарды әкелу және әкетудің орташа өлшенген арақашықтығы вагон-километрлер сомасын осы пункттерге әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік сомасына бөлу жолымен анықталады, және мынаны құрайды:
10 км • 10 вагон + 5 км • 15 вагон + 13 км • 25 вагон 500

--------------------------------------------------------------------------- = ------- = 10 км

10 + 15 + 25 50
Егер кірме жолдағы тиеу (түсіру) шептеріне (орындарына) дейінгі арақашықтық №1 және 2 кестелерде көрсетілген шектерде болса, онда олардың топтасуы мүмкін. Мысалы, А пункті үшін вагондарды әкелу немесе әкету арақашықтығы – 980 м, ал екі араға - 1 960 м; Б пункті үшін – тиісінше 1 100 және 2 200 м; В-пункті үшін – 1 250 және 2 500 м; Г пункті үшін – 1 370 және 2 740 м.

Бұл жағдайда шартта екі арақашықтық жазылады:

А-пункті үшін – арақашықтық 1-ден артық 2 км-ге дейін;

Б, В, Г-пункттері үшін – арақашықтық 2-ден артық 3 км-ге дейін;


41-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

41. Бір кірме жолдан екінші кірме жолға станциялық жолдар арқылы вагондарды әкелген және әкеткен кезде станциялық жолдардың арақашықтығы бір кірме жолдың станциялық жолдарға жанасу бағыттамасынан бастап басқа кірме жолдың станциялық жолдарға жанасу бағыттамасына дейін белгіленеді.

42. Станциялық, магистральдық жолдан кірме жолға вагондарды әкелген және әкеткен жағдайда, алымдар ставкасының мөлшері екі араға вагондарды әкелген және әкеткен жалпы арақашықтық үшін №1 және 2 кестелердің бағандары бойынша алымдар ставкаларының арасындағы орташа өлшенген шама ретінде белгіленеді.
Мысалы, екі араға вагондарды әкелу және әкету жүргізілетін жолдың жалпы ұзындығы 6,8 км-ді құрайды, оның ішінде кірме жол - 2,6 км, станциялық немесе магистральдық жол - 4,2 км. Орташа тәуліктік алым ставкасы (23942• 2,6 + 33513 • 4,2) : (2,6 + 4,2) = 29854 теңгені құрайды.
43-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 20.12.2012 жылдағы №217-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

43. Кірме жолдар тобы әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік санына қарай осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) №1 кестесі және №2 кестесі бойынша белгіленеді

Әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік санына жалпы парктің вагондары, сондай-ақ тиелген және бос күйіндегі әкелінген және әкетілген меншікті (жалға алынған) вагондар кіреді. мұндай вагондардың орташа тәуліктік саны 0,1 вагонға дейінгі дәлдікпен анықталады.

Әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік саны әрбір клиент бойынша вагондарды әкелу және әкету тізімдемелері бойынша осы кезеңдегі күндер санына бөлінген вагондарды әкелуге және әкетуге арналған шарттар жасаудың алдындағы жылдық кезеңде әкелінген және әкетілген вагондардың сомасы ретінде белгіленеді.

Жаңадан салынған кірме жолдар үшін қолданыстағы кірме жолдар үшін бекітілген тасымалдардың жоспарлы көлемдері пайдаланылады.

Жұмыстың айқын көрсетілген маусымдық сипаты жағдайында әкелінген және әкетілген вагондардың орташа тәуліктік саны маусым ішінде әкелінген және әкетілген вагондардың жалпы санын маусымдағы күнтізбелік күндердің тиісті санына бөлу арқылы анықталады.


Мысалы, күзгі маусым ішінде (3 ай) 920 вагон немесе тәулігіне орташа 10 вагон (920:92) әкелінген және әкетілген. Вагондарды екі араға әкелу және әкету арақашықтығы 4 км болған кезде «3-тен артық 4-ке дейін» баған бойынша кірме жолдардың V тобы үшін маусым ішіндегі әр тәулікте кірме жолдарға вагондарды әкелуге және әкетуге алым ставкалары №1 кесте бойынша 12414 теңгені, ал №2-кесте бойынша – 17400 теңгені құрайды.
Жұмыстың эпизодтық сипаты жағдайында алым вагондарды бір рет әкелу және әкету үшін сияқты өндіріп алынады.
Мысалы, бір тәулік ішінде вагондардың 2-і әкелінген және 2-і әкетілген, барлығы 4 вагон. Вагондарды екі араға әкелу және әкету арақашықтығы 4 км болған кезде «3-тен артық 4-ке дейін» баған бойынша кірме жолдардың IV тобы үшін тәулік ішіндегі вагондарды әкелуге және әкетуге алым ставкалары №1-кесте бойынша 8653 теңгені, ал №2-кесте бойынша – 12 140 теңгені құрайды.
44. Жүк операциясы бір тәулікте, ал вагонды (вагондарды) әкету келесі тәулікте шартпен ескерілген мерзімде басталған және аяқталған болса, вагондарды әкелу және әкету үшін алым әр түрлі тәуліктерде өндіріп алынады. Жүк операциясы бір тәулікте, ал вагонды (вагондарды) әкету шартпен келісілген мерзімді бұзып келесі тәулікте басталған және аяқталған болса, тасымалдаушының станциядағы өкілі тасымалдаушының кінәсі бойынша вагондардың уақытында әкетілмегені туралы жалпы нысандағы актіні жасайды әрі вагондарды әкелу және әкету үшін алым бір тәулік үшін өндіріп алынады.

45. Вагондарды тасымалдаушының (оператордың) локомотивімен әкелу үшін алым шарт немесе уақытша келісім жасалған әр клиенттен, олардың әрқайсысына жеке немесе бір уақытта бірнеше клиентке вагондарды әкелу және әкету жүргізілуіне қатыссыз жеке өндіріп алынады.

46. Клиенттердің шығарып тұрақтату жолдарына вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы, осы жолдардың ұзындығын қоса алғанда, жолаушылар ғимаратының (вокзалдың) осінен бастап екі араға белгіленеді.

47-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

47. Тиелген және бос вагондарды аралықтарға, сондай-ақ коммерциялық операциялар жүргізбейтін бөлу пункттеріне (разъездерге, блок-қосындарға, озба пункттеріне) вагондарды әкелу және әкету үшін №2 кестеде келтірілген ставкалар бойынша алым өндіріп алынады.

Аралыққа вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы жолаушылар ғимаратының (вокзалдың) осінен тиеу мен түсіру орнынан кейін орналасқан бөлу пунктіне дейін, екі араға белгіленеді.

Коммерциялық операциялар жүргізу үшін ашылмаған бөлу пункттеріне вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы жолаушылар ғимаратының (вокзалдан) станциядан осы бөлектенген пункттегі тиеу немесе түсіру орындарына дейін немесе немесе кірме жолдарға дейін, екі араға белгіленеді.

Аралықтарға вагондарды әкелу және әкету үшін алым тәулігіне әкелінген және әкетілген вагондардың нақты саны үшін өндіріп алынады.

Тиеу немесе түсіру жөніндегі операцияның аяқталуын күтіп локомотив бос тұрып қалған жағдайда, вагондарды әкелу және әкету үшін ставкалардан басқа, локомотивті кідірткені үшін толық емес жарты сағатты толық деп санап, бос тұрып қалудың әр жарты сағаты үшін 3058 теңге мөлшерінде төлем өндіріп алынады.

48. Тиелген және бос вагондарды өзінің бойында коммерциялық операциялар жүргізу үшін ашық станциялары болмайтын жалпы пайдалану жолдарына (тармақтарға) әкелгені және әкеткені үшін №2 кестедегі ставкалар бойынша алым өндіріп алынады.

Вагондарды әкелу және әкету арақашықтығы жолаушылар ғимаратының (вокзалдың) осінен бастап осы жолдардағы (тармақтардағы) тиеу және түсіру орындарына дейін белгіленеді. Вагондарды әкелу және әкету үшін алым тәулігіне екі араға әкелінген және әкетілген вагондардың нақты саны үшін өндіріп алынады.

49. Вагондарды әкелу және әкету процесінде орындалатын маневрлік жұмысқа тиеу және түсіру шептері бойымен берілетін вагондарды орналастыру, тиеу мен түсіру шептерінен вагондарды әкету, шептер және жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, тармақ иеленушілер бойынша іріктеусіз кірме жолдарға берердің алдында станциялық жолдарда вагондар тобын құрастыру жатады.

Вагондарды кірме жолдарға әкелу және әкету процесінде тасымалдаушының (оператордың) локомотиві орындайтын маневрлік жұмыс үшін жеке төлем өндіріп алынбайды.



50-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).
50. Жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иеленушінің жеке талабы бойынша орындалатын вагондарды әкелу және әкетумен бір уақытқа қатар келмейтін маневрлік жұмысқа осы Тарифтік басшылықтың (Прейскуранттың) 49-тармағында көрсетілгендерден басқа маневрлік жұмыстардың барлық түрлері жатады.

Жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иеленушінің жеке талабы бойынша орындалатын вагондарды әкелу және әкетумен бір уақытқа қатар келмейтін, қабылдап-тапсырушының жадынамасымен немесе вагондарды әкелу және әкету тізімдемесімен ресімделген (маневрлік жұмыстың басталу және аяқталу уақыты көрсетілген) маневрлік жұмыс үшін локомотивтің маневрлік жұмысының әр жарты сағаты үшін, толық емес жарты сағатты толық деп санап, 3058 теңге мөлшерінде төлем өндіріп алынады.

51. Вагондарды кірме жолдардан әкеткен және тасымалдаушының (оператордың) локомотивін люктерді жабу үшін тоқтатқан кезде локомотивтің маневрлік жұмысының әр жарты сағаты үшін, толық емес жарты сағатты толық деп санап, алым өндіріп алынады

52. Тасымалдаушының (оператордың) локомотивінің жүрісі үшін, жүк жөнелтушінің (жүк алушының) өтінімі бойынша оны басқа станциядан талап еткен кезде екі араға тарифтік арақашықтықтың әр километрі үшін 459 теңге, бірақ 1223 теңгеден кем емес мөлшерде алым өндіріп алынады.



53-тармақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц бұйрығы редакциясында жазылған (ескі редакциясын қараңыз).

53. Меншікті (жалға алынған) локомотивпен вагондарды әкелген және әкеткен кезде жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші магистральдық темір жол желісінің операторына магистральдық темір жол желісін пайдаланғаны үшін төлеуге жататын шығыстардың орнын толтырады.



«ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 20.12.2012 жылдағы №217-Ц бұйрығына сәйкес 38-1-тармақ қосымша енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

53-1. Вагондарды әкелгені және әкеткені үшін алым төлеудің, вагондарды екі араға әкелу және әкету қашықтығы, теміржолдық кірме жолдың жазылмалы ұзындығы және оның тобы, вагондарды беру және алу тізімдемелері бойынша алымдарды есептеу жүргізілуі мүмкін кезең (тәулік ішінде, бескүндікте, онкүндікте немесе айда) вагондарды әкелу және әкету шартында көрсетіледі.


6. Жүктердің, вагондар мен контейнерлердің тағайындалу станциясына келе жатқаны туралы алдын ала ақпарат беру үшін алымдар
54-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

54. Тасымалдаушы мен жүк алушының (жүк жөнелтушінің) арасында жүктердің, вагондардың және контейнерлердің келе жатқаны туралы ақпарат беруге арналған шартпен белгіленген тәртіпте және мерзімде алдын ала осындай ақпарат бергені үшін алымдар келесі мөлшерде өндіріп алынады:

1) телефон арқылы ақпарат берген кезде:

жүк тиелген вагондар мен контейнерлер туралы:

бір поезбен келе жатқан бір вагон үшін 123 теңге;

бір поезбен келе жатқан вагондар тобындағы бір вагон үшін 62 теңге, бірақ вагондардың барлық тобы үшін 429 теңгеден артық болмайтындай;

вагондардың маршруты үшін 373 теңге;

бір поезбен келе жатқан бір контейнер үшін 123 теңге;

бір вагонда тасымалданатын контейнерлер тобынан бір контейнер үшін 62 теңге, бірақ барлық топ үшін 429 теңгеден артық болмайтындай;

бос вагондар мен контейнерлер туралы: вагондар мен контейнерлердің санына тәуелсіз (жеке меншік және жалға алынғандарын қоспағанда) әр хабарлама үшін 215 теңге;

2) 1 жеделхат үшін 550 теңге – телеграф бойынша ақпарат беру кезінде;

3) ақпаратты телетайп арқылы берген кезде – ұзақтығы 3 минутқа дейінгі әр хабарлама үшін 429 теңге және 3 минуттан артық берілген әр минут үшін қосымша 123 теңгеден.

Аталған алым жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуларды ГУ-57 нысандағы әртүрлі алымның квитанциялар не болмаса ПО-ның көлік картасы бойынша тауар кассалары арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан өндіріп алынады.

54.1 Жүк алушыларды олардың атына тағайындалу станциясына келген жүктер туралы хабардар еткені үшін тасымалдаушы мен жүк алушының арасындағы шартқа сәйкес келесі мөлшерде алымдар өндіріп алынады (жөнелтулер санына қарамастан):

1) телефон арқылы - әр хабарлама үшін 30 теңге;

2) пошта байланысы арқылы - әрбір пошталық марка үшін 62 теңге;

3) телеграф арқылы - 1 хабарлама үшін 478 теңге;

4) қолма-қол беру - олардың шегінде станция орналаскан қалалар мен елді мекендерде хабарлама үшін 412 теңге;

5) ұялы байланыс бойынша - 1 хабарландыру үшін 92 теңге;

басқа пункттерде - олардың нақты құны бойынша.

55. Жүктердің, вагондар мен контейнерлердің келе жатқаны және келгені туралы ақпарат беруге арналған шарттарда осы тарауда белгіленген алымдар ставкаларына, сондай-ақ осы кезеңде берілетін ақпараттың кезеңділігі мен санына негізделіп анықталған айына, тоқсанына немесе жылына ақпарат беру үшін алымдардың жалпы сомасы көрсетілуі мүмкін.

56-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

56. Тасымалдаушының станциядағы өкілінің жүк жөнелтушілерге және жүк алушыларға алда тұрған тиеуге және түсіруге вагондар беру туралы ақпаратты беруі осы тараумен көзделген алымдарды өндіріп алусыз жүргізіледі.



7. Жүктерді тасымалдауды ресімдеу жөніндегі операциялар және жүктерді тасымалдаумен байланысты басқа операциялар үшін алымдар
57-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц, 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).

57. Станциядағы тасымалдаушының өкілі жүктерді тасымалдауды ресімдеу жөніндегі операцияларды және жүк алушының, жүк жөнелтушінің жеке өтінімі бойынша жүктерді тасымалдаумен байланысты басқа операцияларды орындағаны үшін мөлшері №3 кестеде көрсетілген алымды өндіріп алады.


№ 3 кесте

Р.б.№

Операциялардың атауы

Алым мөлшері

(теңге)


1

2

3

1

Тасымалдау құжатын толтыру

құжаттың әрбір парағы үшін 30 теңге

2

Жүк тасымалдары бойынша жазбаша түрде анықтамалар беру

әр жөнелтуден 91 теңге

3

Жүк жөнелтушінің талабы бойынша жүктерді тасымалдау жоспарын орындау жөніндегі есептік карточкалардың екінші даналарын толтыру

әр карточкадан есептік тәулік үшін 47 теңге, алайда әр карточка бойынша айына 215 теңгеден кем емес

4

Бирканы (трафаретімен) ілу

әр бирка үшін 30 теңге

5

Бирканы толтыру немесе жүк орындарына жөнелту таңбасын салу

бір орыннан 47 теңге

6

Жүкті іздестру:

жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін


Қуынымдарды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін

әр жөнелтуден

2463 теңге


әр жөнелтуден

8798 теңге


Аталған алымдар жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуларды ГУ-57 нысандағы әртүрлі алымның квитанциялар не болмаса ПО-ның көлік картасы бойынша тауар кассалары арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан өндіріп алынады.



58-тармаққа «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың 19.07.2006 жылдағы №551-Ц, 26.12.2012 жылдағы №222-Ц бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген (ескі редакциясын қараңыз).
58. Басқа ұйымдарға кірме жолдардың жанасу құрылғыларының және бөлінген алқапта жүктерді қоймалау үшін уақытша пайдалануға беру кезінде, тасымалдаушының жер телімдерін күтіп ұстау жөніндегі шығыстарының орнын толтыру мақсатында, жылына 100 шаршы метр үшін 3669 теңге мөлшерінде (жерге салықсыз) төлем өндіріп алынады.
8. Жүкті тағайындалған тиеу күнінен ерте бергені үшін алым
59. Тағайындалған тиеу күнінен ерте жүктерді тиеу және түсіру орындарынан оларды жөнелтулердің барлық түрлерімен тасымалдауға қабылдау үшін толық емес тоннаны толық деп санай отырып, тәулігіне 1 т жүктен 306 теңге мөлшерінде алым өндіріп алынады. Аталған алым жүкті тасымалдауға қабылдаған күннен (қоса алғанда) бастап оның тиелуі тағайындалған күнге (қоспағанда) дейінгі уақыт үшін есептеледі.

Осындай жүктердің тасымалдау құжаттарының тиісті бағандарында жүкті тасымалдауға қабылдау күні және тиеу күні көрсетіледі.

Аталған жүктерді жеткізу мерзімдерін есептеу жүк тиелуі тиіс күннің 24 сағатынан бастап жүргізіледі.

60. Жүкті бұрын тағайындалған тиеу күнінен ерте ұсынғаны үшін алым жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуларды ГУ-57 нысандағы әртүрлі алымның квитанциялар не болмаса ПО-ның көлік картасы бойынша тауар кассалары арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан өндіріп алынады.

61. Жүкті бұрын тағайындалған тиеу күнінен ерте ұсынғаны үшін алым үй заттарын тасымалдауға қабылдау кезінде өндіріп алынбайды.
9. Жүктердің баратын мекенжайын өзгерткені үшін алым
62. При изменении в перевозочных документах грузополучателя и/или станции назначения (переадресовке) груза, принятого к перевозке, взимается сбор за переадресовку грузов:

Жүк алушының тасымалдау құжаттарын және/немесе тасымалдауға қабылданған жүктің тағайындалу станциясын өзгерткені (баратын мекенжайын өзгерткені) үшін келесі алым өндіріп алынады:

брутто массасы 3 және 5 т контейнерлерде – 1 987 теңге;

брутто массасы 20 және 24 т контейнерлерде – 2696 теңге;

брутто массасы 30 және 40 т контейнерлерде – 5392 теңге;

рефрижераторлық секцияларда (секциядағы вагондар санына қарамастан) – секция үшін 4683 теңге;

қалған вагондарда – 3831 теңге.

Жүктерді маршруттық жөнелтулермен тасымалдау кезінде жүктердің баратын мекенжайын өзгерткені үшін алым бірлік – вагон, контейнер немесе рефрижераторлық секция үшін өндіріп алынады.

Аталған алым жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде;



орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуларды ГУ-57 нысандағы әртүрлі алымның квитанциялар не болмаса ПО-ның көлік картасы бойынша тауар кассалары арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан өндіріп алынады.
10. Жүк жөнелтушілердің өтінімі бойынша тасымалдаудың айлық жоспарына кірмеген жедел және басқа тасымалдарды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету үшін алым
63. Жүк жөнелтушілердің өтінімі бойынша тасымалдаудың айлық жоспарына кірмеген жедел және басқа тасымалдарды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету үшін алым өндіріп алынады:

брутто массасы 30 және 40 т вагон мен контейнер үшін – 1909 теңге;

брутто массасы 20 және 24 т контейнер үшін – 955 теңге;

брутто массасы 3, 5 және 10 т контейнер үшін – 478 теңге.

Жүктерді меншікті (жалға алынған) вагондар мен контейнерлерде тасымалдағаны үшін жүк жөнелтушілердің өтінімі бойынша тасымалдаудың айлық жоспарына кірмеген жедел және басқа тасымалдарды жылжымалы құраммен қамтамасыз ету үшін алым өндіріп алынбайды.

Аталған алым жинақтау карточкасы бойынша:

ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуларды ГУ-57 нысандағы әртүрлі алымның квитанциялар не болмаса ПО-ның көлік картасы бойынша тауар кассалары арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан өндіріп алынады.
11. Күзет қызметін кідірткені үшін алым
64. Жүктерді тиеуге және түсіруге белгіленген уақыт нормаларынан артық жүк жөнелтушінің (жүк алушының) кінәсінен күзет қызметінің атқышын кідірткен жағдайда толық емес сағатты толық деп санап, вагон үшін сағатына 405 теңге мөлшерінде алым өндіріп алынады.

Аталған алым жинақтау карточкасы бойынша:



ТехПД арқылы орталықтандырылған есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде;

орталықтандырылған есеп айырысу құқығын пайдаланбайтын, есеп айырысуларды ГУ-57 нысандағы әртүрлі алымның квитанциялар не болмаса ПО-ның көлік картасы бойынша тауар кассалары арқылы жүзеге асыратын жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардан өндіріп алынады.

12. Осы Тарифтік басшылықпен (Прейскурантпен) көзделмеген тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін алымдар
65. Осы Тарифтік басшылықпен (Прейскурантпен) көзделмеген жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін алымдар тиісті фрахталық жылға белгіленген Қазақстан темір жолының Тарифтік саясатына сәйкес анықталады.
______________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет