59.Кері байланыс жасау құралдары - Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен байланыс ең маңызды болып табылады. Тапсырманың анық-қанығын, оқу материалдарына толық қолжетімділіктің болуын және т.б. үнемі бақылау қажет. Электрондық күнделікте топтық хабарламаларды қолдануды ұсынамыз. Сондай-ақ, сіздер осы мақсатта оқушылар арасында танымал болған мессенджерді (Whatsapp және т.б.), тіпті әлеуметтік желілердің ресурстарын пайдалануға құқығыңыз бар.
Сабақ кестесін сақтау керектігін ұмытпаңыз, ал жаттығу басталған кезде барлық материалдар орналастырылып, балаларға жеткізілуі керек. Сізге тексеруге жіберілген ашық тапсырмалар мен материалдарды жаңа сабақ басталғанға дейін 3 сағаттан кешіктірмей бағалау керек екенін ұмытпаңыз, әйтпесе балалар қашықтық сабақтың ынтасы мен маңыздылығын жоғалтады.
60.Топтық жұмыс ұйымдастурға мүмкіндік беретін құралдар - Бастауыш сыныпта оқушыға білім беру белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамытуды, яғни сөйлеу, оқу, талдау жасауға үйретуді және ойын толық, дұрыс жеткізуді қамтиды. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру болып табылады.
Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстардың пайдасы зор. Топтық жұмыстың ерекшеліктері:
оқушы өтілген сабақ материалын түсінбесе, мұғалімге тура сұрақ бағыттай алмайды. Ал топтық жұмыс әрекеті барысында оқушы түсінбеген тақырып төңірегінде бір-бірімен ақылдасу мүмкіндігіне ие, сондай-ақ, игермеген тақырыбын мұғалімнен сұрайды;
айналадағы болып жатқан мәселелерді өздігінен анықтайды;
әрбір топ мүшесі топтың нәтижеге жетуі білім бағдарламасындағы тапсырмалардың орындауынан ғана емес, өздігінен жаңа білім мен дағдыларды керек ететіндігін түсінеді;
оқушылар өз көзқарастарын тұрақтандырады, ұсынады және дәлелдей алады;
оқушылар топтық жұмыс әрекетінде жинаған білім, біліктерінің тиімді қолдану мүмкіндігін түсінеді;
оқушылар өзара және мұғаліммен пікірлесу арқылы қарым-қатынастық дағдыны қалыптастырады;
оқушылардың серіктестік сезімі мен өзара ынтымақтастық байланысы мен шығармашылық дағдылары дамиды[1].
Топтық жұмыс оқушыларды шығармашыл ойлауға, кез-келген ақпаратты ойластыра отырып талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге жетелейді. Топтық жұмысты жасауда ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.Топтасу барысында әр оқушы қамтылады. Сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен кірісіп кетеді, сабақта деген белсенділігі артады. Сабақ барысында тапсырмаларды өздері талдап, бір шешімге келіп, бір-бірін тыңдап, әрқайсысының пікірі құнды екенін біледі. Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой иелегінен өткізу арқылы пікір алмасуы, белсенділігі, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |