57..Қашықтан білім беру технологияларының негізгі түрлері - Қашықтықтан білім беру технологиялары келесі түрлерді қамтиды: бейне-дәріс, онлайн-дәріс, мультимедиа-дәріс, телевизиялық дәріс; электрондық оқу басылымдары бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, тренажерлер, ақпараттық-анықтамалық жүйелер), виртуалды зертханалық практикумы (имитациялық модельдер), компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар және электрондық пошта арқылы кеңес беру; өзге де телевизиялық, желілік және кейс-технологиялар, жобалау жұмысы [2].
Елде төтенше жағдай енгізілген жағдайда қашықтықтан сапалы оқытуды ұйымдастыру өте өзекті болып саналады. Еліміздің білім беру жүйесінің алдына үздіксіз білім беру үшін мүмкіндік жасау міндеті қойылған. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде білім алушыларға арналған түрлі білім беру платформалары бар, мысалы: Bilimland, Daryn Online, Kundelik, Platonus, Univer, Edupage, BTS education, U-study, AGS. Бүгінгі күні "Zoom" стримингтік сервисі, "Coursera"ең ірі платформасы өз қызметтерін тегін ұсынды. Мұнан басқа Google Classroom, Hangouts, Kundelik, Moodle жүйелерін қолдануға болады. Bilimland өз контентінің 40 мың бірлігін тегін ұсынды.
Қазақстанның білім беру мекемелерінде негізінен бейнеконференция өткізу үшін келесі платформалар қолданылады: Zoom, Skype, Microsoft Teams, сондай-ақ WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерді оқушылармен жеке сабақтарда өзара іс-қимыл жасау үшін пайдалануға рұқсат етілген. "EL ARNA", "balapan" телеарналарында қазақ және орыс тілдерінде телекоммуникациялық желілер арқылы трансляция жүзеге асырылады.
58.Электронды оқытудың ерекшелігі -Жаңа ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тəуелсіз Қазақстан Республикасының əрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда пəн мұғалімдерінің рөлі зор. Оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, ой-өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік жəне табиғат құбылыстарын жеке бақылағыштық, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын сезімдерін жетілдіреді.
Оқушылардың қазіргі заман талабына сай жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту жəне электрондық оқулықтарды пайдаланып, қоғамдық пəндерге деген қызығушылығын арттыру — əрбір мұғалімнің міндеті. Əрине, электронды оқулықтарды қолданудың əсері мол. Осы талаптарды жүзеге асырудың бірінші талабы оқушының компьютерлік біліктілігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |