1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастиканың орнымен мәні


 . Жүкті көтеру және тасу жаттығулары



Pdf көрінісі
бет37/56
Дата13.06.2023
өлшемі1.55 Mb.
#474996
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
2501e483bbc50a8874f0ae6e4a0e9dbc (1)

4 . Жүкті көтеру және тасу жаттығулары 
Жүкті көтеру және тасу жаттығулары жаттығушылардың өздерімен 
және түрлі заттармен жасалады.
Бұл жаттығулардың көмегімен күш, бұлшық ет шыдамдылығы, қимыл 
үйлесімділігі, ептілік, тапқырлық, өз күшін үнемді пайдалану, ашықтық 
және т.б. қасиеттерді дамытады.
Жаттығу ретінде мыналар қолданылады: 
1. Нығыздалған допты беру:
а) қатарда, допты қабылдап ары қарай беру;
б) лекте, аяқта алшақ қойып допты бастан асырып, жанымен, аяқ 
арасынан беру.
2. Нығыздалған допты тасу:
а) алдыда қолмен;
б) бүйірде, бір қолмен ұстап; 
 в) желкеде немесе баста ұстап (қолдың көмегімен немесе керісінше). 
Гимнастическалық жабдықты көтеріп апару:
а) гимнастикалық төсенішті төртеулеп немесе екеулеп  
б) гимнастикалық орындықты орындықтың екі жағынан ұстап екеулеп;
в) гимнастикалық кіші ат жалғыз(24 сурет), гимнастикалық кіші аты 
аяғынан екеулеп ұстап (25 сурет). 
24 сурет 25 сурет 
г) бөрене, брусьяны үлкендердің басқаруымен топпен көтеріп апарады.
Әріптесін екеулеп көтеріп апару 
Отырған адамды қолмен көтеруп апару (26 сурет). Екі адам қимыл 
бағытына қарап бір-біріне жақын тұрады, өздеріне жақын білектен ұстайды. 


Үшінші адам арнайы дайындалған қолға отырып, серіктестердің мойнынан 
немесе ияқтарынан ұстанады.
Отырған адамды арқаға тіреп көтеріп апару («креслода») (27сурет). 
Көтеріп апарушылар апаратын адамның артына тізерлеп, алшақ білектерін 
айқастырып, жақын орналасқан қолдарын бір-бірінің иықтарына қояды. 
Көтеріліп апарылатын адам серіктестерінің арнайы дайындаған 
қолдарына арқасын иықтарына айқасқан қолдарына тіреп, ал өз қолымен 
олардың мойындарынан ұстап отырады. 
26 сурет. 27 сурет. 
Қолдан төмен және тізеден тіреп көтеріп апару (28 сурет). 
Көтерушілер бірінің арқасына бірі қарап, көтеріп апарылатын адамның бірі 
аяғынан төмен бірі қолынан төмен ұстап көтеріп атарады . 
Орынған адамды бір-бірінің қолдарын ұстап тасу («орындықта») (29 
сурет). Көтеріп тасушылар бір біріне қарап тұрып және, қолымен бір-бірінің 
білегінің үстінен ұстайды, екінші бос қолымен серіктесінің бос білегінің 
үстінен. Тасылушы серіктестердің қолына отырып, олардың иықтарынан 
ұсталынады.
Аяқтың астынан және арқадан тіреп көтеріп апару (30 сурет). 
Таситындар арқасымен жатқан жолдастарының бiр жанына кеп тұрады және,
бір тізерлеп тұрып біреуі аяғынан ұстап, келесісі арқасынан ұстап көтереді.
Тасылатын адам өзіне жақын тұрған тасушының мойнынан ұстайды.
28 сурет. 29 сурет. 30 сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет