1 Деректер қорына кіріспе



Pdf көрінісі
бет16/26
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490878
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
ik 1

 
9
дәріс. Деректердің физикалық үлгілері (ішкі деңгей) 
Мақсаты: деректер қорында деректерге уақыт және алынатын жадының 
көлемі бойынша сәйкес үлгілердің бағасы бар ДҚБЖ-де ЭЕМ жадында 
деректерді ұйымдастырудың негізгі типтік тәсілдері туралы мағлұмат беру. 


40 
Аталып өткендей, ДҚБЖ-не айрықшаландырылған, концептуалды сұлба 
ДҚБЖ бағдарламаларымен 
сақталу 
құрылымында 
автоматты 
түрде 
бейнеленеді. Сыртқы қолданушы оның деректер туралы ұсынысы физикалық 
түрде есептеуіш жүйенің жадысында ұйымдастырылғаны туралы білмеуі 
мүмкін. Сонда да ЭЕМ жадында деректерді физикалық орналастырудан 
қолданбалы тапсырмаларды шешу уақыты едәуір тәуелді. Осыған байланысты, 
тіпті деректер қорын жобалаудың бастапқы сатыларының – ДҚБЖ таңдау 
сатысында, нақты ДҚБЖ ұсынылатын, сақтаудың физикалық құрылым 
мүмкіндіктерін білу және осы мүмкіндіктерді ескере отырып, жобаланатын 
деректер қорының уақытша сипаттамаларын бағалауды білу маңызды.
Әртүрлі ДҚБЖ-де деректерді физикалық ұйымдастыру тәсілдері, ережеге 
сәйкес, әртүрлі және ЭЕМ-мен қолданылатын типтермен, ДҚБЖ жасақтайтын 
аспаптық құралдармен, сонымен қатар, деректерді орналастыру әдістерін және
осы деректерге рұқсат тәсілдерін таңдау критерилермен анықталады. Аса кең 
таралған критерилердің қызметін деректерге рұқсат уақыты атқарады, алайда 
критери ретінде, мысалы, сәйкес әдістерді жүзеге асырудың еңбек 
сыйымдылығы таңдалуы мүмкін екенін ескерейік.
Қазіргі дәрісте нақты ДҚБЖ-де деректерді ұйымдастырудың типтік 
физикалық үлгілері қарастырылатын болады.
Деректердің физикалық үлгісі деректер үлгілерін бейнелеу үшін қызмет 
етеді. Деректер үлгісінің негізгі ұғымдары өріс, логикалық жазба, логикалық 
файл болып табылады. «Логикалық» сөзі деректердің логикалық үлгісіне 
жататын ұғымдарды деректердің физикалық үлгісіне жататын ұғымдардан 
ажырату үшін енгізілді. Деректердің логикалық үлгісін ұсыну үшін 
қолданылатын, деректердің физикалық үлгісінің негізгі ұғымдары өріс, 
физикалық жазба, физикалық файл болып табылады. Жеке жағдайда, 
өрістерден тұратын, логикалық жазба физикалық жазба түрінде (сондай 
өрістерден тұратын), логикалық файл – физикалық файл түрінде ұсынылуы 
мүмкін. Деректердің физикалық үлгісіне жататын, ұғымдарды нақтыламастан 
бұрын ЭЕМ жадысының құрылымын қарастырайық.
Біршама деңгейде деректерді ұйымдастыру және оларға рұқсат әдісін 
анықтайтын, ЭЕМ жадысының маңызды ерекшелігі, оның бір текті еместілігі 
болып табылады. Екі түрлі типті жады болады: жедел (оперативті) жады (ЖЖ) 
және сыртқы жады (СЖ), процессор тек жедел жады деректерімен жұмыс 
жасайды (9.1 сурет). 
9.1 сурет – ЭЕМ жұмысының сұлбасы 


41 
Бірнеше рет аталып өткендей, деректер қоры үлкен көлемді деректермен 
жұмыс жасау үшін құрылады, бұл сыртқы жадының қолданылуын қажет етеді. 
Сондықтан деректерді және оларға рұқсатты ұйымдастыру жадының әр типінің 
ерекшелігін де, және олардың өзара әрекеттесуінің тәсілдерін есепке алуы 
қажет.
Жедел жадының негізгі қасиеттерін атап өтейік: 
- жады бірлігі байт болып табылады
- жады тікелей жолданады (әр байттың адресі болады); 
- осы деректерден тұратын, тікелей байттар тізбегіне жолдай отырып, 
қажет емес деректерді өңдеу үшін процессор таңдайды.
Сыртқы жадының негізгі қасиеттерін атап өтейік:
- минималды жолданатын бірлік физкалық жазба болып табылады;
- келесі кезекті өңдеу үшін (мысалы, өрістермен жұмыс) жазба жедел 
жадыға оқылуы қажет;
- жазбалардың ЖЖ-ға оқылу уақыты ЖЖ-дан жазбаларды процессормен 
өңдеу уапқытынан бірнеше қатарға жоғары;
- алмастыруды ұйымдастыру бөлік болып жүзеге асады, себебі барлық 
деректер қорын бірден оқу мүмкін емес.
Логикалық жазба жедел жадыда келесі түрде ұсынылады:
Логикалық жазба 
ЖЖ байттарының тізбегі
Өріс 1 Өріс 2 … 
Өріс 

B1 
B2 
... 
BN 
Өріс типі 
B
i
– i өрісін сақтау үшін 
қолданылатын, 
ЖЖ 
байттар тізбегі
Өріс сипаттамасы 
Ұзындық 
Байттарды тура адрестеу процессорға өңдеу үшін қажетті өрісті таңдауға 
мүмкіндік береді.
Көрсетілген ұсыныс желілік, иерархиялық және реляциялық үлгілерде 
жазбалар үшін айырмашылық жасамайды. Желілік және иерархиялық үлгілер 
жағдайында біршама өрістер көрсеткіштер болып табылуы мүмкін, онда, осы 
өрістерді сақтау үшін қолданылатын, байттар тізбегі, қатынас мүшесі 
жазбасына сәйкес келетін, байттар тізбегінің басы адресінен тұратынын 
ескерейік.
Заманауи ДҚБЖ көпшілігінде бекітілген ұзындықтағы жазба форматтары 
қолданылады. Бұл жағдайда, өрістер ұзындығының қосындысын анықтайтын
жазба құрайтын, барлық жазбалар бірдей ұзындықта болады. ДҚБЖ-де 
жазбалардың басқа форматтары (айнымалы ұзындықтағы, анықталмаған 
ұзындық) өте сирек кездеседі, сондықтан бұл кітапта бұл форматтар 
қарастырылмайды. Жазбалардың әртүрлі даналарында барынша әртүрлі 
ұзындықтағы мәндерді қабылдайтын, жазба өрістері пәндік аймақта жеткілікті 
жиі кездесетінін ескерейік. «ҚЫЗМЕТКЕР» жазбасындағы резюме өрісі мысал 
бола алады. Резюме мәтіннің жарты бетін, бір бетін және т.с.с. алуы мүмкін.


42 
Айнымалы ұзындықтағы бұл ақпаратты қалай бекітілген ұзындықтағы жазбаға 
ұсынуға болады деген мәселе туындайды. Максималды мәні бойынша сәйкес 
өрістің өлшемін орнату мүмкін нұсқа болып табылады. Бұл жағдайда көптеген 
жазба даналарында крсетілген өріс жартылай толтырылатын болады, 
осылайша, ЭЕМ жады тиімсіз қолданылатын болады. Аса тиімді және ДҚБЖ-де 
жиі қолданылатын мұндай жазбаларды ұйымдастыруды қабылдау келесіден 
тұрады. Барынша әртүрлі ұзындықтағы мәндерді қабылдайтын, өрістің 
(өрістердің) орнына жазбаға, бастапқы өріс мәні орнатылатын, жады аймағына 
жазбаға өріс-көрсеткіш қосылады. Ережеге сәйкес, бұл аймақ тікелей 
рұқсаттың сыртқы жады аймағы болып атбылады. Белгіленген аймақта сәйкес 
мәнді енгізу үрдісінде осы мәннің ұзындығы сияқты жады орны алынады.
9.2 суретте жоғарыда көрсетілген N өрістен тұратын жазба даналарын 
ұсыну көрсетілген, мұнда N өріс әртүрлі жазба даналарында сәйкесінше әртүрлі 
ұзындықтағы мәнлдерді қабылдайды.
9.2 сурет – Айнымалы ұзындықтағы өрістерді ұсыну 
Мұндай сұлбаны нақты жүзеге асыру ДҚБЖ-де (dBase III+, FoxPro, 
Access және т.б.) МЕМО типті өріс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет