1 Деректер қорына кіріспе


дәріс. Заманауи деректер қорының жұмысының бағдарламалық



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490878
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
ik 1

11 дәріс. Заманауи деректер қорының жұмысының бағдарламалық 
жасақтамасы
Мақсаты: деректер қорның бағдарламалық жасақтамасының негізгі 
тапсырмалары, осы тапсырмаларды шешуге арналған бар амалдар, соның 
ішінде SQL сұранысының құрылымданған тілі туралы жалпы ұсыныс беру
Реляциялық деректер қорымен жұмыс кезінде шартты түрде екі негізгі 
тапсырманы белгілеуге болады:
1) Деректер 
қорын құрудан және жургізуден тұратын (кесте 
құрылымдарын құру, кестеге жазба қосу, жазбаларды кетіру, жаңарту, қажетті 
жазбаларды іріктеу), шын мәнінде деректер қорымен жұмыс. 
2) Деректер қорымен жұмыс бойынша қолданушы интерфейсін 
жасақтаудан тұратын, қолданушы қосымшаларын құру.
Көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін заманауи ДҚБЖ өзінің 
құрамында келесі бағдарламалық құралдардан тұрады: процедуралық қадамдық 
бағдарламалау тілдері, визуалды бағдарламалау құралдары (графикалық 
интерфейс, жоба диспетчері, шебер және тұрғызушылар), объектті-бағытталған 
қосымшаларды құру құралдары. Бұдан басқа, көптеген ДҚБЖ қолданушы 
бағдарламаларын жасақтау кезінде басқа бағдарламалау тілдерін қолдануға 
рұқсат етіледі, сонымен қатар әртүрлі тектегі кітапханаларды қолдануға да 
рұқсат етіледі. Мысалы, ACCESS ДҚБЖ жұмыс жасаған кезде ACCESS 
бағдарламалау тілін, ACCESS шеберін және VISUAL BASIC бағдарламалау 
тілін қолдануға болады.
Клиент-серверлік жүйелермен жұмыс жасаған кезде жағдай әлде қайда 
күрделірек. Мұнда жұмысқа екі типті компьютерлер (сервер және клиент) 
қатысады және демек, клиенттік және серверлік бағдарламалық жасақтама деп 


47 
бөледі. Серверлік бағдарламалық жасақтама, деректер қорын құруды және 
жүргізуді қолдайтын, сонымен бірге деректер қорына клиенттерден келіп 
түсетін қолданушы сұраныстарын жүзеге асыруды қолдайтын, бағдарламалау 
тілдерінен тұрады. Қолданушы қосымшалары клиент-компьютерлерінде 
құрылады және жұмыс жасайды. Нақ осы компьютерлерде, деректер қорына 
сұранысты құрастыру құралдарымен қатар, интерфейсті жасақтау құралдары да 
болуы керек. Осыған байланысты, клиент-серверлік ДҚБЖ бағдарламалық 
жасақтама екі бөлікке бөлінеді: бағдарламалық жасақтама – клиент және 
бағдарламалық 
жасақтама 
– 
сервер. 
Клиент 
– 
бағдарламалық 
жасақтамаларымен қатар, нақты ДҚБЖ қолданушы бағдарламаларын жасақтау 
кезінде басқа бағдарламалау тілдері, арнайы кітапханалар, басқа бағдарламалау 
жүйелері (осы ДҚБЖ үшін анықталған) қолданылуы мүмкін екенін ескерейік. 
Мысал ретінде кестеде Microsoft SQL Server ДҚБЖ клиент-серверлік өзара 
әрекеттесуді ұйымдастыру үшін бағдарламалық жасақтаманы қолданудың 
мүмкін нұсқалары ұсынылады. 
11.1 кесте – Microsoft SQL Server ДҚБЖ бағдарламалық жасақтаманы 
қолданудың мүмкін нұсқалары 
MS SQL серверінде 
деректер қорын жүргізу 
құралдары 
Клиенттік қосымшаларды жасақтау құралдары 
SQL-сервер 
қызметтері 
(MS SQL server және т.б.) 

SQL-сервер 
клиентінің 
бағдарламалық 
жасақтамасы (Transact SQL, SQL Server Query 
Analyzer және т.б.) 
- MS Access (ODBC) 
- MS Visual Basic 
- MS Visual Studio 
- MS Visual FoxPro
- Java (JDBC) 
- Borland Delphi 
- Borland C++Builder және т.б. 
- Функция кітапханалары (API, ODBC және т.б. 
ДҚБЖ жұмысының бағдарламалық жасақтамасының барлық спектрлерін 
толық қарастыру өте ауқымды және берілген құрал шеңберінен шығып кетеді. 
Сондықтан берілген жұмыста тек деректер қорын құруға және жүргізуге 
арналған құралдар қарастырылады.
Деректер қорын құру және олармен жұмысты ұйымдастыру кезінде үш 
негізгі мәселе пайда болады:
1) Шын мәнінде деректер қорын құру (кестелерді, индекстерді, бүтіндік 
шектеулерін құру). 
2) Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсатты шектеу. 


48 
3) Кесте элементтеріне рұқсатты ұйымдастыру (іріктеу, түзету, кетіру, 
қосу). 
Бірінші мәселе әр нақты ДҚБЖ, қолданушыға белгілі бір уақытта 
деректер қорын құру бойынша барлық қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға 
мүмкіндік беретін, кейбір утилиттерді құру салдарынан шешіледі. Алайда бұл 
мәселені толығымен шешпейді. Мұндай утилит қолданбалы бағдарлама 
жұмысы уақытында кестелерді динамикалық құруға мүмкіндік бермейді, 
мысалы, қолданушы бағдарламасының жұмысы уақытында кестеге 
құрастырылған бағандарды қосуға мүмкіндік бермейді. Деректер қорының 
құрылымы мен мазмұнын өзгертуге сұранысында қолданбалы бағдарламалар 
жұмысы уақытында құрылу мүмкіндігін беретін, құралдар қажет. Дәл осындай 
жағдайды екінші мәселені шешу бойынша да айтуға болады.
Үшінші мәселені шешудің мүмкін жолдарын толығырақ қарастырамыз. 
Деректер қорына рұқсатты ұйымдастыру ақпараттық жүйенің маңызды 
функциясы болып табылады. Қолданушылар үнемі деректермен жұмыс 
жасайды. Қарапайым мысалды қарастырайық. Келесі текстегі ақпараттарды 
сақтайтын, бізде «СТУДЕНТ» кестесі болсын:
СТУДЕНТ (Студент коды, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Түскен жылы). 
Енді біздің деректер қорына біршама сұраныстарды орындағымыз келіп 
отыр, олардың нәтижесі, Түскен жылы 01.06.2006. көп болатын, СТУДЕНТ 
кестесінің жолдары болуы қажет. Берілген сұранысты жүзеге асыру үшін келесі 
әрекеттер тізбегін қарастырайық:
1) «СТУДЕНТ» кестесіне рұқсат аламыз және кестедегі ағымдағы 
жолдардың бірінші жолына көрсеткішті орнатамыз.
2) Ағымдағы жолда «Түскен жылы» өрісін талдаймыз.
3) Егер «Түскен жылы» > "01.06.2006" болса, талапкерлер туралы 
деректерді экранға шығарамыз.
4) Егер кесте аяқталмаса, ағымдағы жолдың көрсеткішін келесі жолға 
ауыстырамыз және 2 қадам өтеміз, әйтпесе жұмысты аяқтаймыз.
Бағдарламалаумен таныс, кез келген адам мұндай алгоритмнің жүзеге 
асуын жоғарғы деңгейдегі кез келген бағдарламалау тілінде оңай жүзеге асыра 
алады. Міне, жеке жағдайда, Object Pascal тілінде жүзеге асыру мысалы:
Table.First; 
while (not Table.Eof) do 
begin 
if FieldByName("Түскен жылы").Value > 
"01.06.2006" 
then List.Add(FieldByName("Тегі").AsString); 
Table.Next; 
end; 
бұл жағдайда қосымша жасақтаушысы өзі деректерді іріктеу бойынша 
жұмысты, кесте бойынша әр қозғалысты бағдарламалай отырып, 
ұйымдастырады (кесте бойынша навигацияны жүзеге асырады). Жеке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет