1. Дәріс №14 Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы



бет3/3
Дата18.03.2022
өлшемі19.81 Kb.
#456403
1   2   3
тарбие (1)

Бауыржан4.Оқу-тәрбие үдерісін тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда. Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге байланысты. Егер өктемдік ететін тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. Тексерудің бұрынғы әдістерімен жұмыс істеуге болмайды.
Диагностика нәтиже мен үдерісті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданады, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының «оқығым келмейді» деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы 3 сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған «өте жақсы» деген баға қойды және мадақтады. Үдерісте нәтиже де жақсы сияқты, тек қана диагностика оқушының бес алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді. Дәстүрлі тексеруде нәтижелерді бағалағанмен, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білімі, іскерліктері тексеріледі, бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып одан арғы жұмыстар болжанады.
Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы: дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика – педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды «орташа», «үздік» деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болуы керек. Барлық оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Дана5.Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогиканың білімді бағалауы өктем педагогикадан бөлек. Ең бірінші орында оқу-тәрбие үдерісінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі диагностика тұрады. Ол мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру үшін оның жолдарын талдайды.
Оқушының жеке басы мен сынып ұжымының дамуы туралы психологиялық- педагогикалық білім алу үшін көптеген әр түрлі тәсілдерді қолдану керек. Ең алдымен сынып жетекшісі, сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерімен әңгімелесулері қажет. Содан кейін алған мәліметтерді талқылап, қорытындылайды. Негізгі мәліметтерді сынып жетекшісі сол сыныптағы оқу-тәрбие, сыныптан тыс жұмыстар барысында алады. Ол үшін сауалнама жазбаларын, әңгімелесу және социометриялық әдістерді, экспериментті қолдануға болады.
Оқушының жеке басын танып білуде оның оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі оқушының оқу әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық процестерін (жаңа материалды меңгеруі, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) сынып жетекшісі сабақтар жүйесіне қатысу арқылы анықтайды, ол өз алдына оқытудың сапасын арттыруға сай шараларды белгілеуге мүмкіндік туғызады.
Оқушыларға нәтижелі тәрбие беру ісі тек оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырумен шектелмейді, оқушылардың өздерін қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуын да көздейді.
Зерттеуді жүйелі ұйымдастыру барысында пән мұғалімдері мен оқушылардың ата- аналарымен әңгімелесудің де берері мол. Ата-аналармен әңгімелесу – оқушылардың үйдегі өмірі мен еңбек жағдайын, отбасы туыстарымен қарым-қатынасын, бос уақыттарын қалай өткізетіндігін, үй тапсармаларын орындаудағы белсенділігі мен жауапкершілігін анықтап білуге ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет