Дәріс 15. ХҮііі ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері



бет1/8
Дата20.03.2024
өлшемі2.63 Mb.
#496161
  1   2   3   4   5   6   7   8
15-16 дәріс

Дәріс 15. ХҮІІІ ғасырдың соңындағы Қазақстан және Орта Азия мемлекеттері.

Мазмұны:

14.1. 1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.

14.2. Ұлы жүз сұлтаны Суық Абылайханұлының Ресей бодандығын қабылдауы. І-ші Александрдың Ұлы жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдағаны туралы Құрмет грамотасы. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы. Іле аймағын отарлау. Алатау округінің құрылуы.

14.3. В.Перовскийдің Қоқанға жорығы (1853 ж.). Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі.

14.4 Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы. Әулие-Ата, Мерке, Түркістанның алынуы. Генерал-майор Черняев басқаратын алдыңғы шептегі Жаңа Қоқан шебін құру туралы жоғары Жарлық. Шымкент, Сайрам қалаларының алынуы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.

Ресейдiң Ұлы жүздi қосып алуына себеп болған жағдайлар

  • 1. Ресей империясында өнеркәсiп пен сауда күштi қарқынмен дамыды. Тауар өткiзудiң жаңа көзiне, арзан шикiзат пен жұмысшы күшiне деген қажеттiлiк пайда болды.
  • 2.Қытай Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағы жөнiнде бейтарап саясат ұстануды одан әрi жалғастырды.

Ұлы жүзде Ресей ықпалының артуы

  • Ресейге қосып алынған жерлерде Аягөз, Ақтау, Ұлытау, Қапал бекiнiстерi бой көтердi.
  • 1848 жылы: Ресей империясы Ұлы жүз үшiн пристав (кiшiгiрiм әкiм) лауазымды қызметiн белгiледi. Пристав Батыс Сiбiр генерал-губернаторына тiкелей бағындырылды. Оның мiндетi: жаңадан жаулап алынған Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аймақтарына басшылық ету болды.
  • 1854 жылы: Верный бекiнiсi салынды. (орыстардың 500 солдаты мен офицерi орналасты) Келесi жылы Сiбiрден 400-ге жуық шаруа отбасы көшiрiп әкелiндi.
  • Ұлы жүз приставының кеңесi осында орналасты.

Ресей Ұлы жүзді өзінің құрамына қосуда нені мақсат етті?

  • Орта жүз бен Кiшi жүздегi хандық билiктiң жойылуына, округтiк приказдардың құрылуына наразы бiрқатар сұлтандар мен батырларды бейтараптандыру қажет болды.
  • Патша үкiметi Қытаймен шекараны нақты белгiлеуге және өзiне тиiмдi қарым-қатынастар орнатуға мүдделi едi.
  • Патша үкiметiнiң Ұлы жүз жерiнде бекiнiстi күшейтiп, одан әрi Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағына қарай әскери күштерiн енгiзудi көздедi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет