1. Дәріс №14 Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы



бет2/3
Дата18.03.2022
өлшемі19.81 Kb.
#456403
1   2   3
тарбие (1)

Салтанат2.Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарының шартты түрде алған жоспары:

    1. Талдау жұмыстарының мазмұны мен формасын белгілеу үшін оқушылар мен ата- аналар белсенділерінің отырысын ұйымдастыру.

    2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін «срез» тәсілін жүргізуі.

    3. Сынып ұжымымен талдау жұмысының әдістемесін ойластыру.

    4. Сынып жұмысының қорытындылауға сай, оқушылардың пікірін ескере отыра, оларға тапсырма беру.

    5. Оқушылардың және ата-аналардың, пән мұғалімдерімен бірлесе отыра, оларға тапсырма беру.

    6. Талдау жұмыстарының материалдарын өңдеу.

    7. Оқушылар және ата-аналар белсенділерімен талдау жұмысының нәтижесін жазбаша қорыту.

    8. Талдау жұмысының қорытындысын мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасарына тапсыру.

Мұндай жұмыстарды атқару сынып жетекшісінен шыдамдылық пен төзімділікті, орасан күш-жігерді және кең көлемді тәжірибе мен асқан ұйымдастырушылық қабілетті қажет етеді.
Талдау жұмысының нәтижесімен сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері таныс болуы керек. Себебі, олар болашақта атқаратын педагогикалық әрекеттерін жоспарлауда, оның нәтижесін ескерулері тиіс.
Сынып жетекшісі оқу жұмысына талдау жұмысын ұйымдастыруда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың ішінде талдау сызбасы мен оның құрылымын анықтау. Ол көбінесе талдаудың мақсаты мен міндеттеріне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты анықталады.
Сондықтан, әрбір атқарылған іс-шара соңында ұжым болып талдау жұмысын атқарып отырған пайдалы.
Нұрай3.Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталады. Ол болмаған жерде дидактикалық үдерісті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика бұл дидактикалық үдерістің нәтижесін анықтау, оқу-тәрбие үдерісінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. “Диагностика” (грек «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын - ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.
Психологиялық-педагогикалық диагностика - бұл оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін және оқу-тәрбие үдерісін оңтайландыру мақсатымен балалар ұжымына әлеуметтік-психологиялық сипаттама беруді үйренуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады. «Адамды жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты білу қажет» деген К.Д.Ушинский. Әрбір мұғалім тәрбиешіге оқушының жеке ерекшеліктерін білу үшін диагностикалық әдістерді таңдай білу қажет. Сондай-ақ, әрбір тәрбиеші қажетті диагностикалық (айқындау) әдістерді ұжымның ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алу керек.
Мектептегі диагностиканың міндеттері:

  • Оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (мектепте білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, ілгерілеушілік);

  • Оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білу, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің барлығы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);

  • Тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілік сенімін, адамгершілігін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет