1 дәріс Қазақстандағы орта білім беру мазмұнын жаңарту. Орта мектепте химияны оқытудың жаңа тәсілдері


 сурет. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі



Pdf көрінісі
бет3/20
Дата15.03.2024
өлшемі0.65 Mb.
#495658
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Мектеепппппп

сурет. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі 
Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе 
деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер 
өздерінің оқыту қызметі оқу бағдарламасының іске асырылуына қолдау 
көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және 
олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді 
болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – 
оқу бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар 
үшін бірлесіп қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды 
болып табылатынына назар аудартады. 
Пән аясында оқушылар қол жеткізуі көзделетін оқу мақсаттары оқу 
бағдарламасында ұсынылған. Оқушылардың осы оқу мақсаттарына қол 
жеткізуін қамтамасыз ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған 
жаттығуларды және өзінің кәсіби шеберлігін пайдалану арқылы қажетті 
педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне әдістемелік қолдау 
көрсетіледі. 
6. 
«Химия» 
пәнінің 
оқу 
бағдарламаларының 
негізгі 
мақсаты 
пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа 
пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық 
мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін 
дамыту 
болып 
табылады. 
 


«Химия» пәні. Қоршаған ортада әртүрлі құбылыстар мен үдерістер болып 
жатады, олардың көпшілігі химия ғылымы түсіндіретін заңдар мен 
заңдылықтарға бағынады. 
Химия пәні оқушыларға Жерде адамның тiршiлiк әрекетiне өте маңызды 
көптеген табиғи заттар бар екендігін және табиғат байлықтарына ұқыпты 
қарау қажеттiлiгiн түсiнуге мүмкiндiк бередi. Бұл пән оқушыларға заттардың 
әртүрлілігі мен олардың өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі; 
жаңа заттарды алу мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған 
ортаның экологиялық жағдайын берілген мәліметтер негізінде 
нақты бағалауға үйретеді. Химия оқушылардың дүниетанымын дамытуда, 
әлемнiң тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды орын алады. 
Мектепте химияны оқу оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан 
химиялық құбылыстардың мәнiн түсiнуге жетелейді. Химия оқушылардың 
сыни және сындарлы ойлауын, сонымен қатар көптеген эксперименттік және 
тәжірибелік дағдыларын дамыта отырып, проблеманы шешуде 
шығармашылдық тәсілдерді қолдануды қолдайды. Бұл пәнді оқу барысында 
оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану және эксперимент 
жүргізу дағдылары дамиды. 
«Химия» пәнінің оқу бағдарламасының мақсаты: 
- оқушыларға заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың 
құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар 
туралы білім жүйесін ұсыну; 
- оқушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен 
заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, 
ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет