1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі


дәріс. Жастар мен жасөспірімдердің педагогикалық ортаға бейімделуін



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата03.04.2024
өлшемі469.46 Kb.
#497513
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
қызмет ұйымдастыру

12 дәріс. Жастар мен жасөспірімдердің педагогикалық ортаға бейімделуін 
қамтамассыз ету 
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға 
қол жеткізу ғана емес, қарым-қатынас мәдениеті негізінде ертеңгі қоғамның белсенді 
азаматы–бүгінгі 
жастарымыздың 
өнегелі 
тұлғасын 
қалыптастыру.
Біздің ойымызша, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, 
дүниетанымы жоғары қалыптасқан азамат тәрбиелеуде қарым-қатынас мәдениетінің 
маңызы зор. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниенің 
қалыптасуына, іскерлік дағдыларын жетілдіруге негіз салады. Келешекте жалпы білім 
алумен қатар арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ.
Мектептің негізгі міндеті жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын 
қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, ынтасын арттырумен қатар жалпы 
азаматтық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, әр 
түрлі әлеуметтік және моральдық–психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам 
өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге бай 
жаңа жас ұрпақты қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестілігі күннен 
күнге артуда.
Соңғы жылдары Қазақстанда саяси–идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік–мәдени 
жағдайлардың өзгеруі, Республикамыздың тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы 
психология мен педагогика ғылымдарының алдында жаңа талаптар мен міндеттер қойды. 
Бұл талап–міндеттер қазақтың педагогикасы мен психологиясы проблемаларымен тікелей 
байланысты. Демек, ата–мұраның өнегелі дәстүрлерін, идеяларын, тәрбие саласындағы 
әдіс–тәсілдерін, амал-жолдарын жан–жақты зерттеген, терең мазмұнды еңбектер қажет.
Қарым-қатынас - әлеуметтік статусқа ие болатын барлық жас кезендерде болатын іс 
әрекет түрі.
Қарым қатынас арқылы ақпарат аламыз және ойымызды жеткізе аламыз, білеміз. 
Барлық адамдар күнделікті өмірде бірнеше сұрақ қою арқылы оның жауабын да ести 
аламыз. Міндеттері ереже сияқты кім қарым- қатынас жасай алады, адамдармен тіл табыса 
алады, оларды сенімді әңгімеге шақыру, психологиялық тұрғыда толықтырып отыру. Сол 
сияқты қарым- қатынас адамдар арасындағы психологиялық байланыстар дамуын өзара 
түсінікті ойларын өзіндік бағалауларын ақпарат алмастыруда орнату. Мінез -құлық 
мәдениеті – адамшылық қарым-қатынастың негізгі талаптары мен ережелерін сақтау, 
айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас құра білу. Адамның жүріс-тұрыс, іс-
әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық ерекшелігін айқындайды. Мінез-құлықты 
ерекшеліктер моральдық категорияға жатады. Ол – адамның қоғамдағы мінез-құлқын 
реттеу қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғам түгелдей мақұлдаған заңды 
талаптардың орындалу барысымен анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы: 
біріншіден, қоғам мойындаған адамгершілік талаптарын әр адамның орындауын барлық 
қоғам мүшелерінің қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль талаптарын орындау тек 
рухани әсер ету формаларымен (қоғамдық баға беру, көрсетілген мінез–құлық 
ережелерінің орындалуын мақұлдау немесе айыптау) өлшенеді.
Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді 
ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму 


22 
ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға 
ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан 
әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және 
психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның 
әлеуметтік 
– 
психологиялық 
ерекшеліктері.
Профессор Е.С.Кузьминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның қарым-қатынасқа 
түсуі, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның 
негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып 
келеді. Бұл қатынастар іс-әрекеттің мәдени, мінез-құлықтық, танымдық, эмоционалды 
және ерік – жігерлік қорытындыларды қамтиды. Осындай қатынастар адамның жалпы 
қоғамға, топтарға және өзіне деген мінез-құлқының стратегиялық, тактикалық және 
жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, 
адамдардың әлеуметтік-психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі 
құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана, мінез, қабілет, интеллект, 
темперамент, тәжірибе, өзін-өзі бақылау.
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретін 
Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі 
әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын 
тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 13-17 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең 
адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім 
кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.
Жасөспірім өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым 
келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға 
талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық 
категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», 
«құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім 
кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына 
дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың 
мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон 
аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, 
жығылуда және қайта тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау 
өте күрделі рухани жұмыс.
Жалпы адам құндылықтарының икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының 
құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық және 
ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды саналы 
түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір 
позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл таңдаған позиция, ол үшін ең 
негізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.
Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып бағытталса да, 
барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса да, ол көп нәрсені білмейді, 
өйткені ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.
Әсіресе, жасөспірім шақта табиғи берілген басқа жынысқа деген талпыныс қозады. 
Жасөспірімдік кезең адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл 
рефлексивті жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің 
тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез 
уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде көзқарас, әсерлі 
сөз, ерекше әсерлі болып оны жолынан тайдыруы мүмкін.
Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі 
психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған 
туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, 
сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар 


23 
мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның 
өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының 
күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен 
қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.
«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік 
идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім 
жастағыларға өте қатты әсер етеді.
Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: 
жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, 
арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. 
Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік 
меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен 
жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана – сезімі 
белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.
Психолог 
В.А. 
Крутецкийдің 
бекітуі 
бойынша 
жасөспірімдердің 
жетілуі 
жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан 
қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек 
олардың басқаға ұқсамауы және құбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше 
болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.
Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке 
басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол 
белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында 
өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру 
әрекеттерін жобалау бағытталады .
«Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын 
көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер 
сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен 
ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни 
тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы 
орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың 
осылай деп қарауына ұмтылады.
Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы сұрақты 
ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу жасөспірімнің 
эмоциялық қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін 
биологиялық фактормен анықтаймыз.
В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте 
жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық 
ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас 
аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі 
аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының 
арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. 
Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол 
кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет