1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата03.04.2024
өлшемі469.46 Kb.
#497513
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
қызмет ұйымдастыру

 2. Көңіл-күй деп - біршама бәсең бірақ ұзаққа созылатын және көтеріңкі не басыңқы 
эмоциялық жағдайлар. Мысалы, ҰОС кезіндегі кеңес халқының көңіл-күйі. Көңіл-күйлер 
өзі кейде бір аптаға, бір күнге, айға, тіпті кейде адамның бүкіл өмір бойына созылады. 
3. Аффект - өте тез, қуатты әрі қарқынды өтеді. Мысалы, аффекті ашыза 
салдарынан өзінің әрекетін біле алмай қалу жағдайларында кездеседі. Мысалы: Ұлы 
суретші Депиннің, Иван Грозный және оның ұлы Иван деген суретінде аффектілік 
жағдайды анық көруге болады. Бұл мидың күшті қозуына байланысты. Соның 
нәтижесінде тежелу процесі бәсеңдеп, ми қыртысымен төменгі бөлігінің аралық қажетті 
іс-әрекет тепе-теңдігі бұзылады. Аффект деген сөздің мазмұны жан толғанысының қозуы 
деген мағынаны білдіреді. Кей жағдайларда қатты қуанудың нәтижесінде өмірде, ғылым 
саласында көптеген жаңалықтардың ашылуына өзіндік ықпалы болады. Мысалы, 
Тимирязев фотосинтез құбылыстарын ойлап тапқанда өзінің лабораториясында приборлар 
мен препараттардың арасында қуаныштан билеп кеткен. 
Стресс (ағылшын сөзі) - адамның жүйкесінің қатты (салмақ түсу) эмоционалды 
күйзелістің салдарынан және ішкі терең толғаныстан туындайды. Яғни бір нәрсеге 
алаңдап, қорқу кезінде және өте ауыр дене және ақыл-ой үстінде немесе тез әрі жауапты 
келісімге келу кезінде байқалады. Стресс - бұл күтпеген, шытырман жағдайда туатын 
эмоциялық күй. Қауіп-қатер жағдайындағы әрекеттер, шапшаң шешімге келу қажеттілігі, 
үрейлі сәттегі реакция күрт болып табылады. Стрестік жағдайда мақсатты әрекет - зейінді 
аудару мен көңіл-күйді бөлуді жүзеге асыру өте қиынға соғуы мүмкін, тіпті әрекеттің 
жалпы тежеліске ұшырауы немесе мүлдем бұзылуы мүмкін. Бірақ бұл кезде дағды мен 
әдет өзгеріссіз қалады да сапалы әрекет орнына жүреді. Стресс кезінде қабылдау, ес 
қажеттіліктері, кенеттен көрінген қарсыластардың санын анықтауда күтпеген жерден 
туған әсерге сай келмейтін реакциялар, тағы басқалар болуы мүмкін. Белгілі бір 
жағдайдың адамда стрестік күй тудыра алатынын немесе тудырмайтынын алдын ала 
анықтау мүмкін емес. Стрестік жағдайдағы мінез-құлық көбіне адамның жеке басының 
ерекшелігіне - оның жағдайды тез бағалай білуіне, күтпеген жағдайда қолма-қол бағдар 
табу дағдысына, ерік жинақтығына, бағыттылығына, әрекет мақсаттылығы мен 
ұстамдылығының өрбуіне, осы тәрізді жағдайларда бастан кешірген мінез-құлық 
тәжірибесіне байланысты болып келеді. 
Эмоционалды стресс – бұл қақтығысты өмір жағдайларында, адамның әлеуметтік және 
биологиялық қажеттіліктерінің қанағаттануын ұзақ уақыт шектейтін, айқын көрінетін 
психоэмоциялық бастан кешулері (Судаков К.В., 1986). Стрестің биологиялық мәні 
ағзаның қорғаныс күшін жұмылдыра алуында. Т. Кокс бойынша, стресс – бұл тұлғаға 
қойылған талаптар мен осы талаптарды орындау қабілеттілігін салыстыру барысында 
туындайтын саналаудың феномені. Бұл механизмдегі тепе-теңдіктің болмауы стресті және 
жауап реакциясын тудырады. Эстремалды және бұзушы факторлар кезінде әрекетке ең 
сезімтал стрестік реакцияға араласатын эмоциялық аппарат болып табылады. Сондықтан 
көп жағдайда эмоциялық стресс жайлы сөз қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет