1 ДӘріс. Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері мен дене тәрбиесі жүйесі Жоспары


Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары



бет43/54
Дата09.10.2023
өлшемі195.75 Kb.
#480144
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
обзор-лек-каз-

Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
2. Тоқсандық жоспар-кестесі.
3. Әр сабақтың жоспары.
4. Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген (21, 22, 23, 24-кестелер).Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.
Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.
Әр сабақтың жоспары
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының ... оқу жылына ... тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (1-кесте):
1-кесте




р/с

Сабақ
Міндеттері

Сабақ бөлімдері

Ескертулер

Кіріспе

Негізгі

Қорытынды






















Екінші нұсқада үлкен дәптердің бетіне сабақ нөмірлері қойылып рет-ретімен жазылады.


1-сабақ

1. Міндеттері
1. ____________________
2. ____________________
3. ____________________

2 Өткізілетін орын ____________________


3 Керек құрал-жабдықтар ______________

I. Кіріспе бөлім- 12 минут


1. Саптық жаттығулар.
2. Жүру жаттығулары.
3. Жүгіру жаттығулары.
4. ЖДДЖ.

II. Негізгі бөлім – 28 минут.


1. Жаттығу
- Негізгі жаттығулар.
- Дайындық жаттығулары.
- Жетекші жаттығулар.
2. Жаттығу техникасын жетілдіру жаттығулары
3. Дене қасиетін дамыту жаттығулары.
III. Қорытынды бөлім – 5 м
1. Қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары.
2. Баға қою.
3. Үйге тапсырма.


11.2. Сабақта жүктемені мөлшерлеу
Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты – қатаң уақыт тәртібіндегі жаттығуларды оқушылардың орындау әрекеттері және жүктемені мөлшерлеу. Жүктеме дегеніміз – жаттығушының ағзасына белгілі бір мөлшерде дене жаттығуларымен әсер ету, күш түсіру. Сабақ кезіндегі жүктеме оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Жүктемені мөлшерлеу дегеніміз оның көлемін және қарқындылығын өзгерту. Жүктеме көлемі дегеніміз орындалған дене қуаты жұмысының саны (өтілген қашықтық, орындалған жаттығулар саны, жаттығуды қайталау саны, ауырлық салмағы т.б.). Оқушының жаттығуды қандай жылдамдықта, қарқында орындап жатқанына қарап жүктеменің қарқынын білеміз. Жүктеме қарқыны – орындалған жұмыс көлеміне жұмсалған уақыт немесе жаттығуды орындау жылдамдығы. Орындалған жұмысқа байланысты ағзада болған өзгерістер арқылы қарқындылық анықталады. Жүктеменің негізгі қарқындылық көрсеткіші – жүрек соғу жиілігі.
Аз жүктемелер оқушылардың дене дайындығының жоғарылауына күшті әсер бермесе, дұрыс берілмеген өте үлкен жүктемелер балалардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Жаттығуларды орындау кездерінде оқушыларда шаршау белгілері байқала бастаса (қозғалыс шапшаңдығы азайып, қимыл үйлесімділігі бұзылса, тыныс алу жиілесе, бет әлпеті қуара бастаса), жүктемені азайтып, оқушыларды тынықтыру керек. Дене тәрбиесі тәжірибесінде жүктемені реттеу – жаттығуларды қайталау саны, жаттығуды орындау қарқыны, амплитудасы арқылы, жаттығуды орындағанда сыртқы ауырлықты, сыртқы ортаны пайдалану, жаттығу арасындағы тынығу аралығы уақытын өзгерту арқылы іске асырылады.
Дене тәрбиесі сабағында жүктемені реттеу мен сабақтың тиімді, дұрыс өткізілгенін бағалау, сабақ тығыздығын анықтау үшін, оқушының сабақтағы әрекеттерін хаттама жүргізіп тіркеу тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «хронометраж» – әрекеттерді тіркеу деп аталады.
Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде жүктеменің қалай берілгенін, оның мөлшерін анықтау үшін тамыр соғысын есептеу, өлшеу, оны хаттамаға тіркеу тәсілі қолданылады. Ол тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «пульсометрия» - тамыр соғыстарын тіркеу деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет