1. Дәріс Дәрістің тақырыбы



бет2/9
Дата01.12.2023
өлшемі0.66 Mb.
#485082
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-7 дәріс сабақтары

Өсімдік өнімдерін сақтау.Астық сақтау саласының негізгі мақсаттары оны сақтауға жағдай жасап, ұзақ мерзім ішінде сандық және сапалық шығын жасамай, тұтынушылардың сұранысын дақылдарға және оның әр түрлі ассортиментті өнімдеріне деген қажеттілігін орындау болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін сақтау технологиясын комплексті ғылымдық білімді әр түрлі салалардан : физика, химия, биология, физиология және т.б жетістіктерін қорытып, жинақтап адам өміріндегі практикалық атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қорытындылап тиімді іс – шараларын жүзеге асырғанда толық шешіміне жетуге болады.
Астық әр елдің байлығы мен дәулетінің өлшемі, жетістігі деп саналады. Дән өлшемі – біріншіден тамақ шикі заты, ол өзінің химиялық құрамымен және тамақтық құндылығымен керемет жаратылыс. Екіншіден малдардың құрама жемінің негізгі қалыптасушысы, оның астықтық құндылығының жоғарғы дәрежесін анықтайды. Үшіншіден ол көптеген тамақ өндірісінің бастапқы шикі заты болып саналады. Оның өнімін өсіру және жинап ору белгілі қысқаша уақытта өтеді және келесі ору науқанына дейін ұзақ сақтауға дайындау қажет. Астық массасының құрамына көптеген компонеттер кіреді.Соның ішінде – олар тірі организм ретіндегілер физиологиялық процестің жүруінің негізгі арқауы болып табылады. Астық массасының өзгеше физикалық қасиеттері бар. Оның әсері сақталу қабілетіне көп әсерін беруі мүмкін. Бұның бәрі сыртқы әсер беретін факторларға байланысты болады. Оларға температура, ылғалдылық, қоспа қалдықтары және сақтау жайлары жатады. Бұл факторлардың жағымсыз әсерлері астықты орудан кейін өңдеу(тазалау, кептіру, салқындату) үрдістерін жүргізгенде және сақтау ережелерін бұзғанда байқалады. Осыған байланысты астықты сақтау кезінде болатын өзгерістердің жүру бағыт жүйесін келесі 2 – суреттен көрсетіледі.
Орудан кейінгі астықтың құрамына толық пісіп жетілмеген дәндер көп болады. Олардың пайда болу себебі ауа райының қолайсыз болуы, аурулармен зақымдануы, механикалық зақымдануы, ору және тасымалдаудың жүргізу жағдайлары және т.б.
Толық жетілмеген дәндердің түрлеріне мыналар жатады: толық піспеген , құрғақталған ауа үрдісімен мұздатып ісінілген, кене жәндіктермен зақымдалған, фуразиос, головнямен ауырған, ұрылған және жаншылған т.ь. Толықжетілмеген дәннің тамақтық және технологиялық құндылығы өте төмен келеді. Ондай дәннің құрамында улы және зақымды заттар кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет