1. Дәріс Дәрістің тақырыбы



бет1/9
Дата01.12.2023
өлшемі0.66 Mb.
#485082
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-7 дәріс сабақтары


1.Дәріс
Дәрістің тақырыбы:Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтаудың мақсаттары мен талаптары
Дәрістің мақсаты:Өсімдік өнімдерін сақтау талаптарымен танысу
Дәрістің жоспары:
1.Өсімдік өнімдерін өңдеу
2.Өсімдік өнімдерін сақтау
3.Өсімдік өнімдерінің құрылысы мен химиялық құрамы
Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімінің 2/3 бөлігінен көбірек өсімдік өнімдерінің үлесіне жатады. Өсімдік өнімдерінің қатарына дән – дақылдар, картофель, өсімдіктер, жеміс жидектер, қант қызылшасы, мақта т,б.
Соның ішінде 85 - 90℅-ке жуығы дән – дақылдар болып саналады. Дән – дақылдар құрамына байланысты үш топқа бөлінеді.
І топ- крахмалға бай дақылдар, олар астық дақылдары: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары, күріш, жүгері, сорго, қарақұмық.
ІІ топ – белокқа бай дақылдар, оларға бұршақ дақылдары жатады: соя, бұршақ, ұрме бұршақ, нут, чечевица.
ІІІ топ – майы көп дақылдар: рапс, арахис, күнжіт, сафлор.
Өсімдік өнімі орудан кейін өңдеуді талап етеді. Өсімдік өнімін өңдеу комплексті операциялардан тұрады: дақылды қабылдау, оның партиясын қалаптастыру, қоспалардан тазарту, кептіру, ауамен тездетіп салқындату және тиеу.
Бұл поерациялардың негізгі мақсаты өсімдік өнімдерінің жағдайын шығынға ұшыратпай, үнемді әдістермен аз қаражат жұмсау тез уақыт аралығында қабілеті , тұрақты сақтауға жеткізу.
Өсімдік өнімдерін өсіру және дайындау өзгешеліктері, ауытқымалы климаттың табиға жағдайға байланысты сапасы мен шығымын өзгеріп ортыруы, біздің елімізде осыған байланысты өңдеу үрдістерінің өзгешеліктерін өнімдерді қабылдау және сақтау кәсіпорындарында ескеріліп отырады.
Біздің астық өлкелерімізде және қант қызылшасы, жеміс – жидек, картофель, овощтарды жинап өңдеуде автомобиль транспорты арқылы өндіріс орнына тез жеткізіліп, өңдеу жұмыстарын белгіленген уақыт аралығында Өсімдік өнімдерін өңдеудің технологиялық схемасы әр уақытта жетілдіріліп отырылады. Әсіресе оның техникалық жабдықтау жағына көп көңіл бөлінеді.
Соның ішінде астық дақылдарын өңдеу технологиясының жалпы негізделген схемасы мына ретпен жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет