1-дәріс. Гляциологияның мазмұны мен негізгі бағыттары



бет7/15
Дата16.11.2022
өлшемі246.15 Kb.
#464962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Дәрістер ГН

Сұрақтар:

  1. Мұздықтардың негізгі қасиеттері

  2. Мұздықтардың морффологиялық классификациясы, сипаттамасы және көрсеткіштері



7-дәріс. Мұздықтардың эрозиялық, тасымалдаушы және аккумуляциялық қызметі. Мұздықтардағы мореналық материалдар
Мұздықтардың үстіңгі бетін əдетте сан тарау жарықтар шимайлап жатады. Олардың пайда болу себептері де алуан түрлі: біресе мұз астындағы бедердің əсерінен, енді бірде мұздықтардың жекелеген бөліктерінің əрқилы (əркелкі) жылжуынан болуы ықтимал. Бұл жарықтар мұздық бетінің жазда еруінен пайда болатын судың əсерінен кеңейіп тереңдей түседі. Тереңдігі ондаған, тіпті жүздеген метрге жететін мұз үсті каналдары осылай қалыптасады. Мұз ішіндегі жəне мұз астындағы каналдар мен үңгірлер де осындай сулардың ағу нəтижесінде пайда болады. Бұл үңгірлерде су қатты қысымның əсерінде болады жəне тегеурінді күштің ықпалымен ағып, аса зор эрозиялық, денудациялық, аккумуляциялық жұмыс атқарады.
Мұздықтар өзінің қозғалу жолында өзінің табанында орналасқан тау жыныстарын үгітеді, оны мұздықтық эрозия деп атайды. Тау жыныстарының үгілуі жаншылу, үйкеу есебінен жүреді де арықтар, бораздалар қалыптастырады. Үгітілген тау жыныстарыд мұздықпен бірге жылжиды. Сондай-ақ мұздық денесіне бүйірлік беткейлерден және табандағы да үгітілген тау жыныстары түседі. Бұл тау жыныстары өз кезегінде үйкеліс күшін арттырып, мұздықтық эрозияның қарқынын күшейтеді.
Мұздықтың қозғалысының және эрозиялық жұмысының нәтижесінде мұздық түбінің өзіндік бедер пішіндері қалыптасады. Оларға карлар мен мұздықтық цирктер, трог, ригелдер жатады.
Мұздық денудациясының басым аймағы. Көне мұз жамылғысындағы мұз денудациясының басым аймағы Фенноскандия болған. Мұндағы аймақтың басым бөлігінде кембрийге дейінгі кристалды тау жыныстар ұшырасатыны белгілі, ал Скандинавия түбегінің батыс жағалауын бойлай кембрий мен силур тау жыныстары кездеседі. Осы түбегейлі тау жыныстары мұздық əсеріне қатты ұшыраған. Бедердің денудациялық пішіндерінен, ең алдымен мұздық əсерінен түзілген жартасты тау тізбектерін (қазір сельга деп аталатын тізбектерді) жəне солармен параллельді кезектесіп жатқан, бүгінде көлдер мен батпақтардан тұратын қопарылма ойпаңдарды (ванны выпахивания) атауға болар еді. Көл дегеніміз тіпті көп, Финляндия мен Карелияны "мың көлдің елі" деп тегін атамаған болу керек.
Мұз əсерінен өзгеріске ұшыраған, бұдан гөрі ұсақтау денудациялық пішіндер қатарына бұйрат жартастар (рельеф "курчавых скал" жəне "қой маңдай тастар" (бараньи лбы) деп аталатын жұмырлау келген бедер пішіндері жатады. Жоталар мен "қоймаңдай тастардың" беткейлерінде мұз "сызаттары" айқын көрінеді, олардың бағытына қарап, кезінде мұздықтың қай бағытта жылжығанын аңғаруға болады. Сонымен қатар мұздық жылжуының бағыты көптеген жоталардың жəне оларды бөліп жататын қопарылма ойпаңдардың бағытына сəйкес келеді.
Карелия мен Финляндияның оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс жағында мұздық көшу бағытында тік немесе иреңдей созылған темір жол жиегіндегі үйінділер тəрізді оз жалдары (швед. asar - жал) жиі ұшырасады. Ені ондаған метрлерден 150 метрге жететін, кейде тіпті одан да асатын бұл жалдар ондаған шақырымға жалғасқан тұстарын қоса есептеп жүздеген километрге созылып жатады. Оздардың биіктігі 50, кей-кейде 100 метрге жетеді, беткейлерінің бұрышы - 30-45º болады. Мұздықтардың жылжу бағытына қарай созылып жатқан оздарды радиальдық (тарамдық), көлденеңдік немесе маргинальдық, яғни мұздықтардың шетіне параллель дамыған. Оздар флювиогляциальдық жағдайда қалыптасқан аккумуляциялық пішіндер ретінде түсіндіріледі. Соларды құратын материалдардың өзі де осыны дəлелдейді, яғни бұлар қиғашты қабатталған құмдар, жұмыр тастар мен қиыршық тастар. Шомбал тастар жиынтығы да жиі кездеседі. Оздар бүгінде құрылыс материалдарының көзі ретінде жəне жол салуға пайдаланылады.
Мұздық аккумуляциясының басым аймағы. Мұз аккумуляциясының басым аймағы мұздықтың шеткі жағында орналасқан. Мұз суының əрекетінен пайда болған əр түрлі пішіндермен қатар жер бетінде кама, друмлина, зандр деп аталған бедердің ерекше пішіндері түзелген.
Кама (нем . кama-қырқа) деп биіктігі 2-5 метрден 30 метрге дейін жететін, кейде одан да асатын, қабат-қабат флювиогляциалдық шөгінділерден тұратын төбелерді атайды. Олар мұз аккумуляциясы басым болған аймақтарда тараған. Бұл төбелердің көрінісі конус тəрізді жұмыр күмбезге ұқсайды. Төбешіктердің беткейлері əдетте 15º-қа дейін кейде одан да еңістеу болады. Қалыптасу тегі жөнінен камалар оздарға жақын деп есептеледі, бірақ олар мұздық ішіндегі жəне астындағы тасқындардың кеңейген орнында пайда болған. Тағы бір көзқарас бойынша, камалар бұрынғы мұздық үсті мен мұздық астындағы көлдердің орнында қалыптасқан болса керек. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, мұның қай-қайсысында да камалардың түзілуі мұздықтардың бұзылып еруі барысында, жылжу қабілетінен айрылған "өлі" мұз орнында пайда болған.
Друмлина деп (ирланд. dramlіn - төбе) бір жүз метрден 2-3 км- ге дейін ассиметриялы жал тəрізді созылған дөңдерді атайды: олардың ені 100-200 метрден 2-3 км-ге дейін, биіктігі 5 метрден 45 метрге дейін жетеді.
Друмлиндердің ұзын осі мұздықтың жылжу бағытына қарай орналасады. Олардың мұздық қозғалатын жаққа қараған беткейлері де қарсы беткейлері де құламалы бола беруі мүмкін. Друмлиндер мореналық материалдан тұрады.
Зандрлар (датша zandr - құм) негізгі моренаның сырт жағындағы құм, қиыршық тас, малтатас үйіндісінен қальштасқан кең аумақты жазықтар. Мұздық кең ойпаң алаптарға жеткен кезде еріген су емін-еркін жайылып көптеген арналарға бөлініп кетеді. Сонда сумен ағып келген үгінділердің барлығы шөге бастайды. Алдымен соңғы моренаның жиегінде ірі кесектер - малта, қиыршық тастар, əрі қарай құмдар шөгеді, одан əрі судың ағыны əбден басылғанда, ұсақ құмдар, құмайт, лай шөгеді. Сөйтіп, негізінде құмнан қалыптасқан зандр жазықтар пайда болады. Мұздық шөгінділерде құрылыстық материалдармен қатар, кейбір шашылымдардың түрлерін кездестіруге болады.
Мұздық шашылымдары таулық мұздықтар немесе көне құрлық мұздықтар əрекетінен түзіледі. Олар мореналық жəне флювиогляциалдық шашылымдарға бөлінеді. Мұндай шашылымдар аз іріктелген жəне пайдалы қазбаларға бай емес, ал егер мұздық өзінің жылжу жолында көне теңіздің немесе аңғарлардың аллювийлік шашылымдарды бұзып алып кетсе, онда бағалы құрам бөліктермен баюы мүмкін. Осындай алтынның мореналық шашылымдары Канада да (Клондайк) жəне Америка Құрама Штатындағы алмастың шашылымдары бар. Шашылымдардың қалыптасуына флювиогляциалдық шөгінділерде материал-дың іріктелуіне қолайлы жағдай туады. Осыған ұқсас алтын шашылымдар Жаңа Зеландияда жəне платина шашылымдары Канадада кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет