1-дәріс. Компьютерлік графика пәніне кіріспе. Компьютерлік графиканың қолдану салалары



бет3/3
Дата19.12.2023
өлшемі33 Kb.
#486941
1   2   3
КГ 1 дәріс (1)

Компьютерлік графиканы қолдану салалары:

  • АЖЖ (Автоматталған жобалау жүйелері, САПР);

  • Іс графикасы (мәліметтерді графикалық беру);

  • Ғылыми зерттеулерде үрдістер мен құбылыстарды визуализациялау (компьютерлік графикалық модельдеу);

  • Медицина (компьютерлік томография, УЗИ);

  • Геодезия және картография (географиялық ақпараттық жүйе ГАЖ);

  • Полиграфия (сұлбалар, плакаттар, иллюстрациялар);

  • Бұқаралық ақпарат саласы (Интернеттегі графика, иллюстрациялар, фото);

  • Кинематография (арнайы эффектілер, компьютерлік муьтипликация);

  • Тұрмыста (компьютерлік ойындар, графикалық редакторлар, фотоальбомдар).

Әрбір сала үшін графикалық редакторлар деп аталатын арнайы программалық қамтамасыз етулері жасалады. Компьютерлік графиканың төмендегідей бағыттары бар:
Ғылыми графика
Іскерлік графика
Конструкторлық графика
Безендірмелік графика.
Көркемдік және жарнамалық графика
Ғылыми графика. Бұл бағыт бірінші пайда болды. Оның міндеті - объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика, ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін графиктік өңдеу үшін есептеу, експеримент жүргізгенде және олардың нәтижесін көрнекі көрсету үшін қолданылады. Медициналық қызметте ғылыми графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады. Ал, білім беруде – мультимедиалық программалық құралдар түрінде қолданылады.
Іскерлік графика. Компьютерлік графиканың бұл саласы әр түрлі мекемелер жұмысында жиі қолданылатын безендірмелер (иллюстрация) жасауға арналған. Іскерлік графика көмегімен жасалынатын безендірме материалдар объектісі – жоспарлық көрсеткіштер, есеп құжаттар статистикалық мәліметтер, бұл графиктер көбінесе диаграмма түрінде болады. Білім беруде компьютерлік графика университеттердегі дәріс оқуда, мектептегі сабақ беруде, компьютерлік оқыту программаларында, сонымен бірге Internet беттерінде қолданылады. Іскерлік графиканың программалық құралдары әдетте кестелік процессорлардың (электрондық кестелердің) құрамына кіреді.
Конструкторлық графика. Бұл автоматтандырылған проектілеу жүйесінің элементі. Оның міндеті:
техникалық конструкцияны проектілеу процесінде (жазық және үшөлшемді бейнелерді алу) сызба дайындау;
модельдеу (графика+есептеу) – оптимальды конструкциялау.
Безендірмелік графика. Компьютерде графикалық редакторлар көмегімен сурет салу;
Көркемдік және жарнамалық графика. Өте күшті графикалық пакеттерді пайдаланып жарнамалық роликтер, компьютерлік ойындар, мультфильмдер, қиын шынайы графикалық бейнелер құру. Яғни, графикалық бейнелерді құру және өңдеу үшін қолданылады, мысалы, баспа басылымдарын, жарнамалық роликтерді, фотобейнені қалпына келтіру және өңдеу, мультфильм құру, видеосабақ, компьютерлік ойын жасау үшін қолданылады. Архитектурада сызба дайындау процесін автоматтандыруға және ғимараттарды қабаты бойынша жобалауға мүмкіндік береді.


Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:
1. Компьютерлік графика деген не?
2. Инженерлік графика деген қандай графика? Айырмашылықтары қандай?
3. Компьютерлік графиканың бағыттарын ата.
4. Олардың міндеттері мен қолданылу аймақтарын түсіндір.
5. Графиканың түрлерін атап беру
6. Айырмашылықтарын атап беру

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет