Компьютердің ең маңызды функциясы – ақпаратты өңдеу. Бейнемен (кескінмен) байланысты ақпаратты өңдеуді қарастырайық. Ол үш негізгі бағытқа бөлінеді: -кескінді визуализациялау;
- кескінді өңдеу;
- кескінді айқындап тану.
Ақпаратты визуализациялау – қандай да бір нысанды (модель) сипаттау негізінде кескінін құру:
Ақпаратты өңдеу – бұл кескінді түрлендіру, яғни кірісте де, шығыста да кескін болады.
Кескінделген нысандардың сипатын алу кескінді айқындап танудың негізгі есебі болып табылады.
Бағдарламалық аппараттық есептеуіш комплекстер көмегімен суреттерді жөндеу, жасау құралдарын, әдістерін зерттейтін бөлімді–компьютерлік графика деп атаймыз. Оған адам көре алатын монитор экранындағы немесе сыртқы тасушыдағы (қағаз, кинопленка, мата т.б) көшірмелер ретіндегі адам көзбен көре алатын суреттердің барлық формалары кіреді.
Векторлық беине көлемді емес жадыдан орын алады.
Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.
Кемшіліктері:
Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.
Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленіледі.
Нүктелерден тұратын растрлық суреттер үшін ұзындық бірлігіне келетін нүктелер санын білдіретін рұқсат ету түсінігі маңызды болып табылады. Онда:
Түп нұсқалыққа рұқсат ету
Экрандық суретке рұқсат ету
Баспа суретке рұқсат ету
Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен сақталады.Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.
Компьютерлік графика түрлері
Кескіндерді жасаудың тәсілдеріне қарай компьютерлік графика келесі түрлерге бөлінеді:
- растрлық;
- векторлық;
- фрактальдық.
өлшем саны бойынша:
- екі өлшемді;
- үш өлшемді;
Динамика бойынша:
- статикалық;
- интерактивті;
Мамандандырылуы бойынша:
- инженерлік;
- дизайн;
- Web.
Олар бір-бірінен монитор экранындағы немесе қағазға басқан кездегі бейнесін кескіндеу принциптерімен ерекшеленеді.
Пәннің тағы да бір ерекше бөлімі – үшөлшемді (3D) графика. Бұл пән объектілердің көлемдік модельдерін виртуалды кеңістікте құрастырудың әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Әдетте, мұнда кескіндеудің векторлық және растрлық тәсілдері үйлесімді қолданылады.
Түстеріне байланысты графика қара-ақ және түрлі-түсті болады. Әр түрлі салаларға мамандандырылғанына байланысты инженерлік графика, ғылыми графика, Web-графика, компьютерлік полиграфия және т.б. түрлер болады.
Компьютерлік графика көбінше тек құрал ретінде қолданылғанмен, оның құрылымы мен әдістері математика, физика, химия, биология, статистика, бағдарламалау және т.б. фундаментальді және қолданбалы ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді. Сондықтан компьютерлік графика қарқынды дамуда және көп жағдайда жалпы компьютерлік индустрияда жетекші орын алады.
Растрық графика – суретті компьютерде нүктелер (пикселдер) жиыны ретінде көрсету форматы. Осындай суреттерге мысалға, сканерленген суреттер және сызбалар жатады.
Растрлық графика бағдарламалары: Paint, Fractal Design Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photo Shop.
Артықшылықтары:
Пикселдер өлшемі кішкене болған кезде растрлық сурет жай суреттен кем көрінбейді.
Растрлық суреттер принтрмен оңай шығарылады.
Кемшіліктері:
Растрлық суреттерді сақтау үшін жадының көп көлемі қажет.
Растрлық суреттердің масштабталу мүмкіндіктері шектеулі, мысалы айландыру және басқадай ауыстырулар.
Векторлық графика – Сурет қарапайым геометриялық фигураларға жіктеледіквадрат, дөңгелек, эллипс, түзу, және қисық сызық т.б.
Векторлық графиканың программалары: CorelDraw, Adobe Illustrator
Артықшылықтары
Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.
Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.
Кемшіліктері:
Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.
Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленіледі.
Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D) графика жеке пән болып саналады.
Қазіргі кезде компьютерлік графикасыз жұмыс істеу өте қиын. Ол тек мультфильм, компьютерлік ойын, көркем иллюстрация жасайтын мамандардың ғана емес, көптеген адамдардың іскерлік, ғылыми және инженерлік қызметінің ажырамас бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |