2.
3. Әлеуметтік салық өзімен салық салудьң маңызды түрін керсетеді. Ол өзімен бюджеттен тысқары 3 төлемді:
Әлеуметтік сақтандыру;
Медициналық мідетті сақтандыру;
Елдімекен жұмыс бастылығын айырбастап, бухгалтерлерге салыкты есептеуге және осыған орай келісілген есепттілікті есептеуді жеңілдетіп, салық орган қызметтерінің салықты дұрыс және уақытылы төлеудің бақылауын жеңілдетті. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшін әлеуметтiк салық ставкалары: Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер әрбiр қызметкер, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi үшiн тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң 20 процент ставкасы бойынша әлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң әлеуметтiк салықты есептеу мен төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап туындайды.
Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нөлге тең болады.
Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады.Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзінде есептеледi.
Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
Төлеушілер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есепті жылдың төртінші тоқсанының декларациясымен бірге табыс етіледі. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |