пікір
Дін философиясы
Нәпсінеергенадамадасады. Ендіжатса да, тұрса да оныңжолдасы шайтан болады. . (А.Яссауи)
Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!(А.Яссауи)
Заман азар уағында - патша айналар залымға.(А.Яссауи)
Әділ сөйлеп, адал жүр.(А.Яссауи)
Құштарлықсызжаратқанды да таниалмайсың.(А.Яссауи)
Арыңдысақта, болсаң да малғакедей..(А.Яссауи)
Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол. (А.Яссауи)
“Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” (А.Яссауи)
Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. (А.Яссауи)
«Дін туралы білім өте керек, оны нағыз білушілер оны білгендер. Бала үлкендер әрекеті туралы біле бермейді. Ересек адам болғанымен, ол ғалымның білгенін білмейді. Сол сияқты ғалым да суфийлерге аян арқылы берілетін білімнен бейхабар». (Ә.Ғазали)
«Өсекшілер –жетімнен де қор» (Ә.Ғазали)
«Білмеймін» деген сөзді айтудан тартынбау, яғни білмейтін нәрсеңді «білмеймін» деп айтудан ұялмау(Ә.Ғазали)
Ғылым мен пән объектке айналдыру жолын үйретуге тырысады. Ал, дін (христиандық) болса бізді субъективизмге және субъектке өзгеру жолын үйретеді(Серен Кьеркегор)
Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім.(Ф.Шлейермахер)
Халқыңа қызмет ет,
Ізгілерге ізет ет,
Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. (А.Яссауи)
Ғалымдарға кітап керек,
Софыларға михраб керек,
Мәжнүндерге Ләйлі керек. (А.Яссауи)
Арамзамен сырлас болма,
Олай етсең баспайды ісің оңға,
Бастан-аяқ батумен пәле-сорға.(А.Яссауи)
Шын сүіспеншіліктің не екенін білмеген жан жолда қалады. (А.Яссауи)
“Әлемдік өркениет дегеніміз әлемдік ауқымда алынған мәдениеттер бірлестігі, басқа ештеңе де емес және олардың қай-қайсысы да тек солардың өздеріне ғана тән өзіндік ерекшеліктерін сақтауға тырысады”(Леви Строс)
Кез-келген бір миф жер жүзінің бір аймағында ешқандай айна қатесіз қайталанып жатады(Леви Строс)
Ақыл-ой дамуының сатысымен емес, адамның мәдениеті-мен анықталады
(Леви Брюль)
Анимистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар жаман рухтардың жаманшылығынан сақтану үшін жақсы рухтардан жәрдем тілеу арқылы рухтарға табынған. (Э.Тайлор)
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақ энциклопедиясы
2.“Философия”-Н.Р.Мусаева, Шымкент 2006ж.
3.Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |