1 дәріс. Педагогикалық психология – ғылыми білімнің пәнаралық саласы ретінде (2 сағ)


Педагогикалық психологияның даму кезеңдері



бет9/30
Дата21.09.2022
өлшемі488 Kb.
#461085
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
лекция Документ Microsoft Office Word

2.Педагогикалық психологияның даму кезеңдері:
Бірінші кезең. XVII ғасырдын ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін. Песталоцидің айтуы бойынша, «педагогиканы психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық деп атауға болады. Бұл кезең ең алдымен , Ян.Амос Коменскийдің (1592-1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталрцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К.Д.Ушинский (1824-1870), П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) үзінің есімдерімен күрсетілуі мүмкін. Бұл ойшыл-педагогтардың педагогикалық психологияның дамуына қосқан үлестері үздері қарастырған мәселелермен анықталады.даму, оқу, және тәрбие байланысы; оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі жіне оны дамыту, мұғалімнің рүлі, оқытуды ұйымдастыру және күптеген басқа мәселелер. Педагогикалық психология негіздерін құруда П.Ф.Каптеревтің үзінің қосқан үлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның негізін қалаушы. Ол үмірде Пестолоццидің үсиеттерін- педагогиканы психологтандыруды енгізуге ұмтылды»Психологиялық педагогика» ұғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми айналымға 1877 жылы. Каптеревтің «Педагогикалық психология» атты кітабы шыққан соң кірді. Осылайша бірінші алғы шартты кезең, бір жағынан, И.Ньютонның механистикалық түсінігінің басымдылығымен, Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларымен, Дж. Локктың психикалық үмірді ассоциативтік түсіну- психикалық үмірдің негізін сезімдік әсерлену құрайды деген ежелден дамып келе жатқан ілім- сенсуализммен сипатталады. Басқа жағынан алғанда, бұл кезең педагогикалық болмысты байқау, талдау және баға беруге негізделген ойша жорытылған, қисынды құрылған жорытпалар кезеңі.
Екінші кезең. XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизиологиялық эксперименталық зерттеулердің нәтижесінде бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психология эксперименталдық психологияның қарқынды дамуымен бірге дамып,қалыптаса бастады,нақты педагогикалық жүйелер құрып, жете зерттеумен болды,мысалы; М.Монтессори. жүйесі.Аталған кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт педологияның қалыптасуымен сипатталады, (Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, Э.Мейман, М.Я.Басов, П.П.Блонский, Л.С.Выготский және т.б.) онда психологиялық, физиологиялық, анатомиялық, психологиялық және әлеуметтік үлшемдердің жиынтығының негізінде кешенді түрде баланың дамуын айқындау мақсатында оның мінез-құлықының ерекшеліктері анықталды.Басқа сүзбен айтқанда, екі жақтан педагогикалық психологияға оны жаратылыстану ғылымдарымен жақындастырып,үлшемдердің объективтік әдістері енді.Педагогикалық психологияның құрылуының осы негізгі кезеңінде қалыптасқан ғылым ретінде дербестілігі туралы тек психодиагностиканы пайдалану, мектеп зертханаларының эксперименталдық- педагогикалық жүйелермен бағдарламалардың кеңінен таралуы,педологияның пайда болуы ғана емес,50 жылдардан бастап педагогикалық психология дамуының үшінші кезеңінде жүзеге асырыла бастаған, білім беру процесін ғылыми рефлекциялау талпыныстары, оны теоретикалық тұрғыдан түсіну мағыналығы дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет