Эссе Ұлттық болмысты сақтау рухани жаңғырудың ең басты шарты



Дата30.01.2024
өлшемі14.73 Kb.
#490231
ЭССЕ ЖАЗУ. Гүлдана 10Ә....


Эссе
Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты
Ұлттық болмыс дегеніміз жалпы не? Ұлттық болмыс дегеніміз қазақтың салт – дәстүрлерімен, ибалы, имандылық түрлері. Ертеректе мал бағып жүрген ата- бабамыз балаларын атқа мінуге, төрге қамшы іліп, қасқыр терісін керегеге байлауы, қазақтың мәрттігін көрсеткен. Ең алдымен қазақы сүтпен біткен тіл, біздің тілдің байлығын, сөз ұлылығын көрсетіп, дәріптеледі. Ал қазіргі заманды алатын болсақ бүгінгі күннің талабы көшінен қалмау. Сол үшін ұлттық ерекшелігімізді жай ғана жаңғырыққа айналдырмай, даму жолында өзімізге жарық етуіміз керек. Рухани жаңғыру – халқымызға жол көрсететін нақты бағыт - бағдар. Ал, ұлттық болмысты сақтау – рухани жаңғырудың ажырамас бөлігі.
Әлемдегі әрбір халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мәселен, қазақ халқының көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, қалыптасу жолдары, материалдық және рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері қалыптасқан. Ұлттық ерекшелік: тілі, салт-дәстүрі, діні және ұлттық құндылықтарына байланысты өзге елдерден бөлек ажыратылатыны айтпаса да түсінікті. Осы ұлттық өзгешелікті санау атам замандардан бері сақтап келген біздің ата-бабаларымыз Алтайдан Атырауға дейінгі аралықта ұлттық бірегейлікті қалыптасыра білді. Бірақ, қазіргі уақытта жаһандану үдерісіне байланысты қауіп-қатерлер де бар. Оған төтеп беретін әр ұлттың өзіндік болмысы (менталитет) мықты болуы қажет. Қазіргі ХХІ ғасырдың жаһандық жағдайында әлем елдері бір-бірімен аралас - құралас күй кешуде. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, қоғамдағы өзгерістер заман талабына байланысты жүзеге асуда. Жаһанданудың өзіндік оң және теріс әсерлері бар. Мысалы, оң әсері деп жылдам ақпарат алмасуды айта аламыз, теріс әсері бұқаралық мәдениеттің келеңсіз ықпалы мен әсерін атауға болады. 2017 жылы 12 сәуірде Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: «рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласында Қазақстанның болашақ дамуына байланысты бірқатар басым бағыттарды атады. Соның ішіндегі басым бір бағыт – «ұлттық бірегейлікті сақтау» мәселесі. Ол аса маңызды бағыттардың бірі екендігі анық. Біріншіден, қазақ елі көне замандардан бері өзінің ұлттық салт-дәстүрлерін, ырым жоралғыларын сақтап келе жатқан халық. Сол себепті менің ойымша ол ұрпақтар сабақтастығымен жалғасын тауып отырыруы керек.Сонда ғана ұлттық жаңғыру болады. Егер, халқымыз өзінің салт - санасынан айырылатын болса, онда үлкен қауіп төнеді. Өйткені, ұлт ретінде сақталу үшін ұлттық мүдде бірінші орында тұруы шарт деп санаймын. Екіншіден, еліміздің рухани жаңғыруы үшін ғасырлар бойы жинақталған құндылықтарын құрметтеу қажет. Ол негізінен материалдық, мәдени, рухани мұраларды сақтау және салт-дәстүрлерді насихаттауға негізделуі керек. Өз елінің салт-дәстүрін қадірлеген халық қана келешекте ұлт ретінде сақталып, басқа өркениеттердің тегеуірініне түспейді және жұтылмайды. Үшіншіден, ана тілі – ол ұлтымыздың басты ерекшелігі. Кезінде батыр Бауыржан Момышұлы: «Қазақ тілі еш уақытта өзімен көрші халықтардың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалмағаны, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігіне мың жылдық көне тарих куә», - деп жазған еді.Осы айтқан сөзін мысалға алатын болсақ, бұл дегеніміз біздің ең басты құндылығымыз екені айдан анық.Ал егер де еліміздегі жас ұрпақтың ұлттық тарихынан, әдебиетінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен хабары аз болса, білімі таяз болса, онда олардың пікірі жаңсақ, жасық және әркімнің соңынан ергіш, өзіндік ұстанымы жоқ адам деп санаймын. Сондықтан, аталған мәселелер елімізде жоғары деңгейде жүзеге асырылғанда ұлттық рухымыз күшті болады. Оны жаңғырту, елімізді сақтау уақыттың талабы деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, ұлттық бірегейлікті сақтау арқылы қазақ халқы өзге өркениеттер тегеуірініне төтеп береді және біртұтас ұлт ретінде сақталады. Ол үшін қазақ тіліне, ұлттық салт-дәстүріне, материалдық және рухани мұраларға дұрыс мән беріп, оларға құрметпен қарау қажет. Елдің болашағы жастар, оларға дұрыс ұлттық тәрбие беру керек. Жас ұрпақтың тарихи танымы күшті болса, ұлттық рухы да жоғары болады. Сонда ғана ұлттық болмысымыз дұрыс және толық қалыптасады. «Мәңгілік елдің» халқы болуымыз үшін, туған жерімізді аялап, сүйіспеншілік туғызатын патриоттық рухы бар жастарды тәрбиелеп, рухани жаңғырудың тілімізді сақтап, түрлі әдет- ғұрпымызды ұмытпай, алма мен қызғалдақтың Отаны болған «Қазақ» елінің азаматшасы екенін мақтан тұтамын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет