1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



бет68/86
Дата24.05.2024
өлшемі307.87 Kb.
#501823
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86
Сезімнің түрлері.

Сезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық (танымдық) болып бӛлінеді.
Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды сипатталады. Сезімнің осы түрі кӛбінесе қайсар, ӛжет, табанды әрі кӛздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша кісі кейде кірерге жер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. Абай ұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу. Бұл надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесінің саяздығы. 2) дұрыс емес қылықтан ұялу.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, ӛмірге үйренуі, әдемі кӛріністерді тамашалау, табиғаттағы, кӛркемӛнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу. Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдық сұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Ӛзінің мүддесін қоғам игілігі үшін тежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды кӛріп куә боламыз. Мұндай адамдар ӛзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды «моральдық жағынан мұншама тамаша адам болады екен-ау» дейміз.
«Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен жеркенуге, жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына кӛп кӛмек кӛрсетеді» деген болатын М. Жұмабаев.
Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл- ой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдері жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарда, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады..

  1. Эмоцияның түрлері.

Эмоция күрделі және қарапайым болып бӛлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын кӛрініп тұрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек кӛру т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам ӛте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді,
шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып кӛзіне жас пайда болады.
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет- әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның кӛзімен аузы ашылып, қасы кӛтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне кӛшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп кӛтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы ӛзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.
Ашулану. Мұндайда адам қысылады, кӛзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек кӛретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі болғанда адам ӛз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций айтқандай: «қызба ашу ӛте шығатын ақылсыздық». Ашуды бастапқыда тоқтату керек,сол себепті ашулы күйге келгенін сезінген адам ӛзін-ӛзі: ӛзін ақылмен алып жүру, ӛз сезіміне ие болу, жүгенсіз эмоцияға берілмеу деген сияқты бұйрық беруі тиіс. Біздіңше бұның басқа жолын, «Гуливердің басынан кешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу тиімдірек сияқты: «Ашуға берілу кӛбінесе басқаның кінәсі үшін ӛзіңді-ӛзің жазалаумен бірдей». Ӛте дәл айтылған!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет