1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет54/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

олтфактроника  деп аталады. 
Иіс  түйсіктері  адамның  кӛңіл  күйіне,  жалпы  психикасына  жағымды  не 
жағымсыз  әсер  қалдыруы  мүмкін.  Мәселен  жұпар  иісті  гүл  -  адамның кӛңілін 
сергітсе,  шылымның  түтіні  -  басты  ауыртады.  Парфюмериялық  заттардың  
сапасын арттырып отыру - адам психикасына қолайлы әсер етудің бір факторы 
екендігі  даусыз.  Гипократ  пен  Әбу  Әли    Ибн  Сина  (Авиценна)      хош  иісті 
заттарды  науқастарды  емдеуге  пайдаланған.  Мысалы:  Фитопрофилактика. 
Фитотерапия  әдістері  арқылы  аурудың  алдын  алу,  денсаулықты  қалпына 
келтіру,  сақтау  және  нығайту  мақсатында  ӛсімдіктерді  пайдалану  жолын  Ибн 
Сина  ӛзінің  «Емдеу  ғылымының  қағидаларында»  осыдан  мындаған  жылдар 
бұрын жазған еді. 
Американың  зерттеушілері  кейбір  шӛптердің  иісі  адамның  жұмыс 
қабілетін  арттыратынын  зерттеп  білді.    Аромотерапия.  Аромопрофилактика 
әдісі арқылы жүргізуге болады.  Эксперимент кезінде олар шағын ғана бӛлмеге 
бірнеше  адамды  компьютер  экраны  алдына  отырғызып,  экрандағы  бейнеге 
байланысты  белгілі  бір  тетіктерді  басуға  бұйырды.  Жұмыс  күрделі 
болмағанымен, бір сарынды, оның үстіне зейін қоюды керек ететін жұмыс еді. 
Адамдардың  шарғаны  байқалған  кезде  әрқайсысына  тыныс  алатын  маскі 
арқылы  ауамен  қоса  әр  түрлі  иістер  жіберді.  Сонда  адамның  жұмыс  қабілетін 
жиырма  пайыз  арттыратын  ең  тиімдісі  жалбыздың  иісі  болып  шықты.  Пижма 
(шетен),  камфора  иісі  ми  қызметін  жақсартатыны,  ал  жусанның  хош  иісі 
бұлшық еттің жиырылу  күшін  ӛсіретіні анықталған.  Невроз кезінде шырша не 
валериан сығындысы қосылған ванна қабылданады. Ол кӛңіл кӛтереді, тәбетті 
жақсартады. Раушан гүлінің иісі әлсіреген, шаршап қажыған кезде адам күшін, 
әлін қалпына келтіреді. 
Мектеп  оқушыларының  иіс  түйсіктерін  тәрбиелеу  -  мұғалімдердің  тӛл 
істерінің  бірі.  Мұғалім  сабақ  үстінде  де,  сабақтан  тыс  кездерде  де  баланың 
айналасындағы заттарды жан-жақты танып білуде, мәселен, ауаның тазалығын 
дұрыс талғай білуге, орманның, гүлденген бақтың, шабындықтың хош иістерін, 


 
қарағай,  шырша  ағаштары  шайырының  жұпар  иісін,  теңіз  жағалауындағы 
ауаның  тұзды-сортаң  иісін  сезетіндей  мүмкіндік  туғызуы  қажет.  Оқушылар 
бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс 
тигізетін газ, түтін т. б.) айыра білетін болуы қажет. 
Кӛптеген  жануарлар  үшін  иіс  -  негізгі  дистанттық  рецептор,  жануарлар 
иіс  бойынша  азығын  іздеп  табады  немесе  қауіп-қатерден  сақтанады.  Адам 
ӛмірінде иіс рецепторының рӛлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен 
ӛмір  тәжірибесіне  сәйкес  күшейіп,  жетіле  түседі.  Иіс  түйсіктері  адамның 
тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. 
Дәм  түйсіктері.  Дәм  түйсіктері    түйіспелі  контактылы  түйсік,  ол  сезім 
мүшесі заттың ӛзімен жанасқанда пайда болады. Дәм білетін мүше - тіліміздегі 
дәм  бүршіктері.  Дәм  бүршіктері  тілдің  бетінде,  жақтың  ішінде, 
таңдайда,  жұтқыншақтың  арт  жағында  орналасқан.  Олардың  ең  кӛп 
орналасқан  жері  -  тіл  аймағы.  Дәмдік  тітіркендіргіштердің  негізгі  дәмдік 
сапалары:  қышқыл,  тәтті,  ащы,  тұзды  болып  тӛртке  бӛлінеді.  Осы  тӛрт 
түйсіктің  араласуынан  жәие  оларға  бұлшық  еттік  (тілдің  қозғалысы)  түйсіктің 
қосылуынан  сан  алуан  дәмдік  түйсіктер  туады.
 
Тілдін  түрлі  бӛліктері  дәмнің 
жоғарыда аталған тӛрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді - тілдің ұшы,  
ащыны - тілдің түбі, қышқылды - тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі 
шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам кӛпке дейін 
оның дәмін ажырата алмайды. Ӛйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында 
болмайды. 
Дәм  түйсіктері  иіс  түйсіктері  тәрізді  адамның тәбетін  арттырады.  Дәмді, 
иісі  жақсы  тағам  тәбет  қоздырады.  Тағамның  сапасын  талдай  отырып,  дәм 
түйсіктері  сақтандыру  қызметін  де  атқарады.  Дәм  түйсігінің  құбылмалы 
ерекшелігі  оның  организмге  тамақтың  қажеттілігімен  тығыз  байланыста 
екендігінде. Ашыққанда дәм сезгіштік артады, тойғанда әлсірейді. Тамақ ішкен 
адам  тек  тойынып  қана  қоймайды.  Тағам  онда  белгілі  бір  эмоциялық  әсер 
тудырады.  Дәмді  тұтыну  мен  тәбетке  тағам    қабылдайтын  орын  жағдайы  да, 
стол үстіп жабдықтай білу де   әсер етеді. Мәселен, дәмді тағамдар  - адамның 
тәбетін арттырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет