1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет57/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

3. Түйсіктің  заңдылықтары.   


 
 
Түйсіктің  негізгі  заңдылықтарына:  сезгіштік  табалдырықтары, 
адаптация,  ӛзара  әсер(сенсибилизация),  қарама-қарсылық  (контраст)    және 
синестезия, бір ізді бейнелер. 
Сезгіштік  және  түйсік  табалдырықтары.  Тітіркендіргіштің  барлығы 
бірдей    түйсік  туғызуға  қабілетті  бола  бермейді.  Мамықтың  денеге  сәл  тигені 
сезілмейді.  Ӛте  күшті  тітіркендіргіш  әсер  еткенде  түйсіктің  тууы  тоқтап 
калатын  сәт  те  болады.  Жиілігі  20  мың  герцтен  жоғары  дыбысты  біз  ести 
алмаймыз.  Тым  күшті  тітіркендіргіш  түйсік  орнына  ауру  шақырады.  Демек, 
түйсіктер  белгілі  бір  қарқынды  тітіркендіргіштер  әсер  еткенде  пайда  болады 
екен.  Түйсік  қарқыны  мен  тітіркендіргіштер  күші  арасындағы  психологиялық 
тәуелділік  сипаты  түйсік  табалдырығы  немесе  сезгіштік  табалдырығы  деген 
ұғым  білдіреді.  Түйсіктердің  күші  немесе  сапасында  сол  ғана  айырмашылық 
туғызатын әсер етуші тітіркендіргіш күшіне қосылған аз ғана қосымша - айыру 
сезгіштігінің табалдырығы деп аталады. 
Психофизиологияда  абсолюттік  сезгіштік  табалдырығы  және  айыру 
сезгіштігінің  табалдырығы  деп  табалдырықтың  екі  түрін  бӛліп  кӛрсетеді. 
Айыру  табалдырығы,  бұл  -  түйсіктердің  болар-болмас  айырмашылығын 
тудыратын  тітіркендіргіштердің  минималдық  айырмасы.  Айыру  сезгіштігі  деп 
рецепторлардың  тітіркендіргіштер  арасындағы  азғантай  ғана  болмашы 
айырмашылықты  түйсіне  алуын  айтады.  Мысалы,  жанып  тұрған  100  люкстік 
шамға  бір  люкс  қоссақ,  жарықтың  күшейгені  байқалады.  Демек,  бір  люкс 
адамның  кӛз  рецепторы  үшін  айыру  табалдырығы  болып  табылады.  Дыбысты 
айыратын  табалдырықтың  күші  орта  есеппен  1/10-ге  тең.  Мәселен,  100  кісі 
қатынасқан  хорға  10  адам  қосылса  хор  аздап  артады.    Алғашқы  рет  сәл 
білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің тӛменгі 
абсолюттік  табалдырығы  деп  атайды.  Тітіркендіргіштің  осы  түрдегі  түйсігін 
тағы  да  туғызатын  ең  жоғарғы  күйін  сезгіштіктің  жоғарғы  абсолюттік 
табалдырығы дейді. 
Егер  тітіркендіргіштер  әлсіз  болып,  түйсіктің  тӛменгі  табалдырығына 
жетпесе,  онда  әсер  еткен  тітіркендіргішті  адам  түйсіне  алмайды.  Абсолюттік 
табалдырықтың  күші  адамның  абсолюттік  сезгіштігін  сипаттайды:  абсолюттік 
табалдырық  күші  неғұрлым  аз  болса,  абсолюттік  сезгіштік  соғұрлым  жоғары, 
ӛткір болады. 
Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді 
тәуелділік  бар  екені  анықталды.  Мұны  –  психофизикалық    заңдылық  деп 
атайды.  Бұл  заңдылықты  тұңғыш  рет  ашқан  неміс  физиологі  Эрнест  Вебер 
(1795-1878ж.)  және неміс физигі Густав Фехнер (1801-1887ж.) Сондықтан бұл 
заңдылықты  Вебер-Фехнер  заңы  деп  атайды.  Осы  заң  бойынша 
тітіркендіргіштің  күші  геометриялық  прогрессия  жолымен  күшейсе,  сол 
тітіркендіргішті  тудыратын  түйсінудің  күші  арифметикалық  прогрессия 
жолымен ӛседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет