1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет111/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

3.  Мінездің құрылымы
Мінез  –  бір-бірімен  қатынас  байланысы  бар  адамдардың  қасиетінің 
жүйесі, тұтас құрылым болып табылады.  
Мінез 
құрылымындағы 
сенім. 
Қалыпқа 
түскен, 
адамгершілігі 
айқындала   бастаған  мінездің  негізгі  компонентіне сенімділік жүйесі кіреді. 
Сенімділік адам мінез-құлқының принциптілігімен, күресте бас имейтіндігімен 
анықталады.   
Мінез  құрылымындағы  қажеттілік  пен  мүдде.  Қажеттілік  пен  мүдденің 
басымдылығына  қарай  адамның  ӛзіндік  мінезі  қалыптасады.  Қажеттілікті 
қанағаттандыру  мақсатында  біреу  тек  құлқыны  үшін  ӛмір  сүреді,  енді  біреу 
ӛмір  сүру  үшін  тамақ  ішеді.    Дүниеқор  адамдар  да  болады,  олар  тек  дүние 
жинау  үшін  ғана  ӛмір  сүреді,  бұл  олардың  рухани,  адамгершілік  дүниесін 
жұрдай етеді: топтастықты, сараңдықты, күншілдікті арттырады. 
Мінез құрылымында еңбек ету қажеттілігінің, қоғамдық мүдденің басым 
болуы  -  адам  мінезінің  белсенділігі  мен  тұтастығын  және  қоғамға 
пайдалылығын кӛрсетеді. 
Мінез  құрылымындағы  интеллект.  Адамда  байқағыш,  жазбай  танитын 
қасиеттің  болу-болмауы,  ӛзгермелі  ортаны  тез  бағдарлауға  мүмкіндік  беретін 
орамды  ақылдың  немесе  оған  керісінше,  оралымсыздық  пен  баяулықтың  тән 
болуы, адамның құбылыстарды терең талдай алуы, не мәселеге үстірт қарауы - 
осының бәрі-бәрі жеке адамды сапа жағынан сипаттайды. 
Мінез құрылымындағы ерік. Қалыпқа түскен ұнамды мінездің ӛзегі - жеке 
адамның ерік-жігерлілік сапасы болып табылады. Ерік-жігері күшті адам талап-
тілектерінің  және  кылықтарының  аныктылығымен,  ӛз  бетінше  әрекет  ете 
алушылығымен  кӛзге  түседі.  Ол  кӛздеген  мақсатына  жетуде  табанды  және 
батыл.  Адамның  жігерсіздігі,  әдетте,  мінездің  ынжықтығымен  орайлас  келеді. 
Тіпті  білімі  мол,  жан-жақты  қабілетті  адамның  ӛзі  де  егер  жігерсіз  болса, 
сыртқы  жағдайлардағы  және  ӛзінің  ішкі  жан  дүниесіндегі  бар  мүмкіндіктерді 
толық жүзеге асыра алмайды. Ерік-жігердің бекуімен бірге мінез орнығады.  
Мінез  құрылымындағы  сезім.  Сезім  дегеніміз  -  әлеуметтік  және  табиғи 
ӛмірдің  сан  алуан  жақтарына  эмоциялық  қатынас.  Мінез  туралы  сӛз  болғанда 
жеке адамның эмоциялық қасиеттеріне де назар аударылады. Бұлай ету орынды 


 
да  адам ӛзін сезім арқылы да ашады.Адамның нені сүйіп, нені жек кӛретіндігі, 
қандай  нәрсеге  салғырт  қарайтындыгы  оның  шын  мәніндегі  ӛмірлік 
позициясын білдіреді. 
Әлеуметтік  ӛмір  жағдайларына  байланысты  қалыптасқан  мінез 
ерекшеліктеріне орай адам шынайы құрылыстарға жан-тәнімен құмарта немесе 
талдап  селқос  қарауы,  жоғары  дәрежедегі  саяси  моральдық,  эстетикалық, 
интеллектік  сезімге  ие  болуы  немесе  керісінше,  жұпыны  сезімді  болып, 
ұстамсыздық, дӛрекілік, долылық (аффект) кӛрсетуі мүмкін. 
Мінез  құрылымындағы  темперамент.  Мінездің  табиғи  негізі  -  жоғары 
нерв  қызметінің  типтерін  кӛрсететін  темперамент  болып  табылады. 
Темперамент  мінездегі  байсалдылық  немесе  жаңғалақтық  немесе  сылбырлық 
тонусының  кӛтеріңкі  -  тӛмендігі,  үйірсектік  немесе  тұйықтық,  жаңа  жағдайға 
жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды. 
Бірақ  темпераменттер  психикалық  қасиеттердің  басқа  жақтарымен  де 
байланысып жататындығын және бір жағының, осы қасиетке - темпераменттің 
кей  кӛріністерін  әлсіретіп,  бүркемелейтіндігі,  екінші  жағынан,  ӛмір  талабына 
сәйкес  оны  күшейте  алатынын,  сондай-ақ  бұрын  қалыптасқан  әлеуметтік 
бағдармен моральдық ұғым, әдеттерге де тәуелді болатынын есте ұстаған абзал. 
Қалыптасқан  әдетпен  дағды,  мінез  бітістері  темпераментке  әсер  етеді.  Мінез-
құлықты 
ӛзгертеді. 
И.П.Павлов 
керенау 
флегматиктерден 
белсенді 
флегматиктерді  ажыратқанда  осы  жағдайды  ескерген  болса  керек.  Бұл 
айтылғанның  сангвинктерге  де  қатысы  бар,  бұлардың  бірі  істе  белсенділік 
кӛрсетсе,  екіншілері әбігер, бос сӛзді, той-даңазаға құмар келеді, флегматикпен 
сангвиниктердің,  осы  айтылғандардың  мінез-құлықтары  бәрінен  бұрын 
олардың мінез бітістеріне тәуелді болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет