1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет91/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

 
№ 14  дәріс. Қиял. 
Жоспар: 
1.Қиял туралы  жалпы  ұғым. 
2.Қиял түрлері. 
3.Қиялдың жасалу  жолдары. 
4.Қиялды дамыту. 
 
1.Қиял туралы  жалпы  ұғым. 
Қиял  дегеніміз  –  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының 
субъективтік бейнелерін  қайтадан жаңғыртып, ӛңдеп, ӛзгертіп бір-біріне қосып  
бейнелейтін,      адамға  тән  процесс.  Қиял  сондай-ақ  ӛмірде  бар,  бірақ  адамның 
жеке  тәжірибесінде  кездеспеген  обьектінің  бейнесін  жасау.  Мәселен,  ӛткен 
заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып, отырғанды не ӛзіміз 
кӛрмеген  алыстағы    елдер  туралы  әңгіме  тыңдағанда  немесе  кітап  оқығанда  
(алыстағы  Африка,  Австралия,  Индия  т.б.)  бізде  түрлі  жаңа  елестеулер  пайда 
болады. Бұл қиял процесінің  жемісі болып саналады. Адам әрекетінің қай түрі 
болмасын  оған  ойлаумен  қатар  қиял  керек.  Кісі  әрекетке  кіріспес  бұрын  ӛз 
еңбегінің  нәтижесін  қандай  болатынын  кӛз  алдына  елестетіп  отырады.  Бұл 
жӛнінде  К.Маркс:  Нашар  сәулетшіні  еңбекқор  арамен  салыстыра  келіп, 
сәулетші  нашар  болса  да,  оның  арадан  ілгері  тұратындығын,  егер  ара  омарта 
салғанда  оның қандай  болатынын,  ерте  бастан  кӛз  алдына  елестете  алмай,  тек 
соқыр  сезімдері  арқылы  әрекет  етсе,  қандай  нашар  сәулетші  болғанымен  ол 
ерте  бастан  салатын  үйінің  қандай  болатынын  кӛз  алдына  елестете  алады-, 
дейді.    К.Маркс  бұл  жерде  қиялдың  адам  ӛміріндегі  маңызы  туралы  айтып 
отыр.    Қиялдың  механизмі  күрделі.  Адам  қиялы  еңбек  процесінде,  іс-әрекет 
үстінде  жарыққа  шығып,  дамып  отырады.  Адам  санасының  жануар 
психикасынан  басты  айырмашылығы  адамда  ойлаумен  қатар  қиял  әрекетінің 
болғандығында.Айдаһардың бейнесін  Италияның атақты суретшісі  Леонард да 
Винчи  қиял  арқылы  былайша  суреттейді:  "Кӛкжал  аңшы  иттің  не  жай  иттің 
басын  аламыз,  оған  басқа  мысықтың  кӛзін  саламыз,  құлағы  үкінікі  болады, 
мұрыны  тазынікі  секілді,  қасы  арыстандікі,  самайы  -  әтештікі,  мойны  суда 
жүзетін  тасбақанікі  сияқты".  Осы  бейненің  ӛзі  шындықта  бар  нәрселерді 
топтастыру  арқылы  туып  отыр.  Бірақ  осы  топтастыру  нәтижесінде  келіп 
шыққан тұтас образдың ӛзін кӛре білу үшін адамға ең күшті, ӛрен жүйрік киял 
қажет.  Қиял  процесінің  адам  әрекетінің  қандай  саласында  болмасын  зор 
маңызы бар. Қиялдың ӛзі осы әрекет арқылы ӛзгеріп, дамып отырады. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет