1-ДӘріс. Тақырыбы: физика жалпы білім беретін мектептің ОҚу пәНІ. Мақсаты


Физика курсын құру жүйесінің мүмкіншіліктеріне талдау жасау



бет2/9
Дата19.05.2024
өлшемі35.26 Kb.
#501470
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
№ 1-Дәріс

Физика курсын құру жүйесінің мүмкіншіліктеріне талдау жасау.

Орта мектеп пен кәсіптік-техникалық оқу орындарында физиканың негізгі бөлімдері оқытылады. Ол қазіргі талапқа сай және қарапайым болуы керек. Қазіргі кезде техника мен ғылымның күрт дамып алға басуына байланысты, мектепте алған білімдерін өмірде пайдалана алатындай, сонымен қатар ол көпшілікке түсінікті қарапайым, меңгеруге оңай болуы қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып, физикадан орта мектеп курсының білім жүйесі мына талаптарға сай болуы тиіс: 1) қазіргі ғылыми түсініктерді, ұғымдарды қалыптастыру; 2) негізгі физикалық заңдар мен теорияларды танып-білу; 3) физикалық әдістерді түсіну; 4) кәсіптік-техникалық бағдар беру; 5) оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; 6) диалектика-материалистік көзқарасын қалыптастыру.
Физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын бірден-бір іс қағазы – бағдарлама. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, ал оқытушылардың оқушыларға қандай білім беру керектігін анықтайтын іс қағазы. Ал, физика кітабын жазатын авторлар да осы бағдарламаға сәйкестендіріп жазады. Бағдарлама мемлекеттік іс қағаз болып табылады. Оны орындау міндетті және де бұл барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.
Физика ғылымының алға дамуына байланысты, оның техника мен өндірісте қолдануына қарай бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Қазақстанның егемендік алуына байланысты 2000 жылы Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы «Физика және астрономия» бағдарламасын жасады. Міне осы өзгерістерге байланысты физика курсын құру мүмкіншіліктеріне көңіл қойған жөн. Физикадан оқу материалдарын таңдап алған кезде мына жағдайлар:

  • оқушылардың жас ерекшеліктері мен ғылыми түрде түсіндіру сәйкестігі және жүйелілігі;

  • мазмұнның қазіргі кездегі ғылымға қайшы келмеуі және оның әдіснамалық бағыттылығы;

  • қазіргі кездегі ғылымға сәйкестігі – теория мен практиканың арасында алшақтық болмау;

  • физиканың басқа пәндермен байланыстылығы ескеріледі.

Физиканы оқыту әдістемесінің тарихында, біздің елімізде төрт түрлі өзгеріс болды: сызықты, шеңберлі, сатылы, күрделі шеңберлі.
Физика курсының сызықты түрдегі құрылымы – мұнда әрбір физика бөліміндегі материалдар толық оқытылып, онан кейін қайталанбайды. Сырт қарағанда мұндай құрылым дұрыс болғанымен, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты, психологиясы ескерілмейді және дидактика талаптарын қанағаттандырмайды.
Өткізілген педагогикалық экспериментке қарағанда кейбір қиын физикалық ұғымдар мен заңдылықтарды түсіну үшін бақылап және тәжірибе жасап көріп, сонан кейін ғана қиын заңдылықтар қалыптасатыны дәлелденді. Мысалы: төменгі сынып оқушылары алдымен механика бөлімін, ондағы кинематика мен динамикадағы қиын заңдылықтарды оқып үйреніп, одан кейін жоғарғы сыныптарда оңай сұрақтарды жылу құбылыстарын, электрлік құбылыстарды оқуына тура келген болар еді. Оның үстіне сызықты түрдегі құрылымды оқыту кезінде математикадан да арнайы дайындықты керек етеді.
Физика курсының шеңберлі құрылымы – мұнда керісінше физиканың барлық бөлімдері 2 реттен қайталанып оқытылды. Бірінші шеңберде физиканың барлық бөлімінің ең қарапайым ұғымдары, ал екінші шеңберде физиканың барлық бөлімі, соның ішінде бірінші шеңбердің материалдары да бар. Екінші шеңбердің материалдарында, біріншімен салыстырғанда физикалық теориялар кең қамтылған, математикалық есептеулер қолданылып және жалпылау, абстракциялау кең қолданылады.
Бұл құрылымның жақсы жағы барлық материалдар ең алдымен қарапайым болып бірте-бірте қиындауында, ал кемшілігі бір оқытылған материал қайталанған кезде оған деген оқушылардың қызығушылығы кемитіні.
Физика курсының сатылы құрылымыосы екі құрылымның жақсы жақтары, сызықты құрылымнан материалдың жүйелі түрде берілуі, шеңберлі құрылымнан оқушылардың жас ерекшеліктерінің ескерілуі алынып жасалынған. Бірінші сатыда 7-8 сыныптарда физиканың қарапайым элементтері оқытылды. Бір рет оқытылған материал қайталанбайды. Мысалы: гидростатика элементтерімен 7-сыныпта, ал гидродинамика және тізбек бөлігі үшін Ом заңы 8- сыныпта, ал толық тізбекке арналған Ом заңы 9-сыныпта ғана оқытылады.
Екінші сатысында 9-11 сыныптарда механика, молекулалық физика, электродинамика, оптика, атомдық және кванттық физика бөлімдері оқытылған.
Қазіргі кездегі талаптарға сай жағдай түбегейлі өзгеруде. Енді 10-11 сыныптардағы физика курсы әр түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша оқытылады. Осы жағдайларға байланысты жаңа бағдарламалар дайындалды.
Физика курсының күрделі щеңберлі құрылымы – жаңа бағдарламаға байланысты 7, 8 және 9 сыныптарда физиканың барлық бөлімдері толық қамтылып оқытылады. Бұл бүгінгі күн талабына сай базалық білім мазмұнын береді, ол қоршаған әлемнің физикалық бейнесін ашуға негізделген. Мұнда физика мен астрономия пәндері интеграцияланған болып табылады. Бірінші шеңбер 7-9 сыныптар негізгі мектеп, екінші шеңбер бағдарлы мектепте оқытылады.
«Физика және астрономия 7-9» курсының бағдарламасы әр сыныпқа сәйкес 2+2+2 апталық сағат санына есептелген. Курстың негізгі мазмұнын қоршаған әлемнің жалпы сипаттамасы, әлемнің, заттың құрылысы, табиғаттың әртүрлі құбылыстары, негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар, физиканың кейбір практикалық қолданыстары туралы мәліметтерді құрайды. Оқушылар әлемдегі физикалық заңдардың байқалуын және оларды адамның практикалық әрекеттерінде қолданылуын түсінуі тиіс.
Оқушылардың жас ерекшелігі физика мен астрономияның базалық курсының құрылымымен адамды Әлемнің бір бөлшегі, әрі оның зерттеушісі ретінде, жалпы танып-білуден атом, ядро, қарапайым элементар бөлшектерге дейін танып-білуге мүмкіндік береді.
Екінші шеңберде 10, 11 сыныптарда бағдарлы мектепте түрлі бағдарламаға сәйкес физиканың негізгі бөлімдері қайтадан оқытылады.
Бағдарлы мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқушыларға физиканың негізгі бөлімдері жеңілдетілген түрде, ал жаратылыстану-математика бағдарлы мектептің оқушылары физиканың негізгі бөлімдері тереңдетіліп оқытылады. 10-11 сыныптарда оқытылатын физика курсының мазмұнын негізгі физикалық идеялар, принциптер және болжамдар құрайды. Білімді іргелі физикалық теориялар айналасында топтау ең басты орын алады.
Осы қарастырылған төрт құрылымның ішіндегі қазіргі кезде қолданылып жүргені төртінші құрылым. Мұнда білімділігі, политехникалық практика мен теорияның сәйкестілігі және де басқа пәндермен байланыстылығы қарастырылған. 7-9 сыныптарда орта буындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай техника мен физика құбылыстарына қызығушылығын арттыру ескеріліп толық қанағаттандырылған. 10-11 сыныптарда физика курсы әр түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша оқытылатын болады.
Біздің елімізде физикадан білім беру төрт кезеңнен тұрады.
1. Дайындық – яғни 3-5 сыныптар аралығында табиғат тану мен физикалық география, еңбек сабақтарында – физиканың қарапайым ұғымдары беріледі.
2. Бірінші шеңберде 7-9 сыныптарда «Физика және астрономия».
3. Екінші шеңберде 10-11 сынып физикасы.
4. Факультативтік сабақтар – физикадан терең білім беру үшін оқытылады.
Физика пәнінің мұғалімі бағдарламаға сай барлық курсты толық білу керек және 3-6 сынып мұғалімдеріне әдістемелік жағынан көмек көрсетуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет