1-ДӘріс. Тақырыбы: физика жалпы білім беретін мектептің ОҚу пәНІ. Мақсаты



бет9/9
Дата19.05.2024
өлшемі35.26 Kb.
#501470
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
№ 1-Дәріс

Сабақтың кезеңдері


Жаңа материалды өту сабағы

Өтілетін материалды актуалдау, өзектілігін, маңызын айту және дәлелдеп, себептер келтіру.

Жаңа білімдерді қалыптастыру (15-20 мин.).

Бекіту, жаттығу, игерудің
1-деңгейіндегі бағалау (15мин.).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин.).

Алған білімдерін баянды ету және іскерлік пен шеберліктерін қалыптастыру сабағы

Өтілетін материалды игерудің 1-2 дәрежесінде қайталау, бағалау
(10-15мин).

Өздерінде бар білімдерін дамыту және жаңа іскерлікті қалыптастыру (10-15 мин.
2-3 деңгей).

Білімдері мен іскерліктерін жаңа жағдайларға пайдалану
(3-деңгей,
15 мин).

Үй жұмысын беру. Сабақты қорыту.

Құрастырылған аралас сабақ

Өткенді қайталау, білімін бағалау
(10-15 мин).

Жаңа білімді қалыптастыру (10-15 мин).

Білімдерін бекіту және бағалау
(1-деңгейде,
5-7 мин).

Бар іскерліктерін дамыту
(3-10 мин). Үйге тапсырма беру, сабақты қорыту
(2-3 мин).

Білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

Өтілетін бөлім бойынша теориялық материалды қайталап және талдап қорыту
(15-20 мин).

Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану
(20-25 мин).




Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру
(3-5 мин).

Оқушылардың білімі мен іскерліктерін тексеру




Бақылау жұмысы, зачет немесе физикалық диктант, тест және т.б. игерудің барлық деңгейлері бойынша білімдерін тексеру және бағалау мақсатында өтіледі.

Тақырыптық жоспарлауды бітіргеннен кейін, мұғалім жеке сабақтарды жоспарлауға кіріседі, яғни сабақ үстіндегі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің едәуір өзіне тән элементтерінің логикалық байланысын көрсететін әр сабақтың құрылымын шығармашылық жолмен анықтайды. Жаңа материалды оқуға арналған сабақтың құрылымына мынадай негізгі элементтер жатуы мүмкін: оқушылардың алдына проблемаларды белсенді түрде беру, тақырыптарды кезеңмен қойып оқыту, оқытудың әртүрлі және едәуір әсерлі әдістерін пайдалану, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың білімдерін шығармашылық жолмен бекіту және бақылап отыру, үй тапсырмасының мазмұнын және орындау әдістерін тиянақты түрде түсіндіріп беру.
Күнделікті сабақ жоспарында көбінесе мыналарды көрсетеді: сабақтың мақсаты (білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік), проблемалық жағдайлар тудырудың әдістері, жаңа материялды баяндаудың негізгі кезеңдері мен әдістері, үй тапсырмасының көлемі, сабақты дайындап өткізудегі пайдаланылатын құрал-жабдықтардың және әдебиеттердің тізімі.

Күнделікті сабақ жоспарының жалпы үлгісі:


1. Айы, күні, жылы ..................Сынып .......... Сабақтың нөмірі...................
2. Сабақтың тақырыбы.
3. Сабақтың мақсаты және міндеттері:
(оқушылардың және оқытушының)
4. Сабақ түрі.
5. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: демонстрациялық тәжірибелер, схемалар, чертеждар, дидактикалық материалдар, техникалық құрал-жабдықтар, кино, диафильмдер, үлгілер, компьютерлік бағдарламалар.
6. Сабақтың құрылымдық схемасы: сабақтың дидактикалық құрылымы, әдістемелік құрылымы, оқыту әдістерін таңдау.
7. Конспект: сабақтың кезеңдері және олардың өзара ауысуы (әрбір кезеңнің мазмұнын ашу, уақытын көрсету, оқушылар мен оқытушының іс-әрекетін белгілеу).
8. Үй тапсырмасын белгілеу: оны қалай орындау қажеттігі жайлы нұсқау беру, дайындығы күшті оқушыларға қосымша тапсырма беру.
9. Сабақтың қорытындысы: істелінген жұмыстарға шолу, баға және оны талдау, өтілген сабақтың келесі сабаққа дамытушылығы.
Ескерту:
1. 1,2,3,4,5 пунктер мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық-жоспары кезінде жазылады.
2. Сабақ жоспары мұғалімнің жеке құжаты, сондықтан оны құруда еңбекті ғылыми түрде ұйымдастырудың барлық жолдары қарастырылуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет