1 дәріс Тері топографиясы


Шошқа терісі былғарысындағы жүн схемасы



бет3/5
Дата27.01.2020
өлшемі1.14 Mb.
#447880
1   2   3   4   5
Лекция


Шошқа терісі былғарысындағы жүн схемасы

А – жүн емізікшесі; б – жүнді қабыршақ; в – жаңа жүн; г – ескі жүн; д – жүйке талшықтары.


Жота - терінің бағалы бөлігі. Бұл жерде берік былғары өзеңімен ең қалың түк жабыны бар. Ол терінің мойынынан құйырғына дейінгі ортаңғы бөлігінде орналасқан. Оның ені әр малда әртүрлі. Құйымшақ тұсының түгі мойынының түгіне қарағанда қалың және ұзынырақ келеді. Жота түгінің сапасына бүйір жағының түгі ғана ұқсасырақ. Сондықтан оны жотамен бірге пайдалануға болады.

Барлық малдардың бауыр терісі көбінесе сирек болады, бірақ кәмшат, жұпар тышқан, су тышқандарының бауыр терісінің түгі бүйірі мен жота терісіне қарағанда қалыңырақ. Астыңғымен салыстырғанда жоғарғы бөлігіндегі бүйір терісінің жүнді жабыны қысқа және ашық түсті болып келеді. Тері тіні құйрығына қарағанда беріктеу.

Табан - бұл тері бөлігінің аяғында болады. Осы жерде қатты, төмен жүнді жабын болады, ал тері тіні жуандаған. Бүтін табанды онша бағалы емес терідегі мехтік терілерде сақтамайды, тек оның табандық деп аталатын беттік бөлігін қалдырады. Бағалы терілерді табанымен қоса шешіп алуға тырысады.

Мойын - бастың көз сызығынан алдыңғы табандыққа дейінгі бөлігі, бұның ортаңғы бөлігі жонарқаның жалғасы болып табылады.

Құйрық екіге бөлінеді: 1- құйрық ұшы; 2 - құйымшақ тұсымен жалғасқан бөлігі.

Терінің топографиялық құрлысының негізінде мех өндірісіндегі қалдықтарды болдырмау үшін, көбінесе ірі емес мамықтық мал терілерін қолданады. Ал тері өндірісінде шошқа, жылқы, ІҚМ терілерімен байланысты. Олардың топогграфиясы біршама өзгеше.

ІҚМ терісі келесі бөліктерде талданады:

Жонарқа - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі. Ол беріктігі мен жыртылған кезде аз ұзартуымен сипатталады.

Құйымшақ тұсы - терінің тығыз және иілгіш бөлігі. Шап және табан - ең былпылдақ және жұқа бөлік. Жыртылған кезде созылып кетеді.

Қол және мойын - бұлар да былпылдақ және жұқа болып келеді.

Жылқы терісін екіге бөлуге болады: алдыңғы және сауыр терісі. Орны бойынша ІҚМ терісіндей жонарқаның орнына алдыңғы бөлігі орналасқан. Бірақ ол былпылдақ құрылысымен ерекшеленеді.



Шошқа терісінің топографиясы өзгеше. Терінің ортаңғы бөлігінде жонарқа және мойын терісі бар. Оны бөксе деп атайды. Қалған бөліктері бөксенің бүйірінде орналасқан, оны қол терісі деп атайды. Оларды аяқ киімінің жоғарғы жағына және қайыс белдіктер дайындауда қолданады.



ІҚМ терісінің топографиясы

А – жонарқа; Б – жаға терісі; В – қол терісі; Г – құйымшақ тұсы терісі; Д – шап терісі; Е – табан терісі; Ж – бас бөлігі.






Жылқы терісінің топографиясы

А – алдыңғы терісі; Б – хаз;



В – шпигель.



Шошқа терісінің топографиясы

А - шошқа бөксесі; Б – қол терісі



Мехтік теріден өнделген тері тіні төмендегідей негізгі талаптарға сай келуі керек:



  1. Қалыңдығы. Біз өңдеу кезінде өте жұқа, әрі бұйым жеңілдігін қараймыз.

  2. Беріктігі. Бұнда бұйымның ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіншілігі қаралады.

  3. Иілгіштігі. Бұл кезде бұйымның қозғалыстан кейін бастапқы пішінін сақтауы қарастырылады.

  4. Жұмсақтығы.

Енді тері тінімен жан -жақты танысқаннан соң, терінің басқа бөлігі мехқа, яғни жүнді жабынға келеміз. Мехтік өндірісте ол бүкіл терінің сапасын анықтайды. Малдарда жүнді жабын біркелкі емес. Ол қылшықтардың әртүрлі категориясынан құралған.

Бағыттаушы қылшық айтарлықтай қалың және серпімді, онда ұзын өзек болады. Оның ұштары бетке шығып тұрады.

Өстік қылшық - бағыттаушыдан қарағанда қысқа, бірақ одан қалыңырақ. Кейде, сәндікке қарап мех өндеу үрдісінде кейбір малдардың (мысалы кәмшат) бағыттаушы қылшығын қысқартып және мүлдем алып тастайды.

Мамықтық қылшық - басқалардың барлығынан қысқа. Олар өте жұқа, нәзік және төменде болатын біршама қалың түкті жабын. Биязы жүнді қойлардың түкті жабыны осы қабаттан тұрады. Аң терісінің 94-98 пайызы мамық қылдар құрайды.

Сезімтал қылшық - бұл мойынның, еріннің жоғары және төменгі терілерінде кез келген түрдегі қылшық қалташық пен өзектен тұрады.

Қалташық - бұл тері жабындағы қыл бөлігі. Қылдың түбірі - қалташықтың жуандатылған бөлігі. Қылдың әртүрлі категориядағы тамыры біркелкі емес. Әрі қарай қылдың өстік қылшығы мен тамыры кесіліп қалады да, теріден жеңіл бөлінеді.

Өзек қылшығының ұзындығы жүнді жабын биіктігімен анықталады. Орналасу жиілігі оның қалыңдығына байланысты.

Теріден өңделген жүнді жабын сапасын келесі сипаттамалар анықтайды: биліктік - бұнымен терінің жылуды қорғау қасиеті байланысты, қалыңдығы мен сыртқы түрі, қылшықтың беріктігі және оның тері тіндеріне байланысты. Бұдан терінің сапасын жарыққа келмей тұрғаннан-ақ байқауға болатындығын анықтаймыз.

2 дәріс

Малдың терісіне әсер ететін факторлар

1. Бағу және тамақтандыруды 4 негізгі жағдайға бөлуге болады:

а) Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы. Малдың ағзасының жағдайы мен оның терісінің сапасы малдың қоректенуіне байланысты. Қорек, біріншіден, жеткілікті, екіншіден теңестірілген болу керек. Өйткені, жаман сіңіретін малдың терісі борпылдақ, жұқа болып келеді, бұлар механикалық әсер нәтижесінде әртүрлі аурулармен оңай зақымданады. Әсіресе, жүнді жабының жетілуі кезінде өте қауіпті. Ол мамықтың, жүнді жабынның, қылшық жүні төмен, сирек болып, шала жетілуіне әкеліп соғады. Көміртектің жетіспеуі кезінде ақуызды қоректің мол болуы жүнді жабынды айтарлықтай жуандатады.

б) Еркіндік. Малдар кең жерде тұруы керек және көп уақыт өрісте жайылғаны дұрыс. Әйтпесе, тері борпылдақ, иілімсіз, ал жүнді жабын сирек, әрі байланып қалады.

в) Тазалық - гигиеналық жағдайды қадағалау. Нашар күтімдегі малдарды лас жерлерде ұстау, терілерде кірдің пайда болуына себеп болады. Бұндай жағдайда, теріні өндеу кезінде кірлердің араласып кетуі әбден мүмкін. Тіпті, тері ауруларына әкеліп соғады. Сонымен қатар, біріншілік үрдісті айтарлықтай қиындатады.

г) Паразиттермен күрес кезіндегі: бөгелек, кене түйінді, беттік кене және тағы басқалар.

Осындай барлық маңызды талаптарды орындау нәтижесінде ақау, кемістіктерден сақтана аламыз. Енді болашақ тері маманына пайдалы болып табылатын, келесі реттілікпен танысайық:

Механикалық ақау - эпидермистің жаралануымен тері бөлігінің жүнді жабынының түсіп қалуы. Механикалық зақымданудың - негізгі себептері: сыздауық - ауырған және төбелескен кезде мал терісінің зақымдану нәтижесінде көгеріп, орнының қалып қоюуы. Сыздауықтардың мынадай себептері болуы мүмкін:



  • Тері аурулары (экзема, ірің дерматиттері т.б.)

  • Гельминтозды жаралар

  • Жұқпалы аурулар

  • Таз аурулар

  • Шіркейдің шағуынан

  • Механикалық зақымдану және т.б.

Ақаулар бірінші рет туған сиырларда кездеседі. Қамшының ізі - қамшымен қатты ұрғаннан болады.

Тері бөртпесі - көп мөлшерде терлеудің салдарынан пайда болады.

Таңбаның орны - темірді қыздырып, мал терісіне ен салғаннан қалады.

Сызат - терінің беткі қабатын өткір заттармен тіліп кетуінен пайда болады.

Мінекей, өздерініз көріп отырғандай малды дұрыс күтіп, бақса сапалы шикізат алуға болатынына көз жеткізіп отырсыздар.

Малдың жынысы мен жасы. Терінің өлшеміне қарай малдың жынысын білуге болады. Көбінесе еркек малдың терісі ұрғашы малдың терісінен ірілеу келеді. Негізінен мамықтық еркек аңның жүні, тері сапасына қарағанда қатқылдау. Еркек малды піштіру терінің сапасын жақсартады. Сонымен қоса, түріне қарап жасынан айыра білу қажет. Көбінесе жас малдың жүнді жабыны үлкен малдарға қарағанда, бірінші түлеуден кейін жұқа, нәзік, әрі жұмсақ келеді. Кейде оны түсіне қарап біледі: жас мамықтық аңдардың жүнді жабыны қаралау болады. Тек қана жас, кейбір үй жануарларының терісін мехтік шикізатқа пайдалануға болады. Бұған қаракөл қойлары жатады. Олардың жаңа туған қозыларының жүнді жабыны мықты, берік, бұйра келеді. Бірақ жүнді жабын біраз күннен соң өседі, беріктілігі мен әдемі пішінінен айырылады. Көбінесе, жас үй жануарларының терісі, керісінше арзанырақ болады.

Жыл мезгілі. Малдардың жүнді жабыны үшін жыл мезгілдерінің де өзіндік әсері бар. Мерзімдік өзгерістер: олардың жүнді жабыны жыл мезгіліне және тыныштық кезеңіне, қылшықтың өсуі тоқтағанда (қыс, жаз) және жаңа қылшықтың өсуіне байланысты болады. Жүнді жабынның алмасуы кезінде ескі қылшық түсіп қалады. Бұл уақытты түлеу уақыты деп атайды. Өрісте көп жайылатын үй малдары мен жабайы аңдарға жыл мезгіліндегі көптеген факторлар (күн сәулесі, жауын-шашын, қар т.б.) әсер етеді. Ақырғы түлеу - негізінен жаздың аяғында, күзде және ерте көктемде болады. Сиыр, бұқа және жылқыларды тамыздың соңынан, желтоқсанның аяғына таманғы аралықта сойған жөн. Себебі, бұл кезде тері тығыз және сау келеді. Сонымен қатар, егер теріде сыздауық болса, осы уақытта жазылып, қайта шығып үлгере алмайды. Ал қойды бірінші сою уақытында маусым, шілде, тамыз айларында сойған дұрыс. Екінші сою мерзімі қыркүйек, қазанда нашарлайды, ал үшінші сою кезеңінде - күзде қылшықтары ұзарып, жұқарып кетеді. Көктемде сойылған тері мүлдем жарамсыз. Ешкілер үшін союға ең ыңғайлы уақыт - күз.

Мамықтық аңдарға мезгілдік өзгерістер қатты әсер етеді. Қыста олардың жүні ең ұзын, жұмсақ, жылтыр қалыпқа жетеді. Қыста ұйықтайтын аңдар басқа малдар сияқты екі рет түлемейді, бір рет қана түлейді. Сондықтан оларды кеш күзде және ерте көктемде союға болады. Күзде жүнді жабындары жұмсақ, жылтыр болып келеді және түсінің өзгеруі болмайды. Көктемде жүнді жабын құрғақтау, қатқылдау болып келеді.

Бұрын қыстың бас кезінде, суық күнде аңшылықпен алынған, егер тез арада терісі сыпырылған болса, онда ол аңның мехі - ең жақсы мех болып есептелген. Тері үшін қысты күні аңды (бірінші айынан басқа) союдың қажеті жоқ, себебі, олардың қыста терісі жұқарып, өздері арықтайды.

1. Сою. Терінің сапасына сою да әсер етеді. Союдағы ең негізгі талап - малды қансыратпау. Қан бактерияларды жетілдіретін керемет орта болып табылады. Терінің қан тамырларында қалып қоюы, шандырлы беттік қабат түзеді. Қансыратпау үшін, малдың жүрегі мен нерв жүйелерін байқап кесу керек. Қансыратпаудың ең дұрысы малдың мойынындағы қан тамырын кескен жөн.

2. Теріні сыпыру - ең жауапты кездердің біреуі. Теріні ұшадан мал тоңазып кеткенше тезірек айырып алу қажет. Осы уақытта май, қан суып, теріні сыпыруды жеңілдетеді. Тері сыпырудың негізгі дұрыс принципі, оның периметрін кіші қылып алуында.

Қансыздандырғаннан кейін, біріншіден жұмыс істеуге ыңғайлы, екіншіден таза ауа жолын ашуға қолайлы. Үй ірі қара малының ауыр ұшасын ілу үшін, артқы аяғын кесіп, соған таяқшаны кигізеді. Таяқшаның ортасына мықты жіп байлап, оны төбеге бекітеді.

Теріні сыпырмас бұрын, қан болған, кір болған жерлерді жылы суға батырылған бұлмен тазартып, байланған қылшықтарды тарап алу қажет. Теріні сыпыру үшін, өткір пышақ, ағаштан жасалған күрекше мен лучинка керек. Оны құйыршық терісінің астына салады. Барлығы дайын болған кезде, теріні сыпыра бастайды. Пластпен ІҚМ, сонымен қоса, қой, ешкі т.б. мал терісінен өтіп, құйрықтың төменгі жағына дейін ұзын кесінді және де қиысатын кесінділерде жасайды:

1) алдынғы аяқтың ортаңғы бармағынан омырау арқылы басқа аяқтың ортаңғы бармағына дейін;

2) артқы аяқтың бармағынан жыныс саңылау арқылы келесі аяқтың бармағына дейін.

Теріні құйрығынан бастап сыпыру керек. Ол үшін ағаш күрекшені терінің астына тығып, қолмен тері аймағын ұстап тартады да, еттен бөліп алады. Бұл үрдісті өте баяу, ұқыпты істейді, әйтпесе тері жыртылып кетеді. Жартысын тірекше көмегімен істеген соң, ары қарай қолмен сыпырып, іреуге де болады. Теріден ерін, құлақтарды кесіп алып тастайды.

Егер теріні тұтасымен қолданылатын болса, онда түтікпен шешеді. Ал бауыр терісі жонарқадан бөлек алынса, оны жеке қолданады. Бұл жоғары бағалы болады. Осындай сыпыруды кәмшат, қара күзен, сусар, түлкі, ақ тиын, ондатра, қоян, бұғының төлі және т.б. үшін қолданады. Артқы жағы аяқ бармағының ішкі сызығының бойымен кесіледі. Теріні құймышақ тұсы терісінен бастап, артқы аяқ пен санын, сосын құйрығын, содан кейін барлық ұша бойынша басын бөлектейді. Бағалы тері тұяғымен қоса шешіледі.

Мехтары ашық, нәзік, бағалы аңдардың (бұлғын, ақкіс, күзен, ақ құлақ) терісін чулакпен сыпырады. Басынан ауыз жағын, ерінін бөлектеп, мұрынын ойып, кеседі. Сосын басынан құйрығына қарай тартады да, біртіндеп сыпыра бастайды. Құйрығы қозғала бермес үшін оған лучинка қояды.

Теріні сыпырғанан кейін оны тез арада майсыздандыру керек. Ол дегеніміз - қалдық майлар мен еттерді тазарту. Бұл операцияны бірінші тәсілмен орындайды. Оны орындау үшін біраз құрал-жабдықтар қажет.

1. Болванка пышақпен майсыздандыру. Ол конус тәріздес пішінде, оны әртүрлі ағаштан жасауға болады. Болванка әр түрлі терілер үшін әркелкі өлшемде болады.

Түлкі үшін: ұзындығы - 80 см, негізгі диаметрі - 12 см, ұшындағы диаметрі - 4 см.

Қара күзен үшін: ұзындығы - 60 см, негізгі диаметрі - 8 см, ұшындағы диаметрі - 3 см.

Болванка беті міндетті түрде біртегіс, сызатсыз болуы қажет, жапсырмаларды да, басынан құймышақ тұсына қарай тазартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет