Сабақтың тақрыбы: Сандықтың бетін әр түрлі ою-өрнекпен әшекейлеу



жүктеу 27.02 Kb.
Дата11.06.2016
өлшемі27.02 Kb.
Тақрыптық сабақ жоспары:5-сыныпқа арналған.

(сабақ түрі жаңа сабақ)



Сабақтың тақрыбы:Сандықтың бетін әр түрлі ою-өрнекпен әшекейлеу.

Сабқтың мақсаты: а)сандықтың тарихын және жасалу технологиясымен таныстыру.

ә)сандықтың бетіндегі ою-өрнекті әр түрлі тәсілдермен

1.Сызып бояу арқылы

2.Темір қаңылтырдан қиып әшекейлеу

3.күйдіріп өңдеу арқылы өңдеп үйрету барысында оқушыларды ұлттық мәдениетіне баулып ісемділікке тәрбиелеу.

Материалдармен жабдықтар: 26х 14см жұқа тақтайша 3 дана жұқа қаңылтыр, бояю, ағашты күйдіріп өңдеу аспабы, сызғыш, қарындаш, қайшы, тағы басқа қажетті өңдеу құралдары.

Көрнекіліктер: Жұқа тақтайшаға әр түрлі тәсірлмен өрнектеліп жасалған (бояумен өңделген, темірден қию, күйдіру арқылы) беткі көрінісі 3дана қолданылған әдіс тәсілдер: түсіндіру, топпен жұмыс жасау.

Пән аралық байланыс: Сурет, ұлттық тәрбие

Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Мұғалімнің сөзі: Балалар біз бүгін сабақта ұлттық жиһазымыз сандықтың бетін әшекейлеп жасап үйренеміз, ол үшін әуелі сіздерге ұлттық жиһазымыздың тарихымен таныстырайын.

Сандық киім кешек тағы басқа зат салуға арналған үй жиһазы. Сандық көптеген халықтар тұрмысында ертеден қолданылып келеді. Халық шеберлері сандықты ағаштан жасап, сыртын өрнектеп сырлады. Бетін әртүрлі тәсіл арқылы ою өрнекпен әшекейледі. Сандықтың көлеміне қарай әртүрлі аталады. Үлкен-абдыра, кішкентайын-қол сандық, ал шай әбзелдерін (кесе, аяқ, ақман) салуға арналған шағын түрін бөгіре бас деп атаған. Өнеркәсіпте шығарылатын сандықтың алдыңғы беті өңді қаңылтырмен қапталады, ал олардың сырты түгелмен қапталғанның қаптама сандық десе, алдыңғы жағы былғарымен көмкеріліп, оған асыл тас орнатылған күміс әшекей бастырылған түрі күміс жағман деп аталады. Бетіне ұлттық ою өрнектер салынған сандықтар бүгінгі күнде тек жәдігер ретінде ғана көрініс табуда, мұндай жәдігерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз (жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып қою).

Жаңа сендер сандықтыңжалпы сипатымен таныстыңдар. Енді біз осы сандықтың бетін жасауға кіріспес бұрын үш топқа бөлінейік себебі:бірінші топ көрнкекілік бойынша сандықтың бетіне өрнек салып түрлі бояумен әшекейлейді. Екінші топ қаңылтырдан ою қию арқылы сандықшаның бетін әшекейлесе, ал үшінші тогп ағашты күйдіріп өрнектеу аспабымен сандықтың бетін әшекейлеп жасау жұмысын жүргізеді.(Мұғалім оқушыларды үш топқа бөліп көрнекіліктермен бұйым жасайтын материалдық жабдықтармен қамтамасыз етеді. Одан соң оқушылар арасынан бір оқушы техникалық қауіпсіздік ережесі туралы өз пікірін ортаға салады. Мұғалім ағаш күйдіру аспабымен жұмыс жасау әдісін, қөауіпсіздік шарасын әңгімелеп ескерту жасайды. Мұғалім әр топпен жеке-жеке нұсқаулар жасай отырып негізгі жұмысқа көшеді).

Жұмыс біткен соң оқушылар жасаған жұмыстарын мұғалімге тапсырып, ұмыс орындарын ретке келтіреді, аспаптарын мұқият тапсырады.



Бекіту сабағы: Мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып, жұмыстың нәтижесін белгілейді. Мәселен: сандық не үшін керек? Оның тарихы туралы не білесіңдер? Сандықтың түрлерін атаңдар? Сандықтың бетінің әшекейлеу тәсілдері қандай? (Оқушылар сұраққа жауап берген соң сабақты қортындылау жүргізіледі).

Сабақты қортындылау: Сонымен біз қортындылай келгенрде бүгінгі сабақта сандықтың тарихымен таныса отырып, оның жасалу технологиясын, бетінің ұлттық ою өрнек әшекейлерін жасау әдіс-тәсілдерін меңгере отырып жұмыс жасау арқылы ұлттық тәрбиемізге тамшыдай болса да өз ықпалымызды тигіздік деп ойлаймыз.

Үй жұмысын беру: Келесі сабақта сандықтың қалған қабырғаларын толықтырып жасаймыз, ол үшін үйлеріңде тастанды жұқа тақтайшалар, сым темір, тастанды қаңылтырлар алып келіңдер. Сым темір қаңылтырдан сандықтың топсасын, бастырғысын жасауға пайдаланамыз.

Оқушыларды бағалау: Оқушылардың әр тобы бойынша жасаған жұмыстарын көрсетіп кемшіліктерімен жетістіктерін айта отырып бағалау жүргізіледі. Журналға әр бала жеке-жеке бағаланады.

  1. Топ

  2. Топ

  3. Топ


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет