1-дәріс Ведение. Квантование энергии и строение атома (3 часа)


Сутегі атомының сызықтық спектрі



бет5/9
Дата12.03.2024
өлшемі306.5 Kb.
#495084
түріИсторический очерк
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1 дәріс атом.физ от24.10.13

Сутегі атомының сызықтық спектрі

(Линейчатый спектр атома водорода)


Сиретілен газдардың сәулелену спектрлерін (яғни жеке атомдар сәулеленулерінің спектрлерін) зерттеу әрбір газға жеке спектрлік сызықтардан немесе жақын орналасқан сызықтар тобынан тұратын қандай да бір сызықтық спектр тән. Ең зерттелгені ең қарапайым атом – сутегі атомының спетрі болып табылды.


Швейцар ғалымы И. Бальмер (1825—1898) спектрдің көрінетін облысындағы сутегі атомының сол кезде белгілі барлық спектрлік сызықтарын сипаттайтын эмпирикалық формуланы таңдап алды:
(1)
мұндағы R'=1,10107 м–1 —Ридберг тұрақтысы.* = c/болғандықтан, (1) формула жиіліктер үшін былай жазылады:
(2)
мұндағы R=R'c=3,291015 с–1 — сол сияқты Ридберг тұрақтысы.
* И. Ридберг (1854—1919) — швед ғалымы, спектроскопия облысындағы маман.

(1) және (2) өрнектерден, әр түрлі п мәндерімен өзгешеленетін спектрлік сызықтар Бальмер сериясы деп аталатын сызықтар тобын немесе серияны құрайтыны шығады. n артқан сайын серия сызықтары жақындай түседі; n =  мәні серия шекарасын анықтайды, оған үлкен жиіліктер жағынан тұтас спектр жалғасып жатады.


Одан кейінгі уақытта (XXғасырдың басында) сутегі атомы спектрінде тағы да бірнеше сериялар табылды. Спектрдің ультракүлгін аймағында Лайман сериясы орналасқан:

Сондай-ақ, спектрдің инфрақызыл аймағында келесі сериялар табылды:



Сутегі атомы спектрінде жоғарыда келтірілген барлық сериялар бір формуламен сипатталады, оны Бальмердің жалпыланған формуласы деп атайды:
(3)
мұнда т-нің әр берілген серия үшін өзінің тұрақты мәні бар, m = 1, 2, 3, 4, 5, 6 (серияны анықтайды), п-нің мәні т+1-ден бастап бүтін санды мәндерді қабылдайды (осы серияның жеке сызықтарын анықтайды).
Күрделірек спектрлерді — сілтілік металлдар(мысалы, Li, Na, К) буының спектрлерін зерттеу — олар заңдылықсыз орналасқан сызықтардың жиыны болып табылатынын көрсетті. Ридберг оларды үшке бөле алды, олардың әрқайсысы бальмерлік серияға ұқсас орналасады.
Жоғарыда келтірілген сериалық формулалар эмпирикалық түрде таңдалған және олар экспериментті түрде өте жоғары дәлдікпен расталса да, ұзақ уақыт бойы теориялық дәлелдемесі болмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет