1 Дәріс XVII ғ халықаралық қатынастар және халықаралық қатынастардың Вестфальдік жүйесінің құрылуы



бет8/12
Дата03.01.2022
өлшемі65.57 Kb.
#450772
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ХҚ жаңа заман тарихы лекция

11-дәріс: 1 сағ 

XIX ғ екінші жартысындағы Германия мен Италияның бірігуіне қатысты дипломатиялық күрес

1. Германия мен Италияның бытыраңқылығы себептері 

2. Италияны біріктірудегі Национал-демократтар мен Реформаторлар бағыттары. 

3. Италияның бірігуі мәселесі және ұлы державалардың ұстанымдары. Австро-франк-итальян соғысы (1858-1859). 

4. 1866 ж австро-прусс және 1870 ж франко-прусс соғыстарының нәтижесінде Венеция мен Римді қосып алу мәселесінің шешілуі. 

Вена конгресінен кейінгі Германия. Герман ОдағыПруссия Германияны біріктіруде ойнаған орталық рөлі. 1848-1849 жж революция мен Германия. Германияның бірігуі мәселесі және ұлы державалардың ұстанымдары. Шлезвиг-Гольштейн мәселесі мен Австрия мен Прусссия арасындағы Германияда үстемдік құру бақталастығы, нәтижесінде дат-прусс және австро-прусс соғыстары және 1867 ж Пруссия басқарған Солтүстік Герман Одағының құрылуы. 1870 ж франко-прусс соғысы және Герман империясының құрылуы.

1848-1849 жж. революция жеңілісінің нәтижесінде Италия саяси бытыраңқы ел болып қала берді. Ломбардо-Венециан облысын Габсбургтар басқарды, ал ұсақ герцогтықтар – Модена, Парма, Тоскана – австриялықтардың ықпалында, яғни сол жерлерде австриялық әскерлер болды. 1849 жылдан Римде француз горнизоны орналасты. Оңтүстікте, қос Сицилия корольдіктерінде ІІ Фердинанд, ал Пьемонтта революциядан кейін үш түсті ұлттық туды және конституциялық тәртіпті сақтаған король ІІ Виктор-Эммануил билік етті.

ХІХ ғ. 40-шы жж. өн бойына Италияның бірігуіне қатысты жолдар мен тәсілдер бойынша қызу пікір-таластарда өте алмайтындай көрінген көптеген кедергілер болды: тарихи қалыптасқан дербестіктер мен дәстүрлердің саны, елдің Солтүстік пен Оңтүстіктігінің әлеуметтік құрылыстарындағы терең айырмашылықтар, сонымен қатар католиктік мемлекет үшін негізгі факт – бүкіл әлемдік католиктік шіркеудің басшысы папа, мыңжылдан астам уақыт бойына қол астындағы болған иеліктерінің біріккен итальян мемлекетіне қосылуын қаламаған территориялық князь болды.

ХІХ ғ. 50-ші жж. аяғында елдің бірігуі үшін қозғалыста екі нақты бағыт анықталды: көрнекті өкілі Джузеппе Гарибольди болған революциоялық-демократиялық және Сардин корольдігінің премьер-министрі К. Кавур басқарған байыпты бағыт. Кавур Пьемонтқа Ломбардо-Венециан облысын және Австрияның ықпалында болған орталық Италияның герцогтықтарын қосуға ұмтылды. Кавур Италияның «жоғарыдан» біріктіруге ұмтылды және бұл мақсатта Австрияны ығыстыруға және Италияда өз үстемдігін орнатуға тырысқан ІІІ Наполеонды пайдалануды жөн көреді. Сонымен қатар Кавур со кездегі халықаралық жағдайдағы өзгерістерді де есепке ала білді: Австрия империясы 1848 ж. қарағанда қиыншылықтарды көп көрді және әлсіз еді, Ресей жағымды бейтараптылық позициясын ұстанды, Англия мен Пруссия араласуға ынталылық танытпады және Италиямен қақтығыс кезінде Австрияға көмек көрсетуге асықпайтындықтарын білдірді. Француз императорының мақұлдауын алу үшін Кавур 1855 ж. Ресейге қарсы ағылшын-француз коалициясына қосылды және Пьемонт әскерлерінің корпусын Қырымға жіберді. Қырым соғысының қатысушысы ретінде Кавур Сардинияның (Пьемонт) Париждегі 1856 ж. 25 ақпанда ашылған бейбіт конгрессіне шақырылуына қол жеткізеді. Ол 8 сәуірдегі мәжілісте папа үкіметінің қарама-қайшылықтары және Неополитан королінің елді басқарудағы қолданып отырған кері әдістері туралы мәселелер қойылған кезде ғана пікір-таласқа жете алды, ал Кавурдың өзі Рим легаталарының шексіз оккупациясына қарсы шықты. 

1859 ж. 26 сәуірде Сардин королдігі австриялық ультиматумды мойындамады, ал 29 сәуірде Австрияның әскери күштері Тичино арқылы өтті. Мамырдың соңында Франко-Сардин күштері шабуылдауға көшті. 1859 ж. 4 маусымда австриялық армия Маджент түбінде жеңіліске ұшырады. Франко-Сардин әскерлері Ломбардияны жаулап алып, По өзені бойымен әрі қарай жылжуын жалғастырды. 24 маусымда австриялық армия Сольферино түбіндегі шайқаста жеңіліске ұшырады. Тоскананың астанасы Флоренцияда көтеріліс басталды. Парма, Модена және Тоскана Сардинияға қосылды. Итальян революциясының ары қарай тереңдеуінен, Франциядағы ішкі саяси жағдайдың күрделенуінен және Пруссиямен қатынастардың нашарлауынан қорыққан ІІІ Наполеон Кавурмен ақылдаспастан, Австрия императоры Франц Иосифке бейбітшілікті ұсынды. ІІІ Наполеонның осындай іс-әрекетінің себебі неде?

Бірнеше себептеір болды. Біріншіден, ІІІ Наполеон Рейндегі Герман одағы елдерінің тарапынан мүмкін болатын басқыншылықтан қауіптенді және Сардиния үшін француз армиясының одан ары қарайғы шығындарын қаламады. Екіншіден, Француз императорына итальян мемлекеттері - Тоскана, Парма және Моденаның Сардин королдігімен бірігуі және францияның шекарасында жаңа үлкен мемлекеттің пайда болуы тиімді болмады. Егер осындай бірігу болған жағдайда, онда Француз горнизоны Римді тастауға мәжбүр еді, бұл папаның билігінің жойылуына әкелер еді. 

1859 ж. 11 шілдеде ІІІ Наполеонның Австрия императоры Франц Иосифпен жеке кездесуінен кейін, Австрия мен Франция арасында алдын ала сепараттық Виллафранк бітіміне қол қойылды. Бұл келісім-шарттың баптары бойынша Ломбардия Сардин королдігіне өтті, ал Венеция Габсбургтар билігінің астында қалды. Тоскана, Парма, Моденада герцогтардың билігі қайта қалпына келді. Бұл бітімнің шарттары 1859 ж. қарашада Цюрихте мақұлданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет