4 Дәріс. Солтүстікамерикандық отарладың тәуелсіздік үшін соғысы. XVIIIғ. аяғы мен XIXғ басында халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ.
4.1 Солтүстік Америкада ағылшындық қоныс аударушы отарлардың орнығуы.
4.2 Солтүстікамерикандық отарлардың үш түрі.
4.3 Тәуелсіздік үшін соғыстың себептері
Атлант мұхиты жағалауындағы алғашқы ағылшын отары 1607 ж. пайда болып, тұрмыс құрмаған королева І Елизаветаның құрметіне Вирджиния деп аталды. Кейін Англияның тағы да 12 отары пайда болды. Басқару түріне байланысты оларды корпоративтік, жеке меншіктік және корольдік отарлар деп бөлуге болады.
ХУІІІ ғ. 70-шы жылдарында Солтүстік Америкадағы Англияның 13 отары Англияға соғыс ашып, Америка материгінде алғаш болып дербес мемлекет – Америка Құрама Штаттарын құрды.
1776 ж. 4 шілдеде Континенталды конгресс тәуелсіздік үшін соғыс барысында 13 Америка Құрама Штаттарының бірыңғай Декаларациясын жария етті, онда 13 отардың Ұлыбританиядан бөлініп тәуелсіз мемлекет құратындығын мәлімдеген.
Бұл құжаттың авторы Томас Джефферсон болған. Мұнда Америка дипломатиясының жаңа принциптері көрсетілген. Жалпыға бірдей теңдік, адам құқықтарды жария ете отырып, оның ішінде өмір сұру, еркіндік, бақытты болуға құқығы, конгрессмендер отарлар мен метрополия арасындағы бөлінудің себептерін айқындап берді.
Бұл бөлінудің себебі отаршылдық тәуелділік адам құқықтары идеясына қайшы екендігі. Халық өз үкіметін қалыптастыруы керек. Халық егемендігі идеясын жариялаған американдықтар отарлар Англиядан бөлінудің қажеттілігін дәлелдеді.
Америка республикасының пайда болуымен дипломатияның жаңа принциптері пайда болып қоймай, сыртқы істерді жүргізудің жаңа формалары пайда болды. Сыртқы саяси қатынастарды жүзеге асыру үшін Континенталды конгресс пленумы құрылды. Кейін халықаралық істер комитеттер мен конгресс алдында жауапты адамдардың қолына өтті. Бұл жас Америкада дипломатиялық қызметтің, сыртқы саясат жүргізуде арнайы дайындалған институттардың пайда болу кезеңі болды. 1776 ж. 4 шілдеге дейін отарлар мүшелерінен құрылған съезд өзге мемлекеттерден көмек сұрауға батылы бармады. Континенталды конгрестің мұндай әрекеті ағылшын үкіметінің конгрестің мүшелеріне мемлекеттік сатқын деп кінә тағуына сылтау болар еді. Конгрес ашық түрде көмекті тек Британияның өзге отарларынан және Ирландия халқынан сұраған.
Солтүстік бейтарап елдер сауда кемелеріне қарсы ағылшын флоты ұйымдастыратын әрекеттерге жауап беру мақсатында бұл елдерді біріктіруді Ресей өз қолына алды. Швеция, Данияға Солтүстік теңізде сауда-саттықтың қорғалуы жөнінде декларация жіберілді. 1780 ж. 28 ақпанда (11 наурыз) ІІ Екатерина Англияға, Францияға, Испанияға теңіз саудасының принциптері жөніндегі декларациясын жіберді. Онда теңіз бостандығы, яғни соғыс кезінде теңізде бейтарап елдер кемелері сауда-саттықпен еркін жүзуі жайында айтылған. Бейтарап елдердің кемелерінде соғысқа қатысушы елдердің азаматтарының заты да тасылуға құқылы, тек ол заттар қару-жарақ, оқ-дәрі болмауы тиіс. Бұл ережелерді жүзеге асыру үшін орыс флотының біршама кұштері тартылды. Әскери бейтараптықтың жариялануы Англияның толық оқшаулауына әкелді. Бірқатар солтүстік мемлекеттер, егер Англия сауда-саттыққа кедергі келтірер болса оған қарсы шығуға дайын тұрды. Швеция, Дания, Голландия Ресейдің әскери бейтараптық жөніндегі ұсынысын қабыл алды, 1781 ж. оларға Пруссия, Австрия, 1782 ж. Португалия, 1783 ж. – екі Сицилияның корольдігі қосылды.
Ресей АҚШ-қа осылай көмектесті. Бірақ бұл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар шиеленісте болды. Ресей Англиядан бұрын АҚШ-ты тәуелсіз мемлекет деп танығысы келмеді. Сонымен бірге, Ресей Таяу Шығыстағы өз саясатына Британияның араласуынан қауіптенді.
Теңіз бостандығы жөнінде Америкалық дипломаттар Ресейден бұрын, 1776 ж. айтқан болатын, алайда ол Ресей теңіз-әскери күшінің араласуымен жүзеге асты, кейін өзге мемлекеттердің араласуы оның өміршең болуына атсалысты. Өзі соғысушы ел бола тұрса да АҚШ 1780 ж. қазан айында әскери бейтараптық қағидасына қосылды. Америка конгресі әскери кеме басшыларына декларация принциптерін бұлжытпай орындайтын арнайы ережелер дайындауға бұйрық берді.
Ал Америкада соғыс жалғаса берді, Англия жеңіске жете бастады. Ағылшын әскері оңтүстіктегі қалаларды өртеп, генерал Кориваллис Оңтүстік Каролинаны жаулап алып, Виргинияға бет алғанда, конгресс Парижге қосымша көмек сұрау мақсатымен Лоренсті жіберді. Франклиннің араласуымен Франция жаңа субсидия бөлді. Франциядан АҚШ-қа үлкен эскадра, жаңа әскер, және 20 мың адамға амуниция, қару-жарақ жөнелтілді.
АҚШ экономикалық тұрғыда әлі де Англияға тәуелді еді: 1790 ж. АҚШ-қа тасылған тауар 15 млн. долларды құрады, оның 13 млн. Англиядан әкелінген тауар. Экспортқа шығарылған 20 млн. долларды заттың 9 млн. Англияға жеткізілді. Американдықтардың көпшілігі Англиямен сауда-саттық жасауға мүдделі болғанмен, екі ел арасындағы қарым-қатынас күрделі болды.
Англия үкіметі Америкадағы бұрынғы отарларды қайтару туралы ойланды. Англия 1783 ж. келісімнің шарттарын орындай қоймады. Әскери бекіністерден өз әскерлерін алып кетуге асықпады. 1793 ж. Франциямен соғысқан Англия Америка кемелеріне тінту жүргізе бастады, оларды Вест-Индиядағы Франция иеліктеріне жібермеді. АҚШ өз кезегінде Англия өнімін алудан бас тартты. Англияға жайдайды жөндеу үшін Джон Джей келді, 1794 ж. 19 қарашада ол Англиямен келісім жасасты. Ағылшын кемелері АҚШ-тың порттарында жүруге ие болып, ал американдықтар Солтүстік Америкадағы Англия иеліктеріне келе алмады. Американың Вест-Индияға келген кемелері 70 тоннадан артық зат әкеле алмайтын болды, олар Вест-Индиядан патока, қант, кофе, какао, мақта ала алмайды. Басқа да мәселелер АҚШ-ң пайдасына шешілмеді.
Сөйтіп, 1783 ж. Версаль келісімімен әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекет – Америка Құрама Штаттары пайда болды. Жас мемлекет сыртқы саясат принциптерін қалыптастырды. АҚШ-тың алғашқы президенті Дж. Вашингтон өзге мемлекеттермен сауда-саттық қарым-қатынас орнату жөніндегі принциптерді дамытып, олармен саяси байланысты шектеуге, Еуропадағы қақтығыстарға араласпауға жұмыс жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |