1 Дәріс XVII ғ халықаралық қатынастар және халықаралық қатынастардың Вестфальдік жүйесінің құрылуы


XIX-XX ғ I жартысындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар



бет10/12
Дата03.01.2022
өлшемі65.57 Kb.
#450772
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ХҚ жаңа заман тарихы лекция

XIX-XX ғ I жартысындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар

1.Қиыр Шығыс және Орта Шығыс түсініктері. 


2.Ауғаныстан мен Иранның тарихына көз жүгірту (1747 ж бастап). Екі ел арасындағы қатынастар мен Англия. 

Үндістан, Иран және Орта Азия арасында сауда жолына және маңызды стратегияға ие болуы, Ауғаныстанды Англия мен Ресейдің саяси және сауда бәсекесінің аймағына айналдырды. Англия Синд пен Пенджабтан басқа бүкіл Үндістанды бағындырды. Пенджаб билеушісін оған бағынышты Үнді жерінің ісіне араласпауына әрекет ете отырып, ағылшындар оны Ауғанстанды жаулап алуға итермеледі. Ағылшындар Сикхтардың көмегімен Ауғанстанның Шығыс аумағын басып алғысы келді, сонымен бірге Сикхтардың өздерін әлсірете отырып, оларды Ост-Инд. компаниясы толығымен отарлауға дайындады. ХІХ ғ. басында Ауған шекарасы Үндістанның ең тұрақсыз жері болды. Мұхит жолдарында ағылшын флоты билік етті. Алайда, бұл қуатты теңіз державасы құрлықта әлсіз болды. Үнді халқын отарлаушы билігі әлі болса берік емес еді. 1807 ж. француз-иран келісім-шартының бекітілуі және Наполеонның Египетті басып алу жоспары ағылшын үкіметінің алаңдатушылығын туғызды. Француздардың іс-әрекетіне қарсы Англия өз елшіліктерін Иран, Ауғанстан және Үнді княздеріне бағыттады. Елді толық сипаттауды көздеген Ост – Үнд компаниясының елшісі 1809 ж. Ауғанстанға келді.

Патма үкіметі Ауғанстанмен өз-ара тиімді сауда байланыстарын кеңейтуге және сақтауға қызығушылық білдірді. Ірі транзитті орталық ретінде Герат та үлкен маңызға ие болды. 1838 ж. Иранның Гератқа жорығы кезеңінде ағылшындардың ықпалымен орыс елшілігі өзінің Ауғаныстанға байланысты саясатын бірден өзгертті. Патшалықтың көнуінің себебі, сол кезде Ресей 1839 ж. Египет дағдарысына байланысты Таяу Шығыста ағылшындармен ынтымақтастықты қажет етті.

Иран әскерлерінің кейінге шегінуі және Англия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың жақсаруы Ауғанстанға қарсы соғыс ашуға мүмкіндік беріп, оны бағындыруға кірісті.

Ауғанстанның ол кезде Үндістанға ағылшын иеліктерімен ортақ шекарасы болмады. Оларды екі тәуелсіз мемлекет - Синд және Пенджаб бөліп тұрды. Пенджаб басшысы Ранжит Синг Пенджаб аумағы арқылы ағылшын әскерін өткізуден бас тартты, Бірақ Ост-Инд компаниясымен Ауғанстанға қарсы әскери одақ құрды. 

1838 ж. күзде ағылшын-ауған соғысы басталады. Алайда, Кабулды бағындырғаннан кейін ағылшындар жағдайы нашарлай түсті. Барлық жерде халық көтерілістері орын алды, жаулап алған елде әскерлерін ұстап тұру қымбатқа түсті, тіпті Ауғанстаннан әскерінің бір бөлігін алып кетуге мәжбүр болды. 1841 ж, күзде ауғандар мен тәжіктер ағылшындарға қарсы күресте бірікті. Террор мен кедейленуге қарамастан, ауғандар мен тәжіктер табанды қарсылысты. Оккупациялық армияның жойылуы ағылшындардың жеңімпаз мәртебесіне нұқсан келтіріп, оның Үндістандағы беделін әлсіретті. Англия Ауғанстаннан қалған әскерлерін алып кетуге мәжбүр болды. Ағылшындардың Ауғаныстанды өз отарына айналдыруға бірінші қадамдары осылайша аяқталды.

Ауғанстанның ХІХ ғ. 70-ші жж. дейін халықаралық жағдайы ең алдымен Үндістандағы ағылшын әскері, саясаты, және қаржысының әлсіреуімен айқындалды. 1857-1858 жж. көтерілістерден кейін ағылшындар Ауғанстан мен Орта Азияны жаулап алуын қайта жүргізе алмады. Орта Азияны патшалық Ресейдің жаулап алуы Ауғанстан үшін үлкен маңызға ие болды. Ресейдің Орта Азиядағы жеңісі оның Шығыстағы әскери жағдайын айтарлықтай күшейтті. Орыс әскерінің ілгері жылжуын тоқтату мақсатында және Ауғанстанды жаулап алуға қажетті әскери күші болмағандықтан, ағылшын үкіметі орыстармен келіссөз жасауға кірісті. Орыс патшылығы Орта Азияны бағындыруды енді ғана бастағандықтан, Ауғандарды қосып алуға ұмтылмады. Алайда, Англия орыс үкіметінің Англия мен Ресейдің ортақ кепілдігімен Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауы туралы ұсынысын қабылдамады.

Осылайша Ауғанстан не отар, ие тәуелді мемлекет болған жоқ. Бірақ, оның Оңтүстік-Шығыс шекарасына Англияның отырлық иеліктері, ал Солтүстігіне Патшалық Ресей жақындап келе жатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет