1 Дәріс XVII ғ халықаралық қатынастар және халықаралық қатынастардың Вестфальдік жүйесінің құрылуы


Блоктік дипломатия мен империализмнің көріністері



бет11/12
Дата03.01.2022
өлшемі65.57 Kb.
#450772
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ХҚ жаңа заман тарихы лекция

Блоктік дипломатия мен империализмнің көріністері
1. XIX ғ 2 жартысындағы үш негізгі қарама-қайшылықтар бағыты: франко-герман антагонизмі; Шығыс бағыты (Түркия жерлерін бөлісу және Балқандағы қайшылықтар); отарлардағы қайшылықтар (Азия мен Африка). 
2. 1872 ж Берлинде үш император кездесуі.
3. 1877-1878 жж орыс-түрік соғысы. Берлин конгресі.

ХІХ ғ. 70-ші жж. қарай Еуропаның бейнесі біршама өзгерді. Италия және Германияның бірігуі аяқталды, дуалистік Австро-Венгрия мемлекеті құрылды. Бірақ, бастысы негізгі мемлекеттер күштерінің ара-салмағы өзгерді. Еуропалық саясаттағы Ұлыбритания, Франция, Австро-Венгрия және Ресейдің рөлдерінің төмендеуі, Германия мен Италияның беделі мен ықпалының өсуі – ХІХ ғ. соңғы отыз жылдығында қалыптасқан халықаралық жағдайдың негізгі белгілері болды. 

Ресейдің дербес құқықтарына үлкен соққы болған 1856 ж. Париж трактатының шектеушілік қарарларының заңсыздығы бұғаздарға қатысты шешімдерінің бірқатарын қайта қарастыру қажеттілігіне әкелді. 1870 ж. қазанында Англия, Франция, Австро-Венгрия, Италия және Түркиядағы орыс дипломатиялық өкілділіктеріне циркуляр жіберіледі. Бұл құжатта Ресей Қара теңіздегі өзінің дербестік құқықтарын шектеуші келісім-шарттың қарарларының ендігі жерде сақталынбайтындығы айтылады. Ресейдің сыртқы істер министрі А.М. Горчаков Париж келісім-шартының барлық баптарын Ресей үкіметі толықтай сақтап отырғандығына сілтеме жасай отырып, басқа державалар тарапынан бірнеше рет бұзылғандығы туралы мысалдар келтірді. Бұдан өзге Түрік сұлтанына Қара теңізде екі жағалаулық мемлекеттің әскери кемелерінің саны мен көлемін анықтаушы қосымша конвенцияның жойылғандығын хабарлады. Бұл циркулярды ұлы державалардың көпшілігі жақтырмай қарсы алды. 

1871 ж. қаңтарда шетелдік әскери кемелер үшін бұғаздардың жабықтық қағидасын бекітуші және Қара теңіздегі орыс әскери кемелерін шектейтін 1856 ж. Париж трактатының шешімдерін жоққа шығарған Лондон конвенциясына қол қойылды. Ресейдің Қара теңіздегі дербестік құқықтары қайта қалпына келтірілді. 1871 ж. Лондон конвенциясы Париж келісімінің Ресейдің Қара теңіздегі дербестігін шектейтін ХІ, ХІІІ, XIV баптарын, сонымен қатар Париж трактатына қосымшы тіркелген жеке орыс-түрік конвенциясын алып тастады. Ресей мен Түркияға өздерінің қаратеңіздік әскери кемелерін шектеусіз көлемде ұстауға рұқсат етілді. Сөйтіп, Ресейдің Қара теңіздегі дербестік құқығы толық қалпына келтірілді. Бұл Қара теңіздегі Ресейдің дербестігін қалпына келтіру үшін халықаралық жағдайды тиімді пайдалана білген орыс дипломатиясының үлкен жетістігі болды. 

Қара теңіздік державалардың, ең алдымен Ангияның талап етуімен Лондон конвенциясына Ресейге қарсы бағытталған және осы державалардың Париж трактатын алдағы уақытта өзгертпеуін ерекшелеп көрсетуге ұмтылған қарарлар қосылды. Бұдан өзге 1841 ж. конвенция және Париж трактаты бекіткен барлық шетелдік әскери кемелер үшін бұғаздардың жабық болу принципін күшінде қалдыра отырып, 1871 ж. Лондон конвенциясы оған тікелей Ресейге қарсы бағытталған қосымша енгізді. Түрік сұлтанына «1856 ж. Париж трактаты шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Порта қажет деп тапқан жағдайда бейбіт уақытта дос және одақтас державалардың әскери кемелері үшін бұғаздарды ашу» құқығы берілді. Егер Түркия Париж трактатының шешімдерін қамтамасыз ету үшін қажет деп тапқан жағдайда, Ресей формальді түрде басқа мемлекеттермен теңқатар бұғаздар арқылы өзінің әскери кемелерін өткізу мүмкіндігін алды. Бірақ, іс жүзінде бұғаздар арқылы өту өмірлік маңызды болған Ресейдің қаратеңіздік емес мемлекеттермен «теңдігі» күмәнді сипатта болды.

Париж трактатының ел үшін Қара теңіздің «бейтараптығы» туралы шамына тиер шешімдерінің алынып тасталуына қол жеткізген орыс дипломатиясы, сонымен қатар орыс әскери кемелеріне Қара және Жерорта теңіздерін жалғастырушы бірден-бір жалғыз жолды жабу арқылы Ресей мүдделеріне кедергі келтіруші бұғаздар тәртібінің өзгеруіне ықпал ете алмады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет