Ұсынылатын әдебиет:
Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г. Этика деловых отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.
Цвык В.А. Профессиональная этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.
горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В. Этика деловых отношений : учебное пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.
Коммуникационный менеджмент. Этика и культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и др.]. Ростов-на-Дону, 2010.
Горелов А.А., Горелова Т.А. Этика : учебное пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2
Тақырып Қазақ этикасының қалыптасуы.
Қазақ халқының этикасы.
Дала ғұламаларының этикалық ойлары.
Қазақ этикасының зерттелуі.
1 Қазақ халқының этикасы
Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Этика термині ежелгі грек тілінде “бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы” дегенді білдірді, кейін әдеп туралы ілім мағынасында ие болды. Әдеп термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Этика ұлттық сипаты айқындалған ілімдер қатарына жатады .Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік салтына өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез- құлық ережелері жүріс- тұрысы, тыныс- тіршілігі қалыптасады. Қазақ этикасы өзінің көл- көсір молдығымен де, адамгершілік қуат-тегеурінімен де, тарихи айқындылығымен де халықтың рухани өмірінде ерекше орын алды. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдар Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Осыдан 260 жыл бұрын өмір сүрген скиф-сақ ойшылы, “ұлы жеті ғұламаның бірі Анархсис (Анарыс) өзінің әдеп және адамгершілік туралы терең пікірлерін айтқан. Мысалы, маскүнемдік туралы ол былай деген: “Бірінші тостақты, әдетте, денсаулық үшін, екіншісін – рахатқабату үшін, үшіншісін- ардан таза болу үшін, төртіншісін – ақылдан алжасу үшін ішеді”. Кіндік Азиядан табылған түріктердің атақты Құлтегін, Тоныкөк жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді әдеп ұғымдары кездеседі. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар түрік халықтарында кең таралған. Қазақ топырағың әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама- философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым деп қарастырады. Оның түсінігінше, адам жаратылыста ең қасиетті жан. Сондықтан үлкен құрметпен қарау керек. Жақсылық дегеніміз білім, мейірбанды, сұлулық бірлігінде жатыр. “Бақытқа жол сілтеу” трактатында ойшыл баянды тіршіліктегі адами бақыт туралыз сөз қозғайды. Түрлі халықтарының этикасын дамытуға үлкен үлес қосқан ғұламалар қатарына Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Сүлеймен Бқырғани және т.б. жатады. Қазақ хандығы қалыптасқан кезден бастап қазақ этикасы негізінен ақын-жырауларды даналық насихат жырларында дамыды.
2 Дала ғұламаларының этикалық ойлары
Қазақстандағы Ресей империясының отаршылдық саясаты халықты рухани жағынан күйзеліске ұшыратты, оның дін мен діліне, әдебіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне нұқсан келтірді. Халықтың тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде ұнамсыз қылықтар көбейе түсіп, жасқаншықтық, “құлдық психология” пайда бола бастады. Қазақ елі осындай тұйыққа тіреліп, одан қалай шығуды білмей, болашағын ойлап, қабырғасы қайысқан кезде халқымыздың Шоқан, Ыбырай, Абай сынды асыл перзенттері ұллтық әдеп жүйесінің күрделі мәселелерін шешуге ұмтылды. Абай әдеп тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көп көңіл аударады және мәселесіне көп көңіл аударады және оны арлылық пен ұяттың баламалары ретінде түсіндіреді. Абай өз халқының бойындағы кісілік қасиеттермен қатар, теріс қылықтарды да қатал сынға алады:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ ..., -
деген өлең жолдарында Абайдың сыни этикасы көрініс тауып тұр. Хакім 34-ші қара сөзінде “Адам баласына адам баласының бәрі-дос” –дейді. Абай қазақ этикасының түбегейлі ұстанымы – “Адам болу” талап-мұратын жоғары деңгейге қойды. Қазақ этикасын кәсіби денгейге көтерген ұлы тұлға – Шәкәрім. Ол өзінің “Үш анық” атты еңбегінде этиканы “ар ілімі” деп атап, әдептанудың көптеген мәселелерін теориялық тұрғыдан талдады. Шәкәрім ар-ождан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың түп-қазығын құрастырады дейді. “Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты”- дейді ғұлама. Ал әдеп жолы дегеніміз адам баласына пайда тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп ар-ожданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі қажет. Ар-ожданның мазмұнын нысап, қанағат, тәубе, әділет, намыс құрайды деп түсінетінойшыл олардың мазмұнын кісілік қасиеттермен байланыстырады:
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық - өзге айуаннан артық демек.
Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әл-келгенін жұлып жемек.
Қазақ этикасы кеңес үкіметі тұсында қайшылықты жағдайда дамыды. Социалистік құрылыс қазақы әдеп пен мінез-құлық жүйесіне теріс әсерлерін тигізді. Кең байтақ жерді иемденіп келген көшпелілер табиғатынан ер мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген, өр-тұлғалы қайсар халық еді. Тоталитарлық жүйе “жылқы мінезді” халықты момын “қой мінездіге” айналдырды. Шолақ белсенділер, “пысықтар”, “шаш ал десе, бас алуға” дайын тұратындар пайда болды. “Адам – адамға дос, бауыр”, “Барлық адам тең құқықты”деп ұрандатқанымен, қолында билігі барлардың арасындаекіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық өріс алды. “Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары” деген ұран адам еріктілігіне нұқсан келтірді, “қуыршақ адамдарды” көбейтті. Әкімшіл-әміршіл жүйе ескінің қалдықтарымен күресуді желеу етіп, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп құндылықтарын жойып жіберуге барынша тырысты. “Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деп келген халықтың ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер шықты. Әрине, бұл заманда қазақ этикасы құлдыраужағдайында болды деу сыңаржақтылық болар еді Жалпы сауаттылықтың артуы, қалалардың өсуі, орыс тілі арқылы әлемдік рухани мұрамен таныса бастау әмбебап әдептілік жүйесін қалыптастыра бастады. Қазақстанда кәсіби философтарды дайындау ісі де жүргізілді. Бұл қазақ этикасын зерделеген кәсіби мамандардың пайда болуына оң ықпалын тигізді. Қазақстан әдептанушылары мораль философиясы және қазақ этикасының тарихи мыселелерімен шұғылданады (Ғ.Ғ.Ақмамбетов, А.Оразбеков, М.С.Бурабаев және т.б.).
3 Қазақ этикасының зерттелуі
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесін жаңғырту мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Қазақ философиясы мен мәдениеті, тарихын зерттеуге арналған еңбектерде (А.Х.Қасымжанов, А.Қасабек, Ғ.Есім, М.С.Орынбеков, О.А.Сегізбаев, Ж.Алтаев, С.Ақатай, С.Нұрмұратов және т.б.) қазақ этикасының ауқымды мәселелері көтерілді. Қазақ этикасының басты мәселері ретінде ұлттық әдеп жүйесін диахрондық және синхрондық талдау, ондағы дәстүр мен жаңашылдық арасалмағын айқындау, өтпелі қоғам мен ғаламдану жағдайындағы әдептік реттеу тетіктерін айқындау, нарық пен моральдың, табыс пен ізгіліктің арақатынасын айқындау, діни әдеп жүйесінің ерекшеліктерін сараптау, т.б.белгіленді. Қ.Ш.Нұрланова қазақ этикасына тән әсемдік пен ізгіліктің синкретті бірлігіне назар аударып, қазақтың ұлттық идеясы ретінде Жарық дүниедегі адами іштесуді атап өтеді. Ғ.Ғ.Ақмамбетов қазіргі өркениеттегі индивидуалистік ұстанымдардыңмаңыздылығына назар аударады.
Т.Ғабитов этиканың жақсылық пен жамандық , әдеттілік, ар, бақыт сияқты категорияларына философиялық талдау бередіжәне әдептік мәдени типтерге назар аударады. С.Мырзалы өз зерттеулерінде өтпелі қоғамдағы саясат пен моральдың арақатынасын зерделейді. Мектептерде “Әдептану” пәнінің енгізілуі арнаулы оқу құралдарын қажет етті. Бұл пәнге байланысты қазақ тілінде алғашқы оқу құралдары жарияланды.(Қ.Жарықбаев, Т.Ғабитов, Ж.Базарбаев, К.Оразбекова,т.б.). Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды енгізу мен азаматтық- құқықтық қоғам құру міндеттеріне байланысты кәсіптік этикалық алғашқы зерттеулер жарияланды.( Т.Ғабитов, Т.Нұрахметов, Қ.Кемелбеков, А.Қанағатов, т.б.). Бұл еңбектерде еліміздегі моральдық ахуалға ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән ауытқушыл қылықтың өрістеп кетуінің себептері мен халықтың әдеп мәдениетінжоғарғы деңгейге көтерудің жолдары қарастырылды.
Тақырып 4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Қазақ этикасының қалыптасу тарихы.
2. Ұлттық этиканың даму деңгейі.
3. Қазақстандық мәденитанушылардың этикалық ойлары.
Достарыңызбен бөлісу: |