1. Диэтил эфирін өндіру технологиясын сипаттаңыз Химия. Формуласы: ch3 – ch2 – o – ch2 – ch3 Қасиеттері



бет11/24
Дата01.11.2023
өлшемі83.5 Kb.
#482112
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
ХТС тп

Пиридин туындылары: никотин қышқылы, никотинамид, пикамилон, никетамид, изониазид, фтивазид, ниаламид, этионамид, протионамид, пиридоксин гидрохлориді, пиридоксальфосфат, пиридитол.
Пиридин-3-карбон қышқылының туындысы никотин қышқылына толық тоқталдым.
НИКОТИН ҚЫШҚЫЛЫ - ақ түсті кристалдық ұнтақ. Қайнаған суда және спиртте ериді. Суда орташа ериді. Сұйылтылған гидроксидтер ерітіндісінде және сілтілік металл карбонаттарында ериді.
Қолданылуы: Никотин қышқылы және оның амиді ағзаның тіршілігі үшін маңызы өте зор: олар сутек тасымалдағыштары және тотығу–тотықсыздандыру процестерін жүзеге асыратын кодегидраза l , ll (НАД, НАДФ) ферменттерінің простетикалық тобы болып табылады. Никотин қышқылы бауыр ауруларында, даибеттің жеңіл түрінде, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруларында қолданылады, сонымен қатар тамырларды кеңейтетін әсеріне байлаысты буындардың және бас миының спазмдарында қолданады.
Синтезі: Никотин қышқылын және никотинамидті бета– николинді тотықтыру арқылы алады. Никотин қышқылын аммиакпен әрекеттестіріп амммоний тұзын алады, ол қыздырғанда суды жоғалтып, никотинамидке айналады.
Пиридин туындыларының дәрілік заттарының химиялық қасиеті пиридин гетероциклінің болуына және сәйкес функционалдық топтардың болуына байланысты.
Қышқыл–негіздік қасиеті
Пиридин туындылары үшіншілік азот атомына байланысты негіздік қасиет көрсетеді. Никотин қышқылы карбоксил тобына байланысты амфотерлі.
Қышқыл–негіздік қасиеті берілген топтың дәрілік заттарының өзі екендігін анықтаудың негізі болып табылады. Мысалы, никотин қышқылы қышқылдық қасиетіне байланысты ауыр металл иондарымен боялған ерімейтін тұздар түзеді. Мысалы мыс ионымен көк түсті тұнба береді (мыс никотинаты):
C6H5NCOOH + cuso4  [C6H5NCOO-]Cu+ + H2SO4
Гидролиттік ыдырау
Препараттың гидролиттік ыдырау реакциясы никотин қышқылының амидті байланысы бар туындыларының сілтілік метал гидроксидтері ерітіндісінде қыздырғанына тән. Мысалға, никотинамид аммиак түзе ыдырайды, оны иісі арқылы немесе ылғал қызыл лакмус қағазының көгеруі арқылы анықтауға болады:
C6H5CONH2  (кат.naoh) C6H5COOH + NH3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет