1. Диэтил эфирін өндіру технологиясын сипаттаңыз


Ацетилсалицил қышқылының өндіріс технологиясын сипаттаңыз



бет2/8
Дата21.05.2024
өлшемі25.4 Kb.
#501639
1   2   3   4   5   6   7   8
Синтетика экзамен

4. Ацетилсалицил қышқылының өндіріс технологиясын сипаттаңыз
Ацетилсалицил қышқылы медицинада 100 жылдан бері қызуды және ауруды басатын дәрі ретінде тағайындалды. Ацетилсалицил қышқылы қанды сұйылтады, сол себепті ол тромбоның түзілу қауіпі кезінде қолданылады. . Формуласы: C9H8O4. Алынуы: Ацетилсалицил қышқылын зертханада салицил қышқылы мен сірке ангидридінің әрекеттесуінен күкірт қышқылының қатысында этерификация реакциясы арқылы алады. Өнім тазарту үшін қайта кристалданады. Мақсатты өнім шығымдылығы шамамен 80% құрайды C4H6O3+C7H6O3=C9H8O4+CH3COOH (катализатор H2SO4). Өнеркәсіпте алынуы: 1) толуол (I) AlCl3 катализаторының қатысуымен хлорланады өнімді C7H11Cl алынады. 2) Аддукты (II)- C7H11Cl су эмульсиясында t=0-5 0 С температурада атомды оттегімен (озонмен) тотықтырады өнімде о-хлорбензой қышқылы (III) алынады. 3) Алынған о-хлорбензой қышқылы (III) натрий гидроксидінің 30% сулы ерітіндісімен сабындаладыда салицил қышқылының (IV) алынады. 4) Салицил қышқылының (IV) тұз түрі бос қышқылға айналады. 5)Салицил қышқылы (V) сірке ангидридімен ацилденіп, аспирин (VI) алынады.
5. ДЗ химиялық құрылымы мен биологиялық белсенділігі арасындағы байланысты көрсетіңіз
Препараттың химиялық құрылымы оның ағзадағы биологиялық молекулалармен әрекеттесуін анықтайды. Дәрілік зат молекуласындағы спецификалық атомдар, функционалдық топтар және құрылымдық ерекшеліктер дәрілік заттардың жасушаларға ену қабілетіне, рецепторлармен немесе ферменттермен әрекеттесуіне және препараттың жалпы биологиялық белсенділігіне әсер етеді. Химиялық құрылымның өзгеруі препараттың фармакологиялық қасиеттерін, оның ішінде оның тиімділігін, селективтілігін және жанама әсерлерін айтарлықтай өзгертуі мүмкін.
6. Органикалық қосылыстарды алу техникасында қолданылатын химиялық түрлендіру әдістерін сипаттаңыз
Органикалық қосылыстарды алу техникасында қолданылатын химиялық түрлендіру əдістеріне жатады:
1.Галогендеу əдісі 2.Сульфирлеу əдісі 3.Нитрлеу əдісі
Галогендеу деп органикалық қосылысқа бір немесе бірнеше галоген атомын енгізу үрдісін айтады. Галогеннің табиғатына қарай бұл қосылыстар хлортуынды, бромтуынды жəне т.б. деп аталады. Органикалық қосылыстарды галогендеу үшін бос күйіндегі галогендер, оң зарядталған галоген атомы бар заттар (гипохлорит, хлорлы сульфурил т.б.) қолданылады. Бастапқы көмірсутектің түріне, галогеннің немесе галоген қосылысының табиғатына қарай галогендеудің әр түрлі әдістері бар: 1) тікелей галогендеу, яғни сутек атомын галогенге алмастыру; 2) галогендердің және галоген сутектердің еселі байланыстарға қосылу реакциясы; 3) ОН топты галогенге алмастыру; 4) ароматты ядродағы амин топты галогенге алмастыру т.б.
Сульфирлеу реакциясы деп күкірт қосылыстарымен органикалық заттардың арасындағы реакцияларды айтады. 1,3-сульфохлорид тобы орындарда дисульфохлоридтердің түзілуі де байқалады. Сульфохлорлауда жанама өнімдер ретінде тиісті көмірсутектердің хлорлану өнімдері түзіледі.Сульфохлорлаудың катализаторлары ретінде (сәуле болмағанда) органикалық асқын тотықтар колданылады.
Нитрлеу. Көмірсутектердегі сутек атомдарыньщ орнын нитротоп баса алады, Бүл реакция питрлеу реакдиясы деп аталады және мынадай схема бойынша жүреді. Нитрлеу үрдісі заттардың табиғатына, агент сипатына жəне басқа факторларға тəуелді. Нитрлеудің ең маңызды факторы ол температура. Нитрлеу реакциясының температурасы 10°С-ға көтерілген сайын жылдамдық константасы үш есеге артады. Нитрлеу үрдісі 0-100°С температура аралығында əр түрлі жағдайда жүргізіледі. Орынбасушысы жоқ қосылыстарды нитрлеу үрдісі төмен температурада (шамамен 20- 50°С) өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет