1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы
45. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің алатын орны мен әлеуметтік маңызы, олар дәріптеген әлеуметтік және рухани-адамгершілік құндылықтар. Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дәуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи құндылығының бірі – әдеттік-құқықтық жүйе. Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйе- сінің өміршеңдігінің екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өрке- ниеттің шаруашылық-тұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың әдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мәдени бай- лығы. Ол мыңжылдық тарихымен және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді. Қазақтың құқық- тық жүйесінің тарихын зерттеу қазақ қоғамының өмір тіршілігін және мемлекеттің саяси билік, әлеу-меттік құрылымы маңындағы күрделі мәселелерді анықтауға жол ашады. Қандай құқық болса да қоғамның талаптарына орай туындайды, бұл жағдай қазақ қоғамына қатысты күрделі мәселелерді қарастыруда әдеттік- құқықтық қатынастардың маңыздылығын көрсетеді. Көшпелі мемлекеттердің құқықтық қатынастарды реттеу әрекеті түрлі тари- хи кезеңде өткенімен, оның қызметі және ішкі мәні жақын болды. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы, саяси билік формасы, құқықтық мәдениетінің даму үдерісі ертеден бастау алады. Қазақ- стан территориясында көне дәуірде өмір сүрген тайпалардың және табиғи-дәстүрлі кезеңдегі қоғамдық қатынастар мен құқықтық жүйесінің сипаты қазақ қоғамының өзіне тән құқықтық негіздерінің қалыптасуына ықпалын тигізді. Қазақ құқығының тарихи бастауларын, ең алдымен дағдылы құқық немесе әдет-ғұрып нормалары құрайды. Екінші кезеңде - қазақ әдеттік-құқықтық қатынастарына ықпал жасаған шариғат заңдары. Үшінші - кезең қазақ даласында билік құрған жеке билеу- шілердің құқықтық заң ережелері, «хан жарлықтары». Төртінші кезеңді қалыптасқан дәстүрлі қазақ қоғамының заң шығармашы- лығымен айналысқан билер институты құрайды. Қазақтың құқықтық жүйесін құрайтын дағдылы ережелер алғашқы адамзат қоғамының қалыптасуымен қатар жүрді.
.VІ ғасырда Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардың бірігуі негізінде Түрік мемлекетінің құрылуы, оның іргесін салушы Бумын қағанның мемлекеттің тұтастығын, қоғам мүшелерінің азаматтық құқықтарын қорғаған заң жүйесін қабылдағаны белгілі. 1) Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілер өлім жазасына бұйырылсын; 2) Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына кесілсін; 3) Ру ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілсін; 4) Өзге біреудің әйеліне зинақорлық жасап, ақ некені бұзушылар өлім жазасына бұйырылсын; 5) Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісі өлім жазасына бұйырылсын; 6) Төбелесте мертігудің түріне қарай мүліктік құн төленсін; 7) Ұрланған жылқы үшін құнды мүліктің он есе артық құны төленсін. Осы заң баптары іргесі жаңа қаланған мемлекет үшін ішкі тұтастық және бірлік идеясын қалыптастырған негізгі тетік екенді- гін аңғаруға болады.